Қан плазмасы –қанның, шамамен 55-60% көлемін құрайтын мөлдір, түссіз сұйықтық. Оның құрамында 90 -92 % су, 7-8 % нәруыздар, шамамен 2% глюкоза, майлар, минералды тұздар, т.б. болады. Осмос қысымына байланысты су жасуша мембранасы арқылы қанға өтеді де, қан мен ұлпа арасында зат алмасу жүзеге асады. Плазманың 70% - дан астамы 1 минут ішінде ұлпа сұйықтығымен алмасады.
Қан жасушалары мен қан құрамы (Қанның боялған препараты)
Қан топтары туралы
Қан топтары .1900жылы-бір адамның қанының екінші адамға сәйкес келе бермейтіні анықталды.1901жылы австриялық ғалым К.Ландштейнер қанның үйлеспеушілігін зерттеу негізінде адам қанының 4-тобын ашты.Олар: Эритроциттердің бірігіп қалуын аглютинация деп атады. Донор-қан беретін адам.Реципиент-қанды қабылдайтын адам.Егер донор мен реципиенттің қаны сәйкес келмесе қан үйлеспейді.