Қан. Қан құрамы, қызметі. Қанның формалық элементтері, олардың қызметі, саны. Қан топтары, резус-фактор. Гемостаз Мазмұны



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата02.12.2023
өлшемі362,23 Kb.
#131742
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Teams

1)
 
Протоплазмасында түйіршігі бар лейкоцит - 
гранулоцит, 
ал түйіршіксіз 
лейкоцит - 
агранулоцит 
деп аталады. Гранулоциттер түйіршіктері 
бояуының түріне қарай: базофиль, эозинофиль, нейтрофиль болып үшке 
бөлінеді. Базофильдің түйіршіктері сілтілі бояумен көк түске, эозинофиль 
қышқыл бояуымен қызыл түске боялады, ал нейтрофиль түйіршіктері сілтілі 
және қышқыл бояумен боялады. Сондықтан оның түсі қызғылт не көкшіл 
немесе бейтарап келеді, түйіршкетері ұсақ болады. Нейтрофиль 
ядроларының пішіні таяқшаға ұқсас болса, 
таяқша ядролы нейтрофиль
деп атайды. Ядросы сегмент тәрізді болса
сегментті (бөлшекті) ядролы 
нетрофиль
дейді.
2)
 
Агранулоциттер қатарына 
лимфоциттер
мен 
моноциттер
жатады.
Лимфоциттердің 
- ядросы дөңгелек үлкен, протоплазмасы жасуша шетінде көгілдір сызықшаға 
ұқсайды. 
Моноцит-
ең үлкен лейкоцит, ядросының пішіні ірі бұршақ тәрізді протоплазмасы ашық көк 
аспан тәрізді, лейкоциттің түрлерінің процентік арақатынасы
 лейкограмма 
немесе
 
лейкоцитарлық формула
деп аталады. Науқаста лейкоциттің жалпы саны және жеке түрінің саны 
да өзгеруі мүмкін. Оның ауру анықтауда маңызы зор.
Лейкоциттердің функциялық маңызы да зор.
1) 
Лейкоциттің ең басты қызметі – қорғаныш қызметі, ол фагоцитоздық қабілеті.
Фагоцитоз 
– жалмау, жұту, қармалап алу, басқаша айтқанда қармалап алатын жасушаны 
қорытады. Фагоцитоз денеге келіп түскен бөгде заттарды, мәселен, микробтарды аяқтарымен 
қармалап алып, ферменттермен қорытады.
2)
Антитоксикалық қызметі – базафиль мен эознофильдер улы заттарды улансыздыратын зат бөліп 
шығарады. 
3)
Иммундық қызметі. Сонымен бірге имунды жасушалар антиденелер бөліп шығарады. 
Антиденелер қорғаныш қызметін атқарады. Лимфоциттер арнайы иммунитет қалыптастырып 
бүкіл денедегі имунитет жайын қадағалайды. Олар улы заттарды, бөгде жасушаларды жоятын 
арнайы жасушалар және плазмалық антиденелер бөліп шығарады. Моноциттер денедегі өлі 
жасушаларды жұтып жаңа жасушаларға орын дайындайды. Сондықтан оларды күзетті тазартқыш 
сыпырғыш деп те атайды. Моноциттер қан тамырынан шыққан соң макрофагқа айналып денеде 
арнайы иммунитет қалыптасуына қатысады, яғни бөгде заттарды жұтып, өзгертіп иммуногендер 
түзеді.
4) 
Ферменттік қызметті - лимфоциттермен бірігіп моноциттер иммундық жауап реакциясына 
қатысады. Моноцит ісікке, вирустарға қарсы (интерферон) зат, лизоцин, эластаза, коллагенды 
ыдырататын ферменттерді де шығарады. Қорыта келгенде, лимфоциттер мен моноциттер 
организмнің арнамалы иммунитетін қалыптастыратын болса, лейкоциттердің бәрі де фагоцитоз 
ретінде бөгде заттарды жұтады, жояды, залалсыздандырады. Базофилмен эозинофилдер қанды 
ұйытпай капиллярлардың өтімділігін күшейтіп, лейкоциттердің тез қимылдап капиллярлардан 
сыртқа шығуына көмектеседі, сөйтіп фагоциттердің бөгде заттармен кездесуіне жағдай жасайды.
Тромбоциттер -
қан пластинкасы, екі жағы дөңес дөңгелекше келген сопақша құрылым. 1 л қанда 
180,0-320,0х10
9
/л. Орта есеппен тромбоцит 8-11 тәулік жасайды. Ол сүйек кемігінде түзеді. Ол 


көптеген ферментерден, лизоцим, адреналин, норадреналин гормондарынан, 11 шақты қанды 
ұйытатын факторлардан тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет