Қан тобын анықтау. Резус фактор анықтау,қан тобының сәйкестігін анықтау.Қан құю техникасы. Қан кетуді тоқтату.Қан кетудің анықтаудың барлық түрлері


Тақташаның 6 ұяшығында да аглютинация болған жағдайда



бет4/11
Дата18.09.2022
өлшемі1,22 Mb.
#39435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

15. Тақташаның 6 ұяшығында да аглютинация болған жағдайда

16. Қолғапты шешіп КБУ-ға тастаңыз

Қан тобын анықтағанда болатын қателер.

1. Аглютинация реакциясы жоқ болған кезде оны бар деп санау. Бұл жағдай сарысумен қан тамшысының кеуіп кетуінде, бөлмеде салқын болса (температура 12 С төмен болса) байқалады.

2. Аглютинация реакциясы бар болған кезде оны жоқ деп санау. Бұл жағдай үлкен қан тамшысы алынса, сарысулардың титрі мен белсенділігі төмен болса (нормада 1:32 немесе 1:65 болуы керек), бөлмеде ыстық болса (температура 28 С жоғары болса) байқалады.

Қателіктердің алдын алу.

1. Жаңадан дайындалған сарысуларды қолдану, жарамдылық мерзімін тексеру.

2. Қан мен сарысулардың бір біріне болған 1:10 есебінде қатынасуын қадағалау.

3. Сарысуларды дұрыс сақтау (тоңазытқыштарда), бөлмеде температураның 15-25 С болуын қадағалау.

4. Агглютинация реакциясын 5 минут бойы күту.

5. Медициналық құрал жабдықтарды, мақталы шариктарды № 408 бұйрыққа сәйкес залалсыздандыру.

Резус-факторды анықтау.

Керекті құрал жабдықтар.

1. Универсалды антирезус реагент.

2. Пробиркалар.

3. Пастер пипеткасы.

Натрий хлоридының изотониялық ерітіндісі (физ р-р).

Анықтау техникасы.

1. Пробирканың түбіне пипеткамен 2 тамшы стандартты антирезус реагент және 1 тамшы тексерілетін қанды тамызыңыз.

2. Екеуін араластырыңыз, пробирканы сілкуге болмайды. Пробирканы жайлап горизонталды қалыпқа дейін келтіріп, ішіндегін қабырғалар бойы ағызу керек.

3. 3 минут бойы пробирканы осылай қозғап тұрамыз.

4. Сонан соң пробиркаға 2-3 мл натрий хлоридының физиологиялық ерітіндісін құямыз.

5. Егер пробиркада агглютинация реакциясы жүріп, түбінде жапырақша тәріздес тұнба пайда болса және бетіндегі ерітінді мөлдір болып келсе, бұл қан резус оң мәнді болып саналады.

Егер пробиркада агглютинация реакциясы байқалмай, ерітінді сары-қызғыштау түске боялса (тұман тәрізді), бұл қан резус теріс мәнді болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет