Ана –өмірдің шуағы. Жүргізуші


Барлық ұлттың өкілдері жанасып



бет5/5
Дата21.10.2023
өлшемі28,99 Kb.
#120119
1   2   3   4   5
Барлық ұлттың өкілдері жанасып,
Асырайық іс-жүзінде Тіл заңын
Әдеби монтаж:
Нұрасыл. Жасампаз жыр әнім ,
Өзіңсің ғажапстан.
Өсиет ұраным,
Отаным Қазақстан,


Нұрсая. Дос болайық бәріміз,
Жарсып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.


Мағжан. Сары,ақпыз,қарамыз,
Бәрімізде баламыз.
Бір Отанда тұрамыз,
Бір бақшаға барамыз.


Ән: «Дос болайық бәріміз»


Жүргізуші: Қазақ елі қашаннанда жыр елі,
Тарихында тұлғалар көп киелі.
Қазақстан аясында бұрыннан,
Бірнеше ұлт өмір сүреді.
Орыс биі
Жүргізуші: Отаным ордасы ғой игіліктің,
Көңіліне күн орнатқан күлкі жұрттың.
Шаңырағы кең биіктен Отанымның,
Баянды бағы өрлеген әрбір ұлттың.


Әдеби монтаж:
Диас. Біз балдырған тең басқан ,
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз әділдік,
Ашық болсын кең аспан.
Сержан. Досты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.


Жүргізуші:
Сәбилер зәресін бұлт алмасын,
Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.
Ақ көгершін аспанымда қалықтап,
Барлық халық бейбіт күнді қолдасын.
Осындай кең байтақ Республиканың егінді даласы, күміс шашқан көлдері, кенге байтақ өнері, малға толы өрісі, Қазақстан Республикасың болашақ ұрпағы, келешек азаматтары, сендерге өсиет болып қалады.
Елбасының «Қазақстан 2030 бағдарламасында «Қазақстан келешекте дамыған мемлекеттердің біріне айналу үшін мұнда тұратын барлық халықтар өзара достығы мен бірлігін нығайтып, сапалы білім , саналы тәрбие алуға құлшына алу керек делінген»
Осымен мерекелік кешімізді аяқтаймыз.Көріп тамашалағандарынызға көп рахмет
Тәуелсіз ел-Қазақстан.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет