бар. Тамырдағы қанның көлемі плазмалық ақуыз мөлшеріне байланысты. Тіндегі судың қан
тамырына өтуі үдейді, сумен бірге ондағы еріген заттар мембраналар арқылы қанға, лимфаға
немесе кері қарай тінге өтеді, яғни тіршілікке өте қажет сіңіру, сыртқа шығару процестері қандағы
ақуыз денгейіне де байланысты. Осмостық қысымы қанның осмос қысымына тең тұз ерітіндісі
изотониялық ерітінді
деп аталады 0,85-0,9% Na CL ерітіндісі. Бұл ерітінділер
физиологиялық
ерітінді
деп аталады. Қанға қарағанда тұзы аз болса
гипотоникалық ерітінді
дейді. Мұндай
ерітіндіде су жасушаларға қарай өтетін болғандықтан олар ісініп кетеді және жарылыпта кетуі
мүмкін. Тұз мөлшері қандағы тұз мөлшерінен жоғары болса -
гипертоникалық ерітінді
дейді.
Мұндай ерітінді жасуша құрамындағы су сыртқа шығады да жасуша бүрісіп қалады. Сонымен
осмостық, онкотикалық қысымдар, тіршілік процестердің барысына тікелей әсер етеді. Жасушалар
өлмей қалыпты қызмет атқару үшін осы көрсеткіштер тұрақты болуға тиіс. Адам қанның
осмостық қысымы - бірден-бір тұрақты көрсеткіш. Оның тұрақтылығын күрделі механизмдер
қамтамасыз етеді. Солардың бірі қан және тін иондарымен судың ара-қатынасы. Суды сіңіріп
немесе қанға өткізуде эритроциттердің маңызы зор. Олар судың артығын өзіне сіңіріп бүйрек, тер
бездеріне, өкпе сияқты ағзаларға жеткізеді, яғни эритроциттерді контейнер және тасмалдаушы
ретінде тануға болады. Осмос гомеостазын қамтамасыз ететін арнайы әрекеттік жүйе бар, оның
бөлімдері осмостық қысымның өзгеруіне өте сезімтал келеді.Осмостық қысымды қан мен лимфа
тамырларының және орталық жүйке жүйесі – гипоталамус рецепторлары қабылдайды да
рефлексті түрде иондардың артығы көбіне бүйрек арқылы сыртқа шығарылады, ал иондар қанда аз
болса, олардың бүйректен қанға сіңуі күшейеді.
Қанның реакция көрсеткіші - өте тұрақты гомеостаз көрсеткіштерінің бірі. Мұның үлкен мәні бар.
Реакция көрсеткіші тұрақты болса ғана зат алмасу мен негізгі тіршілік процестер дұрыс бағытта
өтеді. Қанның реакциясы сәл сілтілі. Вена қанында СО2 көбірек, сондықтан оның реакциясы
7,35-7,36; артерия қанында 7,4 - 7,42, яғни сілтілеу келеді.
1)
Қан реакциясын өзгертпей бірқалыпты сақтауда эритроциттер мен плазманың үлкен мәні бар.
Қан плазмасында карбонат, фосфор және ақуыз, ал эритроциттерде Нв буферлік қызмет
орындайды. Нв буферлік ең күшті буферлік жүйе ретінде үздіксіз жұмыс істейді, қанның барлық
буферлік қызметін 75%-ін сол атқарады. Бұл буферлік жүйе Нв мен К тұзынан тұрады. Нв О
2
(оксигемоглабин) мен СО
2
(көмірқышқыл)газды тасымалдап қан реакциясын (рҺ) реттеуге
қатысады.
2)
Қанның карбонаттық буфер жүйесі Нв-нің буфер жүйесінен кейін 2-ші орында Карбонат жүйесі
СО
2
, Na және К бикарбонаттарынан тұрады. Na бикарбонаты көбінесе плазмада, ал К бикарбинаты
эритроциттерде болады.
3)
Фосфаттық буфер жүйесі фосфор қышқылының бір негіздік (Na Н
2
РО
4
) және 2 негіздік
(Na
2
НРО
4
) тұздарынан тұрады. Қанға күшті қышқыл құйылса онымен негізді фосфат (NaН
2
РО
4
)
әрекеттеседі де бейтарап тұз бен бір негізді фосфатқа айналады. Қанға күшті сілті құйылса,
керісінше, ол фосфор қышқылын бір негізді тұзымен әрекеттесіп, фосфор қышқылын екі негізгі
тұзымен суға айналады. Жиналған фосфаттар бүйрек арқылы сыртқа шығарылады.
4)
Ақуыздың буфер жүйесі плазмадағы күшті буферлік жүйелердің бірі. Ақуыздың буферлік
қасиеті оның молекуласындағы қышқыл мен сілтілі топтарына, яғни амфотерлік реакция
беретініне байланысты. Ақуыз қышқыл жерде сілті ретінде қышқыл затпен, сілті жерде қышқыл
ретінде сілтілі затпен әрекеттеседі. Қанның белсенді реакциясының қышқыл жаққа қарай ауысуы
Достарыңызбен бөлісу: