Амтхауэр тесті



бет1/9
Дата21.10.2023
өлшемі268 Kb.
#120295
  1   2   3   4   5   6   7   8   9





АМТХАУЭР ИНТЕЛЛЕКТ ҚҰРЫЛЫМЫ
ТЕСТІНІҢ БЕЙІМДЕЛГЕН НҰСҚАСЫ
(әдістемелік құрал)

АЛМАТЫ – 2003 жыл


МАЗМҰНЫ


Кіріспе ...……………….………………………………………………… 3

  1. Амтхауэр тесті жайлы ………………………………………………….. 4

  2. Нұсқаулық (компютерлік нұсқа үшін) ……………………………….. 7

  3. Бейімделген Амтхауэр тестінің нұсқауы мен сауалдамасы …………. 8

  4. Әдебиеттер ……………………………………………………………… 26

  5. Қосымша. Амтхауэр тестінің кілті.

Амтхауэр тесті бойынша ұпайларды Векслердің IQ бірліктеріне жастық топтар бойынша аудару кестелері …………………………….27


КІРІСПЕ


Бұл әдістемелік құралда автоматтандырылған бейімделген Амтхауэр интеллект құрылымы тестіне материалдар берілген. Бейімдеу барысында Амтхауэр тестінің материалдары 1,2, сонымен қатар ҚР ҰҒТО қызметкерлерінің жұмыстары 3-11 қолданылды.
2002 жылы ҚР ҰҒТО психологтары Амтхауэр тестін бейімдеуді және түрлендіруді аяқтады. Тест қазақ тіліне аударылды. ҚР тұрғындарының қазіргі кездегі менталитетін және әлеуметтік мәдени ерекшеліктерін ескере отырып тестік нормаларды тексеру және кейбір тұжырымдарды түрлендіру жұмыстары жүргізілді.
Әдістемелік құралда сауалдаманың түрлендірілген мәтіні қазақ тіліндегі нұсқауымен, кілттері, жаңа тестік нормалар берілген.
Бұл әдістемелік құрал ҚР ҰҒТО жасалып шығарылған компьютелендірілген психологиялық тестерге арналған әдістемелік құралға 3 қосымша болып табылады.
Амтхауэр тесті жайлы

Интеллектуалдық қабілеттіліктер немесе интеллект құрылымын анықтауға арналған Амтхауэр тестін автор (Amthauer R.) алғашқы рет 1953 жылы сипаттаған болатын. Тест 13 пен 61 жас аралығындағы адамдардың интеллект құрылымын бағалауға арналған. Автор мамандық таңдау мәселелері бойынша кәсіби бағдар және кеңес беру үшін пайдалануға болатын әдісті жасап шығару міндетін алдына қойған.


Амтхауэр өз әдісіне интеллектінің мына компоненттерін кіргізді:
а) вербалды интеллект;
б) есеп-математикалық;
в) кеңістіктік түсінік;
г) зейін шоғырландыру және игерген материалды есте сақтау қабілеті.
Автор вербалды әдіске ойлаудың мына негіздерін кіргізді: индуктивті ойлау, абстрактылы ойлау, комбинаторлық ойлау және пайымдауды қалыптастыру.
Жоғарыда аталған интеллект негіздерін анықтау үшін ол 176 тапсырмасы бар 9 субтестіні жасады.
1. Логикалық сұрыптау (LS – Logishe Selektion) – бұл субтест тілді сезінуді, индуктивті ойлауды зерттеуге бағытталған. Міндеті – сөйлемді берілген сөздердің біреуімен аяқтау. Субтест 20 тапсырмадан тұрады. Дұрыс шешімге 1 ұпай қойылады, орындау уақыты 6 минут.
2. Ортақ ерекшелікті анықтау ( GE – Gemeinsamkeiten) – абстракциялау қабілеттілігін зерттеу. Бес сөз беріледі, оның төртеуі әрдайым белгілі шамада біртекті. Артық болып тұрған сөзді табу керек. Дұрыс шешімге - 1 ұпай қойылады. Барлығы 20 тапсырма, орындау уақыты 6 минут.
3. Ұқсастықты анықтау (AN - Analogien) – байланысын анықтай білу, комбинаторлық қабілеттілік. Тапсырмаларда 3 сөзден берілген, бірінші мен екінші сөздің арасында белгілі бір байланыс бар. Үшінші сөзден кейін бос, төменде берілген бес сөздің ішінен алдыңғы екеуінің байланысы сияқты сөзді табу қажет. Барлығы 20 тапсырма. Әрбір дұрыс шешімге – 1 ұпай. Орындау уақыты – 7 минут.
4. Топтастыру (KL - Klassifikation) – пайымдау қабілеттілігі. Сынақ өтушіден екі ұғым үшін не ортақ болып табылатынын жазу талап етіледі. Жалпылау деңгейіне байланысты баға 0 - ден 2 ұпайға дейін қойылады. Барлығы 16 жұп, орындау уақыты – 6 минут.
5. Есептеуге арналған тапсырма (RA - Rechenaufgaben) – математикалық ойлау, арифметикалық қабілеттілік. 10 минуттың ішінде 20 арифметикалық есепті шешу керек. Әрбір дұрыс шешімге – 1 ұпай қойлады.
6. Сандар қатары (ZR-Sahlenreiben) – индуктивті ойлау, сандармен амал жасау. Бұл 20 тапсырмада сандық қатарды жалғастыру қажет. Берілетін уақыт – 10 минут, әрбір дұрыс шешімге қойлатын баға – 1 ұпай.
7. Фигураларды таңдау (FS - Figurale Selektion) – кеңістіктік қиял, фигураларды елестете алу қабілеттілігі. Әрбір тапсырмада бөліктерге бөлінген бір фигура беріледі. Сандармен белгіленген фигуралардың арасынан бөліктерге бөлінген фигураны қосқанда сәйкес келетін фигураны табу керек. Барлығы 20 тапсырма, берілетін уақыт – 7 минут. Әрбір дұрыс шешімге – 1 ұпай қойлады.
8. Кубиктермен тапсырма (WU) – жетінші субтестідегідей қабілеттілік зерттеледі. 20 тапсырманың әрқайсысындағы бір куб сандармен белгіленген кубтардан өзгертіліп орналасқан. Осы өзгертілген күйдегі кубтар “1”, “2”, “3”, “4”, “5” сандарымен берілген кубтардың қайсысына сәйкес келетінін табу керек. Берілетін уақыт – 8 минут, әрбір дұрыс шешімге – 1 ұпай қойлады.
9. Зейін шоғырландыру және меңгергенді есте сақтау қабілеті (МЕ - Меrkaufgaben) – бұл субтестіде есте сақтауға бірқатар сөздер ұсынылады, одан кейін жатталған сөздер кестесіне қарамай, сол сөздерді басқалардың арасынан табу керек болады. Есте сақтауға берілген сөздер кестеде белгілі санаттар бойынша топтастырылған. Мысалы, гүлдер: қызғалдақ, жасмин, гладиолус, қалампыр, немесе жануарлар: зебра, кесіртке, бұқа, күзен, жолбарыс.
Есте сақтауға 25 сөз беріледі. Сонымен қатар, сыналушыға бес сөз қатарынан табу керек жатталған бір сөз кестедегі орынымен сәйкес келуі керектігі ескертіледі. Мысалы, жатталған сөзді табу талап етілетін қатар мынадай: 1) зебра, 2) гладиолус, 3) гравюра, 4) қарлығаш, 5) пышақ. Мұнда дұрыс шешім – “зебра”, ал “гладиолус” сөзі еске сақтау кестесінде екінші қатарда емес, үшінші қатарда тұр, сондықтан оны таңдау қате болады. Еске сақтаған сөздерді іздеу үшін 20 қатар беріледі. Есте сақтауға 3 минут, қайта жанғыртуға 6 минут беріледі. Әрбір дұрыс шешімге – 1 ұпай қойылады.
Амтхауэр тестінің екінші басылымында субтестілердің атын, сондай-ақ олардың әрқайсысының анықтайтын интелект құрылымының компоненттерін біршама өзгертті:
1. Аяқталмаған сөйлемдерге сөз толықтыру – пайымдауды құру және ресімдеу қабілеттілігі.
2. Сөзді таңдау – тілді сезіну.
3. Ұқсастықтар – комбинаторлық қабілеттілік.
4. Жалпы ерекшеліктерді анықтау – абстракциялау қабілеттілігі.
5. Есепке арналған тапсырмалар – практикалық математикалық ойлау.
6. Сандар қатары - теориялық математикалық ойлау.
7. Фигураларды таңдау – қиял, кеңістіктік елестету.
8. Кубиктермен тапсырмалар - кеңістіктік қиял.
9. Зейін шоғырландыру және меңгергенді есте сақтау қабілетілігіне арналған тапсырмалар – белгілі бір ерекшелікті, қасиетті байқау қабілеттілігі.

Амтхауэр сыналушының жекелеген субтестілерді орындау табыстылығы бойынша интеллект құрылымын сипаттауға болады дейді. Ол «ақыл-ой профилін» дөрекі талдау үшін келесіні ұсынады: егер сыналушы алғашқы төрт субтест бойынша ең жоғарғы нәтижелер алса - теориялық қабілеттіктері, ал егер кейінгі бес субтесті бойынша ең жоғарғы нәтижелер алса - практикалық қабілеттіктері дамыған.


Әр субтест төртіншіні есептемегенде 20 тапсырмадан тұрады. Төртінші субтестіге 16 тапсырма кіреді.
Әрбір субтестіні орындау уақыты шектелген және ол 6 - 10 минутқа дейінгі уақытты қамтиды. Бұл тест толығымен 90 минутта өткізілді.
Бланктік тестіні екі экспериментатор жүргізеді: біреуі нұсқауды оқиды, мысалдарды талдайды және уақыт аралығын бақылайды, екіншісі – жауап қағаздарының дұрыс толтырылуын, тест дәптерінің дұрыс парақталуын қадағалайды.
Сонымен, тесті тапсырмалары вербалды және сандық материалдардан, сондай-ақ кескіндерден тұрады. Алдыңғылары сыналушылардан материалдармен біршама логикалық әрекеттер жасау үшін белгілі-бір қажетті білімдер мен ептіліктерді талап етеді. Екіншілері математикалық және кеңістіктік ойлаудың белгілі бір даму деңгейін болжайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет