\«Анафилаксиялық шок кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету»



бет1/4
Дата11.06.2023
өлшемі23,1 Kb.
#100565
  1   2   3   4



\«Анафилаксиялық шок кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету»
Анафилактикалық шок аллергиялық реакцияның ең ауыр түрі болып саналады. Өмірге қауіп акелетін аскыну болып саналады.
Анафилактикалық шок жалпы көріністердің: қан қысымы және дене температурасының төмендеуі, орталық жүйке жүйесі, тыныс алу және жүрек-қан тамыр жүйесі қызметінің бұзылуларының жылдам дамуымен сипатталады. Дәрілерді парентералды егу кезінде шоктың белгілері 1 сағатқа жетпей, ал күре тамырға енгізілгенде алғашқы минуттарында дамиды. Алғашқы белгілеріне мазасыздану, қорқу сезімі, бас ауру, бас айналу, құлағының шуылдауы, мұздай тер басу, ентігу, кеудесінде қысылу сезімі, жөтел (көмейдің ісінуі нәтижесінде), тырысулар, тері жамылғылары түсінің өзгеруі, асқорту жүйесі қызметінің бұзылулары жатады.
Себептері: дәрілік заттарға жоғары сезімталдық. Кез келген дәрілік зат аллергиялық реакцияға алып келуі мүмкін, әсіресе жиі антибиотиктер, сарысулар, ақуызды препараттар, гормондар, вакциналар алып келеді.
Алдын алу: препаратты алғаш рет енгізуден алдын пациенттің аллергиялық анамнезін анықтау, антибиотик және сарысуларды енгізуден алдын аллергиялық сынама жүргізу.
Емі: аллергиялық реакция көріністеріне байланысты болып келеді, дәрігердің тағайындауларын орындау. Анафилактикалық шок дамыған жағдайда медбике дәрігерге дейінгі көмекті көрсетуі тиіс.


Негізгі дәрілік заттардың тізбесі

  • эпинефрин (адреналин) 0,18% – 1,0 мл, ампула – 1 қаптама (бірінші қатардағы препарат);

  • гидрокортизон 25 мг, ампула – 2 қаптама; натрий хлориді 0,9% – 400 мл, құты – 5 құты 5 мл – 5 ампула;

  • сальбутамол (вентолин) аэрозоль – 1 құты; этил спирті 70% – 50 немесе 100 мл – 1 құты;

ММБ тізбесі

  • инфузия үшін жүйе – 2 дана;шприцтер 2, 5, 10, 20 мл – 5 данадан;стерильді қолғаптар – өлшемдері 7-8-2 жұп;бұрау;инъеция үшін спиртті салфеткалар – 10 дана;лейкопластырь;

  • тонометр, фонендоскоп;қалақша;тіл ұстағыш;оттегі;ауа өткізгіш;ауыз кеңейткіш;Амбу қабы;

  • ӨЖЖ аппараты; трахеяны интубациялау жинағы (бар болса); «небулайзер» аппараты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет