Ана тілім – айбыным



Дата28.04.2023
өлшемі13,21 Kb.
#87893
Байланысты:
ЭССЕ. АНА ТІЛІ


Ана тілім – айбыным
Қазақ халқының асыл мұрасы, ұлттық құндылықтарының бірі – ана тілі. Ана тілім – халқымыздың мәдени, рухани байлығы. Ата-бабамыздан ұрпаққа мұра болып қалып отыратын аса құнды байлығымыз. Адамның қолындағы дүниесі, асыл заттары уақыт өте келе ескіріп, азайып, жоғалады, құнын жояды. Ал, ана тіліміз ұлтымызбен бірге өмір сүретін, әр адамның санасында, жүрегінде мәңгі қалатын байлығы.
Менің ана тілім – қазақ тілі. Анамның сүтімен дарыған қасиетті тілім. Ана тілімнің құдіретін, асқақтығын, айбынын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Себебі, анамыздың сүтімен келген, ата-бабамыздан мұра болып қалған ұлттық тіліміз қаншалықты бай болса, ұлтымызда бай. Ана тіліміз арқылы ұлтымыздың сан ғасырлық тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі сақталып, келер ұрпаққа жетіп отырады. Ана тілім арқылы айналаны танып, білім алып, ұлтыма қызмет ете аламын. Ана тілім арқылы қазағымның айбынды, рухты ақындарының өлең-жырларын оқи аламын. Ана тілім арқылы өз еліме, туған жеріме махаббатымды, сүйіспеншілігімді білдіре аламын. Ана тілімде ұлтымның тарихын танып, салт-дәстүрімді сақтай аламын. Ана тілімде жақын жандарыма жылы сөзімді арнай аламын. Осының бәрі ана тілімнің маған берген шексіз мүмкіндіктері. Мен өз елімді, өз тілімді мақтан етемін, қадір тұтамын. Өз ана тілімде сөйлеу менің міндетім. Ана тілімді қадірлеу, айбынын асқақтату парызым.
Ана тілім – қазақ тіліне деген құрметім ерекше. Ана тілімізді биікке көтеру, әлемге таныту жүрегі «қазақ» деп соққан әр адамның иіндеті деп ойлаймын.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! — деп ақын Қадыр Мырза Әли атамыз айтқандай, өзге ұлттың тілін, мәдениетін біліп, бірақ өз тілімізде еркін, таза сөйлеп құрметтеуіміз керек деп ойлаймын. Ана тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет