«Ана тілім – айбарым»


«Бақытым бар үшінші Отан деген..»



бет4/7
Дата09.05.2022
өлшемі31,62 Kb.
#33487
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Даналардан шыққан сөз

«Бақытым бар үшінші Отан деген..»

1) Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың әкең қымбат.
Туып-өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат.

Қазыбек Келдібекұлы



2) Отан үшін отқа түс - күймейсің.

Бауыржан Момышұлы



3) Отаныңнан қанша шақырым ұзақтасаң,
Сонша шақырым рухани жақындай түсесің.

Қадыр Мырза Әли



4) Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен үркер күшім жоқ - деп ер қайратыңа мін дағы, өрге бас.

Мұхтар Әуезов

5) Қағаны - батыр, ақылгөйі - кемеңгер елдің бағы жанады.

Тоныкөк


6) Қаған парызы - халқының қарнын тойғызып, мерейін өсіріп отыру. Түнде - ұйқы көрмедім, күндіз - күлкі көрмедім; қызыл қаным төгілді, қара терім сөгілді; күшімді сарқа жұмсадым, жауға да шаптым құрсанып - бәрі елім үшін!

Тоныкөк


7) Елін сүйген жауынгер ер болады.

Бауыржан Момышұлы



8) Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Нұрсұлтан Назарбаев



9) Ылғи да Отаныма қайту ойында жүремiн және соған жету үшiн тырысамын. Демек, атамекенiмдi құтқару үшiн күресемiн.

Мұстафа Шоқай



10) Адал адам Отанын сүйеді, адал, ақ жүрекке Отан — анасындай. Отанның дегенін істеу — қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты, әсіресе біздегі махаббатты өлшеуге болмайды.

Баубек Бұлқышев



11) Отанға деген сүйіспеншілік қана соғыс кезіндегі өлімді моральдық тұрғыдан ақтап, соғыс ісінің адамгершілік негізі бола алады.

Бауыржан Момышұлы



12) Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім.

Дінмұхамед Қонаев

13) «Қайда кеттінің ауылы» деген де ауыл болады.
Сырым Датұлы

14) Елің үшін - мақтан, елің үшін - қайғыр.
Ғабит Мүсірепов

15) Еліңе опасыздық - туған анаңа опасыздық.
Ғабит Мүсірепов
16) Туған елімді, туған жерімді жамаңдай алмаймын - бірақ жаным ашынғандықтан ашынған сөз ауызға түседі.
Ғабит Мүсірепов

17) Қазақ жері - мал кіндігі: мұнда бұрын-сонды қай жұрт жүрсе де мал баққан.
Әлихан Бөкейханов

18) Ханның көркі - ел.
Шернияз Жарылғасұлы

19)Жер десе дірілдемей болмайды: жер мәселесі - негізгі өмір мәселесіңің ең зоры.
Әлихан Бөкейханов

20) Отанды, ұлтты, әдебиетті, оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ. Тынымсыз, жанашыр, табанды әрекет керек.
Шерхан Мұртаза

21) Ұлтсыздық - отансыздықтың белгісі.
Шерхан Мұртаза

22) Иесі жоқ жер жетім.
Мақал - мәтел

23) Ер - туған жерге, ез - тойған жерге.
Мақал - мәтел
24) Егесіз ел азар, иесіз жер тозар.
Мақал - мәтел

25) Адамға талай жерді көрген артық,
Танысып әркімдерді білген артық.
Мысырға патша болып тұрсаңдағы,
Болмайды туып-өскен жерден артық.
Шал Құлекеұлы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет