Мақсаты: Балалардың бірлік,ынтымақтастық,достық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Суреттер,шарлар,ұлттық костюмдер ,гүлдер
(Әнұран орындалады) Жүргізуші: Бірлікпен ынтымағы халықтың, Көгімізде жарқыраған жарық күн. Ырыс дәулет бақыты үшін халқымның, Жайнай берсін,жайнай берсін алтын күн.—дей келе Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлік,достық, ынтымақ» атты мерекелік кешімізді тамашалауға шақырамыз.
1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні . 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың фенонемі- Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше ,саяси маңызы зор құрылым. Қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекен етеді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап,солақай саясаттың құрбанына айналып , елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.
Әдеби монтаж: Назгұл Мамырдың бірі, достық күні, Ән салып билеген халықтар үні. Тұтасып тойлаған ұлттар, Кермет мереке мамырдың бірі.
Ерсұлтан. Бейбібітшілік ұраны , Жарқыраған алтын күн Ән қанатты қыраны, Еркіндігі халқымның.
Нұрай Дос болып турли халықтар, Жасайтұғын ғасырмын. Бақыт шымын әлемге, Ұмытылмас асылмын. Жүргізуші: Бір-бірімен тату-тәтті тұрады, Бірінің де Қазақстан тұрағы Туған жерге тебіренген сәттерде, Ағаларда өлең жырдың бұлағы. Би: «Қара жорға»
Жүргізуші: Алтын бесік-ағайын,жұрт туғаным, Дос байыса қыза түсер думаның,