Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз ойларын қазақ тілінде еркін айтуға үйренеді.
Қаныш Сәтбаев туралы қосымша мағлұматтар үйреніп, есте сақтайды.
Сабақтың түрі: білімді тиянақтау сабағы
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, диалог, көрнекілік;
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: ребус, сөзжұмбақ, нақыл сөздер, тақта, оқулық, ноутбук;
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет, тарих, физика;
Сабақтың эпиграфы: Ғылым –теңіз, білім - қайық
Сабақтың өткізілу барысы: І-кезең: Ұйымдастыру Амандасу. Психологиялық ахуал туғызу
а) Кезекшілер мәліметі: Бүгін сыныпта кім кезекші?
Бүгін сыныпта кім жоқ?
Бүгін нешесі? Қай күн?
Үйге қандай тапсырма берілді?
ә) Психологиялық ахуал туғызу: ( Сабақтың ұраны)
Қазақ тілі мәртебем, әрқашан мақтан етем.
Қазынасын халқымның, әрдайым құрмет етем.
Қазақ тілдің қыр-сырын, өздеріңе үйретем,
Қуантарлық жауапты өздеріңнен мен күтем.
Сабақты оқимыз, көңілге тоқимыз.
Қазақ тілін үйреніп, қазақша сөйлейміз.
Сөздер үйренеміз, мәнін түсінеміз,
Келешекте әлі біз биікке жетеміз.
Мұғалім: Оқулықты ашайық, тақтаға назар салайық.
Үй жұмысын тексеріп, сабағымызды бастайық
б) Үй жұмысын тексеру: 1. Сәтбаев Қаныш Имантайұлы туралы не білеміз?
2. Презентация арқылы Қаныш Сәтбаев туралы
білімдерін көрсету
3. «Өз орныңды тап» ойынын өткізу. (Қима сөздерден сөйлемдер құрау. Осылайша оқушылар екі топқа бөлінеді. )
Жаңа тақырыпқа көшу: «Ғаламшар» деген ребус шешу.
(немесе адасқан әріптер арқылы сабақтың тақырыбын ашу) Жаңа сабаққа көшу. Ғ ,(қалам суреті) (шар суреті)
ІІ-кезең: Жаңа сабақ: Қаныш Сәтбаев атындағы ғаламшар.
Грамматикалық тақырып: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Мұғалім: Оқушылар, сабағымыздың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?
Мәтінді мәнерлеп оқу.(аудио жазбаны тыңдату және оқушыларға бейтаныс сөздерді жазып отыруы керек.)
Мәтіндегі жаңа сөздермен сөздік жұмысын жүргізу
Достарыңызбен бөлісу: |