«Артық білім кітапта...» Кітап маған тақтан да қымбат Шекспир
2) Қазақтың тілі соншалықты мол. Ләкин қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе. Ыбырай Алтынсарин
3) Жақсы кітап оқымайтын адамның кітап оқи алмайтын адамнан еш артықшылығы жоқ. Марк Твен
4) Кітаптың бір мақсаты – агитация десек, кейбір шарттарды орындай отырып, оны да жүргізуге болады. Болмаса желігіп отырған жеңіл қолмен жазып жiберген жарнама дейді. Мұхтар Әуезов
5) Білген, көрген болмысынан туған шындық кітабы болып шыға алса, содан арғы зорғы мұраты жоқ. Мұхтар Әуезов
6) Оқып шыққаннан кейін оны өзім де жаза аламын деген ойға салатын кітаптар ең жақсылары болып табылады. Блез Паскаль
7) Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін - еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл. Нұрсұлтан Назарбаев