миокард инфарктiмен түстi, бiр апта iшiнде науқастың жүрек тұсындағы ауырсынуы басылды, жүрек шамасыздығының белгiлерi жойылды. ЭКГ: ырғағы синусты, жүректiң электр өсi горизонталь, III, aVF тiркемелерiнде терең, кеңiген Q, терiс Т тiсшесi.
Анамнезiнен 20 жыл бойы аяқтарының тромбофлебитiмен ауыратыны анықталды. Клиникадағы 17 күнi, таңертеңгiлiк жуыну кезiнде, науқаста кенет қатаң ентiгу, кеуде сарайының ауырсынуы, айқын цианоз, жабысқақ суық тер пайда болды.
Об-тi: жалпы жағдайы ауыр, аузымен ауа қармайды, тұншыға бастады. Мойын веналары томпайған, өкпесiнде везикулалық тыныс, тыныс жиiлiгi 40 мин. Жүрек тондары әлсiзденген, ЖЖС140 минутына, өкпе артериясының үстiнде II тонның акцентi. АҚ анықталмады, пульсi өте әлсiз.
ЭКГ: II, III тiркемелерде биiк Р тiсшесi пайда болды; I, aVL, V5, V6 тiркемелерiнде терең S; V1-V3 тiркемелерiнде терiс Т тiсшесi тiркелдi.
58 жастағы әйел кiсi емханаға мына шағымдармен келдi: екi айдан берi мазалайтын жалпы әлсiздiк, тез шаршағыштық, құрғақ жөтел.
Анамнезiнен: емхана дәрiгерi “жедел пневмония” диагнозын қойып, амбулаториялық ем жүргiзген, рентгендiк тексеру тағайындамаған. Мұнан соң да науқас дәрiгерге үш рет дене қызуының 38,50С көтерiлуiне, ентiгуiне, кеуде сарайының оң бөлiгiнiң ауырсынуына, несеп бөлуiнiң бұзылуына шағынып, қаралған. Гинеколог УДЗ аналық безі құрылымында аралық перделерінің айқындалғанын байқаған.
Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта. Салыстырмалы перкуссияда сол өкпенің төменгi бөлiгiнде өкпе дыбысы тұйықталған. Тұйық дыбыс аймағының үстінен тыныс естiлмейдi. Жүрек тондары айқын, ырғақты. Ішінің перкуссиясында бос сұйықтық анықталды.
Қан анализiнде: ЭТЖ 50 мм/сағ., лейк. 12,5х109/л, эрит. 3х1012/л.
Қақырық анализiнде БК табылған жоқ.
Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында сол жақта 6 қабырғадан төмен интенсивтi, гомогендi, жоғарғы сызығы қиғаш жоғарылайтын көлеңке бар.
Достарыңызбен бөлісу: |