Анафилактикалық шок



Дата16.12.2022
өлшемі199,21 Kb.
#57725
Байланысты:
анаф шок (копия)

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

Тақырыбы:Анафилактикалық шок

Жоспар

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Анафилактикалық шок
  • Этиологиясы
  • Патогенез
  • Клиникалық көрінісі
  • Жедел көмек көрсету ;
  • ІІІ.Пайдаланған әдебиеттер

Анафилактикалық шок

  • Анафилактикалық шок- ағзаға аллергендер енгенде жедел түрдегі аллергиялық реакцияны тудыратын, қанайналым, тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарымен сипатталатын, жіті дамитын, өмірге қауыпты патологиялық үрдіс.

Этиологиясы

Анафилактикалық шок әртүрлі аллергендер әсеринен пайда болуы мүмкін: дәрілік, тағамдық,жұқпалы және т.б

Көбіне дәрілік аллергендер болады,әсіресе пенициллин,сулфаниламидтер,пиразолон туындылары (анальгин,амидопирин, реопирин),новокаин, в тобындағы витаминдер,с витамині,аминазин,йодиттер,кортизон,белок гидролизаттары.

Нәрестелерде тағамдық аллергендер де (жұмыртқа,сүт балық,жаңғақ) анафилактикалық шок беруі мүмкін. Суыққа сенсибилизациясы бар адамдарда жылы жерден суыққа шыққан кезде шок дамуы байқалады.

Патогенезі

  • Анафилактикалық шок жалпы аллергиялық реакцияның жедел І типіне.Анафилактикалық қарсы денелер тері,кейбір тіндер мен ағзаларға жабысуы мүмкін. Денеге антигеннің жеткілікті мөлшері түскенде спецификалық антиген-антидене реакциясы дамиды,бұл «шок нысаналарына» (тамыр,нерв,миокард,өкпе,тері,асқазан,ішек,т.б)әсер етеді. Реакция салдарынан тін клеткалары мен сұйық тіндік орталарда зат алмасулары күрт бұзылып,протеолитикалық ферменттер белсеніп,мес клеткалардан биологиялық белсенді заттар (гистамин,гепарин,серотонин,жай әсер ететін субстанция,т.б)бөлініп шығады.

АШ түрлері


Гемодинамикалық
Церебралдік
Асфиксиялық
Абдоминалдік
Типикалық
Тромбоэмболиялық

Анафилактикалық шок дамуының 2 фазасы

  • Шоктың эректильді фазасы: 20-30 минутқа созылады, екі түрлі синдром көрінісімен өтеді.
  • Церебралды
  • Кардиоваскулярлы
  • Торпидті фаза: Шоктың барлық негізгі патогенетикалық механизмінің қосылуымен ерекшеленеді, бірнеше сағатқа созылатын, көмек көрсетпеген жағдайда өлімге әкелетін фаза.шоктың торпидті фазасы 3 аурлық дәрежеден тұрады.
  • Шоктың I дәрежесі;
  • Шоктың II дәрежесі;
  • Шоктың III дәрежесі;

Шоктің диференцияльды сатысында Альговер критерийі (пульс жиілігі мен систолалық АҚҚ арасындағы қатынас) көмектеседі:

  • Шоктің диференцияльды сатысында Альговер критерийі (пульс жиілігі мен систолалық АҚҚ арасындағы қатынас) көмектеседі:
  • Қалыптыда Альговер критерийі – 0,5;
  • Шоктың I дәрежесінде 1,0-ге дейін;
  • Шоктың II дәрежесінде- 1,0-ден 1,5-ке дейін;
  • Шоктың III дәрежесінде-1,5 –тен жоғары.

Шұғыл көмек

  • Ағзаға аллергендердің ары қарай түсуін тоқтату;
  • Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру, таза ауаның келуін қамтамасыз ету;
  • Науқасты аяғын көтерген күйде Тренделенбург қалпына келтіру, тілін артқа кетуінің алдын алу үшін басын бүйіріне қарату, асфикция, құсық массаларымен аспирация болдырмау үшін төменгі жақты алға тарту;
  • Оттегімен емдеу;
  • Аллерген парентеральды енген жағдайда 0,1% адреналин ертіндісімен 0,1мл/ жасына сәйкес мөлшерде 5,0 мл натрий хлориді изотониялық ертіндісіне араластырып аллерген енген жерді айналдіріп егіп шығады;

Шұғыл көмек

  • Науқасты Тренделенбург қалпына келтіру: аяқ басын көтерген күйде, басын бүйіріне қаратып, тілін артқа кетуінің алдын алу үшін, асфиксия, құсық массалары мен аспирация болдырмау үшін төменгі жақты алға тарту, таза ауаның келуін қаматамасыз ету. Оксигенотерапия жүргізу.
  • Ағзаға аллергендердің ары қарай түсуін тоқтату: аллергендерді парентеральды енгізу:
  • — аллерген енгізген жердің жоғарғы бөлігіне артерияны қыспайтын етіп, 30 минутқа жгут салу ( əр 10 минут сайын жгутты бір-екі минутқа босатып отыру қажет);
  • — «крест тəрізді» инъекция орнына ( шағу) 0,18 % эпинефрин ертіндісін 0,5 мл 5,0 мл изотониялық ертінді натрий хлориді 5,0 мл жəне мұз қояды

Симптоматикалық ем

  • Артериалды гипотензияда циркуляциядағы қан көлемі қабынуынан кейін вазопрессорлы аминді, систолалық АҚҚ>90 мм.с.б. келгенше көктамырға титрлеп енгізеді.
  • Допамин көктамырға тамшылатып 4-10 мкг/кг/мин, 15-20 мкг/кг/мин жылдамдықпен (200 мг допамина 400 мл 0,9% натрий хлориді ) аспау керек – инфузионды минутына 2-11 тамшы жылдамдықпен енгізеді.
  • Тыныс қызыметін, жүрек – қан тамыр жүйесінің жағдайын (жүрек жиырылу және АҚҚ өлшеу) міндетті түрде бақылау !
  • Ауруханаға жатқызу көрсеткіштері: науқасты реанимация және қарқынды емдеу бөліміне жатқызу.

Пайдаланған әдебиеттер

  • https://diseases.medelement.com/disease/12993?ysclid=lau3ab5ln1562338349


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет