Ангиография ( бұл әдіс сирек қолданылады, өйткені күрделі әдістердің біріне жатады, қан кету қарқыны мардымсыз болған кезде және қан тамырының жарақатының сипаты белгісіз болған кезде қолданылады.
Ультрадыбыспен тексеру
Компьютерлік томография, магнитті-ядролық резонанстық томография, магнитті-резонанстық томография. Бұл аталған әдістердің барлығы да қанның құйылған жерін анықтауға бағытталған әдістер.
Қан кетудің классикалық симптомдары:
Қан кетудің классикалық симптомдары:
Шағымдары:
әлсіздік;
бас айналуы, отырған немесе түрегелген кезде;
көз қарауытады, көз алдында «шіркейлер» елестейді;
ауа жетіспеушілік сезімі;
мазасыздану;
жүрек айну;
Объективті белгілері:
тері жамылғысының бозаруы, салқын тер басуы, шеткі аймақтардың көгіс тартуы (акроцианоз);
науқастың қимылының азаюы (гиподинамия);
жүрек соғуының жиілеуі (тахикардия), жіп тәрізді пульс; артериялық қан қысымының төмендеуі;
ентігу;
несеп түзілуінің азаюы;
Лабораториялық көрсеткіштер:
Лабораториялық көрсеткіштер:
Қанның мына көрсеткіштері бағаланады:
Шеткі қан құрамындағы эритроциттер саны. Қан кетудің бастапқы кезінде қалыпты күйде қалуы мүмкін. Кейде, деподағы эритроциттер мобилизациясынан соң көтеріңкі болуы да мүмкін. Қалыпты жағдайда аталған көрсеткіш 4,0-5,0 млн/л тең. Бірақ, кейінірек қан кету жалғаса берсе бұл көрсеткіш эритроцитттерді жоғалту мен аутогемодилюция салдарынан төмендей береді
Шеткі қан құрамындағы гемоглобин аутогемодилюцияға байланысты төмендейді. Қалыпты жағдайда оның деңгейі 125-160 г/л тең.
Гематокрит — формалық элементтер көлемінің жалпы тұтас қан көлеміне қатынасы. Қан кету кезінде төмендейді. Қалыпты жағдайдағы деңгейі — 44-47% тең.
Қанның жеке салмағы. Тәжірибеде сирек анықталады. Қан кету кезінде бұл көрсеткіш төмендейді. Қалыпты жағдайда 1057-1060 тең.
Жоғалтқан қанның көлемін бағалау. Қан кетіп жатқан науқастың жағдайының қатаңдығы мен оны емдеу тактикасы осы жоғалтқан көлеміне байланысты. Оның ішінде айналыстағы қан көлемін анықтаудың маңызы зор. Айналыстағы қан көлемінің құрамына барлық формалық элементтер мен плазма кіреді.