А.Сол жақ сан сүйегінің ортаңғы 1/3 жарықшақтық жабық сынығы.Травматикалық шок І дәреже. Сары аймақ. В.Сол жақ сан сүйегінің ортаңғы 1/3 винт тәрізді жабық сынығы.Травматикалық шок ІІ дәреже. Қызыл аймақ.
С. Сол жақ сан сүйегінің ортаңғы 1/3 қиғаш жабық сынығы.Геморрагиялық шок ІІ дәреже. Сары аймақ.
Д. Сол жақ сан сүйегінің ортаңғы 1/3 көлденең жабық сынығы.Анафилактикалық шок ІІ дәреже. Жасыл аймақ.
Е. Сол жақ сан сүйегінің ортаңғы 1/3 қиғаш-көлденең жабық сынығы.Травматикалық шок ІІ дәреже. Қызыл аймақ.
12. Семей қаласының ЖМЖА қабылдау бөліміне 25 жастағы жігіт түсті.Жолдан өту кезінде автокөлік қаққан. Қарап тексеруде: жалпы жағдайы өте ауыр. Тежелген. Глазго шкаласы бойынша 10 балл. Мұрыннан тоқтамай қан ағуда. Жақ сүйегінің оң жақ аймағында көлемді сызат, оң жақ самай сүйегі аймағында гематома. Оң жақ 7-8-9 қабырға аймағында айқын деформация және гематома.Ісіну және көлемді гематома, пальпация кезінде ауырсыну, оң жақ сан аймағында крепитация, патологиялық қозғалыс анқталмады.Терісі бозғылт, акроцианоз. Тынысы беткей, мин 40 рет. Өкпе аускультациясы кезінде сол жақ бөлігінде тыныс естілмейді. Жүрек тоны тұйық, ырғақты. Жүректің абсолютты тұйықтығының перкуторлы шекарасы оңға ығысқан. Пульс мин 110 рет. АҚҚ 80/30 мм.с.б. Іші қатайған, бауыр аймағында және оң жақ мықын аймағында айқын ауырсыну, қасаға аймағында 2,0*3,0 см гематома, кенеттен ауырсыну. Зәрінде қан.ЖҚА: орташа дәрежелі анемия көріністері. ЖЗА:түсі-қою сары, мөлдірлігі-толық емес, белок-теріс, эритроциттер-макрогематурия. Диагноз қойыңыз?
А.Политравма (жабық бас ми жарақаты, бас миының зақымдануы, оң самай бөлігінің гематомасы, мұрын сүйектерінің сынығы,жабық асқынған оң жақ 7-8-9 қабырғалардың сынығы, оң жақ санның жұмсақ тіндерінің зақымдануы, іштің жабық жарақаты (бауыр зақымдануы). Құрсақ ішілік қан кету. Травматикалық шок ІІ дәреже. В.Политравма (жабық бас ми жарақаты, бас миы шайқалуы, оң самай бөлігінің гематомасы, мұрын сүйектерінің сынығы, жабық асқынған оң жақ 7-8-9 қабырғалардың сынығы, гемопневмоторакспен, оң жақ сан сүйегінің ығыспаған жабық сынығы, іштің жабық жарақаты (бауыр зақымдануы, көкбауырдың жыртылуы). Құрсақ ішілік қан кету. Травматикалық шок ІІ дәреже.
С. Политравма (жабық бас ми жарақаты, бас миы шайқалуы, оң самай бөлігінің гематомасы, мұрын сүйектерінің сынығы, жабық асқынбаған оң жақ 7-8-9 қабырғалардың сынығы, оң жақ сан сүйегінің ығыспаған жабық сынығы, іштің жабық жарақаты (бауыр зақымдануы, көкбауырдың жыртылуы). Құрсақ ішілік қан кету. Травматикалық шок ІІІ дәреже.
Д. Политравма (жабық бас ми жарақаты, бас миы шайқалуы, оң самай бөлігінің гематомасы, мұрын сүйектерінің сынығы, жабық асқынбаған оң жақ 7-8-9 қабырғалардың сынығы, гемопневмоторакспен, оң жақ сан сүйегінің ығыспаған жабық сынығы, іштің жабық жарақаты (бауыр зақымдануы). Құрсақ ішілік қан кету. Травматикалық шок ІІІ дәреже.
Е. Политравма (жабық бас ми жарақаты, бас миы шайқалуы, оң самай бөлігінің гематомасы, мұрын сүйектерінің сынығы, жабық асқынған оң жақ 7-8-9 қабырғалардың сынығы, оң жақ сан сүйегінің ығыспаған жабық сынығы, іштің жабық жарақаты (бауыр зақымдануы, көкбауырдың жыртылуы). Құрсақ ішілік қан кету. Травматикалық шок ІV дәреже.
13. Жол көлік апатынан кейін ер адам бетінде көкірек аралықтың үдеуші эмфиземасының белгілері байқалады. Кеңірдек және ірі бронхтардың зақымдалу күдігі бар. Қандай құтқару әрекеттері бар? Оларды ретімен орналастыр.