Қан туралы мәлімет



бет3/4
Дата14.11.2022
өлшемі1,62 Mb.
#49923
түріҚұрамы
1   2   3   4

Қан плазмасы

  • Қан плазмасы (қан сарысуы) - қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі. Егер қанды ыдысқа құйып тұндырса, ыдыста 3 қабат айқын білінеді. Соның ең үстіңгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты плазма. Ал астыңғы қызыл түсті қабаты - қан жасушалары. Плазманың құрамында 90-92% су; 7-8% нәруыз (белок); 0,12% глюкоза; 0,7% май; 0,9% тұз болады. Бұлардан басқа сүтқышқылы, ферменттергормондар бар. Плазмадағы нәруыздар (7-8%) 3 топқа бөлінеді: альбуминдер (4,5%); глобулиндер (1,7-3,5 %) және фибриногендер (0.4). Фибриноген нәруызы қанның ұюына қатысады. Құрамында фибриноген нәруызы болмайтын қан сарысуы сарысу деп аталады .

Қан жасушалары.

  • Қан жасушалары. Қан жасушаларына - эритроциттер (қанның қызыл түсті жасушалары), лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады Қызыл денешіктер - эритроциттер, ағы - лейкоциттер. Жасушалар арасында тромбоциттер бар.

ПЫСЫҚТАУ СЫЗБАЛАРЫ

  • су - 90 -92 %
  • нәруыздар - 7-8 %
  • глюкоза, майлар, минералды тұздар - 2%
  • Қан плазмасының құрамы

Плазманың құрамы

  • глобулиндер (бактериялардан қорғайды)
  • Альбуминдер
  • (су мөлшерін
  • реттейді)
  • фибриноген
  • (қанды ұйытады)
  • Қан плазмасындағы нәруыздар

Гемоглобин дегеніміз не?

  • Эритроциттердің тіршілік ұзақтығы, шамамен, 120 күн, содан кейін олар көкбауырда немесе бауырда бұзылады. Қоршаған ортада оттек концентрациясының төмендеуі қандағы гемоглобин мен эритроциттер санының артуына соғады, ағзаның бейімделгіш маңызы артады. Гемоглобин иіс газымен қосылып карбокси-гемоглобин берік қосылысын түзеді, бұл адам өміріне қауіпті.

Эритроциттердің құрылысы. Эритроциттер (грекше «еrythros» — қызыл) қанның қызыл түсті ядросыз жасушалары. Жаңадан түзілген эритроциттерде ядро байқалады да, кейіннен жойылып кетеді . Қанның басқа жасушаларына қарағанда салмақтырақ болғандықтан, ыдыстың ең түбіне тұнады. Эритроциттердің пішіні - ортасы қысыңқы табақша тәрізді, жиегі қалың, ортасы жұқарған тиынға ұқсайды. Пішінінің мұндай болуы олардың беткі көлемін үлкейтеді. Эритроциттер өздігінен қозғалмайды, тек қан сұйықтығының ағынымен жылжиды .

  • Эритроциттердің құрылысы. Эритроциттер (грекше «еrythros» — қызыл) қанның қызыл түсті ядросыз жасушалары. Жаңадан түзілген эритроциттерде ядро байқалады да, кейіннен жойылып кетеді . Қанның басқа жасушаларына қарағанда салмақтырақ болғандықтан, ыдыстың ең түбіне тұнады. Эритроциттердің пішіні - ортасы қысыңқы табақша тәрізді, жиегі қалың, ортасы жұқарған тиынға ұқсайды. Пішінінің мұндай болуы олардың беткі көлемін үлкейтеді. Эритроциттер өздігінен қозғалмайды, тек қан сұйықтығының ағынымен жылжиды .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет