«Хэйлибэри» халықаралық мектебінің оқу жоспары оқытудың британдық
стандарттарына негізделген, бірақ Қазақстандағы білім беру жүйесіне
бейімделген. Оқу жоспарына «Қазақ тілі», «Орыс тілі» сияқты пәндер, «Қазақ
әдебиеті», «Қазақстан тарихы», «Қазақстан географиясы» және «Орыс
әдебиеті» кіріктірілген курстары енгізілген.
Оқыту мерзімі «Key Stages» (бұдан әрі – KS) деп аталатын буындарға
бөлінген. Мысалы, 9-сынып оқушылары KS3 оқытудан өтеді, 10 және 11-
сыныпты қамтитын оқытудың келесі буыны KS4. KS4 пәндерді таңдау бойынша
оқыту мүмкіндігін береді. Осы екі жыл оқу курстың соңында IGCSE (11-
сыныптың соңында Ұлыбританияның барлық оқушылары тапсыратын GCSE
емтиханының халықаралық версиясы болып табылатын Орта білім туралы
халықаралық аттестат) маңызды емтиханын тапсыруға бағытталған.
2015-2016 оқу жылында «Haileybury» мектебінде алғаш рет IGCSE таңдауы
бойынша пәндер ұсынылады [40]:
Өнер: «Өнер және Дизайн» IGCSE бағдарламасы жеке реакциясы мен
елестету, сезімталдық, тұжырымдамалық ойлау, зейіндік және аналитикалық
қабілеттерін дамытуға бағытталған. Оқушыларға сызбалар, гравюра, графика,
коллаж сияқты шығармалары мен тиісті материалдарымен жұмыс жасау
ұсынылады.
Кәсіпкерлік: Курстың бірінші бөлігінде оқушылардың назары шағын
бизнеске аударылуы керек. Оқушылар курс бойына бизнестің шағын ЖК үлкен
корпорацияға дейін қадамдық өсуін біледі, бизнесті басқару және
қызметкерлерді ынталандыру, тұтынушыларды тарту және пайда табу үшін
қаржыны пайдалану жан-жақты зерделейді.
Аталған курс қолданыстағы бизнеспен танысуды қамтиды, білім
алушының креативтілігін, өз идеяларын ұсыну және оны жүзеге асыру
мүмкіндігін дамытады. Бизнес пен менеджментті, экономиканы оқу үшін
70
кәсіпкерлік, егер оқушы болашақта бизнеспен айналысуды жоспарласа,
идеалды старт береді де, жақсы кіріспе болып саналады.
Мектепте «Дизайн және Технология» пәнін оқыту балаларды жоғары
технологиялардың тез дамып жатқан әлеміне дайындайды.
Сабақ үстінде оқушылар әртүрлі бұйымдарды талдауды және қолдануды
үйренеді. Олар дизайнерлік үрдіс пен бұйымдарды өңдеу саласында арнайы
білімдерін қалыптастырады.
Бұл пән зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытады және
оқушылардың сын тұрғысынан ойлау мен қойылған міндеттерді шешу сияқты
қасиеттерін ашуға көмектеседі; сонымен қатар қолданбалы математика және
ақпараттық технологиялар сияқты пәндер бойынша білімдерін арттыруға
мүмкіндік береді.
Оқушы бастапқы идеядан түпкілікті өнімге дейін жеке дизайнерлік
жобаларын ұсынуға үйренуі керек.
«Ағылшын тілі» IGCSE таңдауы бойынша курс екі жыл оқу мерзіміне
есептелген. «Ағылшын әдебиеті» IGCSE курсы драма, поэзия және проза
сияқты үш дәстүрлі жанрда көркем әдебиетті талдауға шоғырланған.
Оқыту газеттен, баяндамадан, жарнама және креативті мақалалардан
алынған көптеген әдеби және әдеби емес жазбаша жұмыстарға талдау жасауға
негізделген. Оқушылар негізгі дағдыларды: мәтінді мазмұндауды, түсінуді және
тілдік талдауды игереді.
Емтиханға Портфолио және екі түрлі мәтін бойынша халықаралық
бағалаудың бөлігі ретінде екі курстық жұмыс – эссені дайындау қажет.
« Ағылшын тілі екінші тіл» пәні тілді салыстырмалы түрде жақында
үйрене бастаған оқушыларға немесе ағылшын тілі бойынша IGCSE емтиханын
тапсыру кезінде тілдік қабілеттеріне сенімді емес адамдарға арналған. Осы пән
бойынша сабақтарға қатыса отырып, оқу, жазу және сөйлеу тіліндегі дағдылары
мен тілді есту арқылу қабылдау қабілеті дамиды.
IGCSE Географиясы оқушыларды халықаралық бакалавриаттың (бұдан әрі
– ХБ) көптеген курстары бойынша дайындайтын академиялық маңызды пән
болып табылады. Курсты үйрену экологиялық проблемаларды тану негізінде
оқушылардың жаратылыстану-ғылыми құзыреттіліктерін қалыптастыруға,
экологиялық мақсатты қызметке деген қабілеттерді дамытуға, тұтыну
мәдениеті дағдыларын жетілдіруге, адамның табиғатқа деген тұлғаның
азаматтық құзыреттіліктерін және этикалық принциптерді сақтауды дамытуға
бағытталған. Курсты оқу барысында қоршаған ортаны сақтауға жауапкершілік
және экологиялық қауіп-қатерлерді түсіну сезімдері дамиды.
Тарих оқушыларға ұлы тұлғалардың ішкі әлемін, күші мен сипатын, ХХ
ғасырдың айтулы, тынымсыз, үрейлі және инновациялық оқиғаларын қарауды
ұсынады. Оқу оқушыларға ХХІ ғасырдағы күрделі тарихи процестерді
түсінуіне көмектесу үшін Бірінші дүниежүзілік соғысы ұрыстарының
қорытындысынан басталады.
«Қазақ тілі екінші тіл ретінде» пәні ІGCSE бағдарламасы бойынша 10-11-
сынып оқушылары үшін міндетті болып табылады. Бағдарламаның негізгі
71
мақсаты ІGCSE бағдарламасының шарттарына сәйкес оқушыларды емтиханға
дайындау, сондай-ақ оқушылардың коммуникативтік сөйлеуін жетілдіру,
сөйлеу қызметінің ауызшы және жазбаша түрлерін қалыптастыру.
ІGCSE бағдарламасы бойынша қазақ тілін үйрену кәсіптік тақырып
бойынша материалдарға негізделген.
Ақпараттық және коммуникативтік технологиялар (бұдан әрі – АКТ)
IGCSE үш бөлімге бөлінген: бұл компьютерлік технология қалай жұмыс
істейтінін және «монитордың ар жағында» не болып жатқанын терең оқып-
үйренуге және түсінуге арналған екі жоба мен бөлім. Компьютерлік жүйелер
мен бағдарламалау бөлімінде оқушылар бағдарламамен қамтамасыз етуге,
компьютерлік жүйедегі деректерді, деректер базасын, коммуникацияны,
бағдарламалауды және т.б. презентациялауды үйренеді.
Практикалық
зерттеу
осы
әлемдегі
компьютерлендіру
туралы
қызығушылыққа негізделген. Бағдарламалау жобасы оқушыларды Visual Basic
бағдарламалау тілін қолданып, үш тапсырма бойынша шешімдерді жобалауды
кодтауға және сынақтан өткізуге бағытталған.
Математика Кембридж IGCSE барлық оқушылар үшін негізгі пән болып
табылады. Ол ХБ және ары қарай дамыған деңгейі үшін жақсы негіз болатын
математикалық білім мен ойлау дағдыларының дамуын қолдайды. Бағдарлама
сенімділікті құруға негізделген, сандар, алгебра, геометрия және статистика
бойынша
дағдыларды
дамытады.
Математиканы
оқып-үйрену
ХБ
математикасының барлық опцияларын біліп және сенімді бастау үшін қажетті
біліммен және дағдылармен қамтамасыз етеді. 15-кестеде тапсырмаларға
қойылатын талаптар және бағалаудың пайыздық ара қатынасы көрсетілген.
15-кесте – Тапсырмаларға қойылатын талаптар
Математика Кембридж IGCSE 0580
(курстық жұмыссыз)
Бағаның пайыздық ара
қатынасы
1-тапсырма (Негізгі) 1 сағат
Негізгі бағдарлама бойынша қысқаша жауаптарды талап
ететін сұрақтар
35%
2-тапсырма (Кеңейтілген) 1 сағат 30 минут
Кеңейтілген бағдарлама бойынша қысқаша жауаптарды
талап ететін сұрақтар
35%
3-тапсырма (Негізгі) 2 сағат
Негізгі бағдарламаға негізделген құрылымдық сұрақтар
65%
4-тапсырма (Кеңейтілген) 2 сағат 30 минут
Кеңейтілген бағдарламаға негізделген құрылымдық сұрақтар
65%
Музыка IGCSE курсы өз музыкасын орындау мен шығаруды қоса алғанда,
шамамен 60%-ы практикалық бөлімнен тұрады. Өзінің музыкасын құрастыруда
KS3 музыкасы дәрістерінен дағдылар, Sibelius 7 бағдарламалық қамтамасыз етуі
қолданылады. Орындау кезінде аспапта ойнау дағдысы дамиды, курс бойына
сыныпта, дайындықтар мен концерттерде өнер көрсетеді. Шығармада
72
композициялық тәсілдер, сондай-ақ MIDI жазбалар, аудио редакциялау, Cubase
секілді пакеттер қолданылады. Эквалайзер, реверберация және кідіртуді
қолданумен нәтижелердің өндірісі мен жазба, мульти-жазба стереосы бойынша
дағдылар дамиды.
Музыка курсының басқа бөлігіне (40%) тыңдау дағдыларын жетілдіру
кіреді. Батыс классикалық музыкасы, танымал музыка оқытылады, әлемнің
барлық елдерінің музыкасын (қазақ, үнді, африкалық, араб және қытай)
үйренуге мүмкіндік бар. Оқушылар музыкалық элементтер жоспарында
үзінділерге: құрылымына, әуеніне, үйлесімділігіне, фактураға, ырғағына,
метрді, қарқынына, тембріне және динамиканы талдауға үйренеді.
Дене шынықтыру курсы практикалық бөліктерден тұрады. Оқушылар
футбол немесе баскетбол секілді «басып алу» ойындарына, волейбол және
теннис сияқты «сетка және қабырға» ойындарына қатысады. Сондай-ақ жеңіл
атлетика мен спорттың судағы түрлері бойынша жаттығулар ұсынылады.
Дене шынықтыру барысында қатысу және әрекетке әсер ететін факторлар,
денсаулық және диета секілді тақырыптар, анатомия мен физиология, қауіп-
қатерлерді бағалау мен қауіпсіздік, денеге жаттығулар жасау мен фитнес
нәтижелері таныстырылады.
Екі жылдық IGCSE «Орыс тілі ана тілі ретінде» бағдарлама курсы өз
өмірінде бірінші тіл ретінде қолданылатын оқушыларға арналған.
10-11-сыныптардағы орыс тілі сабақтары жазбаша сөйлеуді дамытуға және
әртүрлі мәтіндерді орындау икемділігіне, сөйлеу стильдері мен жанрларын
дамытуға, белгілі бір тақырыптарға, сонымен қатар оқыған орыс және шетел
жазушыларының туындыларына шығармалар мен эссе жазу білімдерін
дамытуға бағытталған.
IGCSE ғылымы бойынша пәндер ғылым жөнінде негізгі дағдыларды
күнделікті өмірде бұдан әрі зерделеуге және пайдалануға түсінікті дамытуға
мүмкіндік береді. IGCSE ғылымының пәндерін оқуды аяқтағаннан кейін,
түлектерге ХБ Дипломдық бағдарламаларының ғылымдарын және KS4 кейін
өзге білім беру бағдарламаларын өту үшін біліктілік беріледі.
Сонымен бірге теориялық және практикалық білімдерді үйлестіру арқылы
«Биология» пәні бойынша адам денесінің, молекулярлық биология, өсімдік
биологиясы, экология және биотехнологияның негізгі принциптерін түсінуге
қол жеткізеді. «Химия» бойынша периодтық кесте, химиялық реакция мен
органикалық химияның негізгі принциптері зерттеледі. Бағдарлама қышқылдар,
негіздер, тұздар, металлдар, ауа және су туралы бөлімдерден тұрады. Жалпы
физикаға қосымша термальды физика, толқындар қасиеті (жарық пен дыбысты
қоса), электр, магнетизм және атом физикасы оқылады.
Екі жылдық «Испан тілі» таңдау курсы бойынша оқушыларға көптеген
елдерге есіктерді ашады, себебі, әлемдегі қолданылатын барлық тілдер
арасында, ағылшын және қытай тілдерінен кейін, испан тілі үшінші орынды
алады. Испан тілін меңгеру әлемдегі испан тілінде сөйлеушілердің әрбір
үшінші биллиондармен қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік береді. 16-кестеде
IGCSE арналған таңдау бойынша пән топтамасы келтірілген.
73
16-кесте – IGCSE арналған таңдау бойынша пән топтамасы
1-топ
2-топ
3-топ
4-топ
5-топ
6-топ
7-топ
8-топ
Міндетті
Ағы
лшын
ті
лі
Оры
с ті
лі
(т
іл
ие
ле
рі үші
н)
Геогра
фи
я
Б
иологи
я
Мате
м
ат
ик
а
Өн
ер
Қ
аз
ақ
т
ілі
(
ті
л
ие
ле
рі үші
н
м
ін
де
тт
і)
кә
сіп
ке
рлі
к
Не
гіз
гі д
ен
е шын
ықт
ыр
у /АК
Т ба
рлықт
ары үшін
Ағы
лшын
ті
лі
жә
не
ә
де
би
ет
і
Оры
с ті
лі
(ше
т
елді
кт
ер үшін
)
Та
ри
х
Хи
м
ия
Ди
за
йн
жә
не
те
хн
ологи
я
Те
ори
ялық және
ак
аде
-м
иялық
зе
ртт
еу
А
КТ
Ағы
лшын
ті
лі
ек
ін
ші т
іл
ре
тін
де
Ис
па
н
тілі
м
уз
ыка
Фи
зи
ка
Де
не
шын
ықт
ыру
Те
ори
ялық және
ак
аде
м
иялық
зе
ртт
еу
4 сабақ 3 сабақ 3 сабақ 6 сабақ 4 сабақ 3сабақ
3 сабақ
3 сабақ
1 сабақ
Осылайша, « Haileybury» мектебіндегі таңдауы бойынша курстар бірнеше
пәндер бойынша IGCSE емтиханын тапсыруға бағытталған. Бұл Кембридж
университетінің бөлігі болып табылатын Халықаралық Емтихандар кеңесінің
(ХЕК) емтихандары. Екі курсты аяқтағаннан кейін және емтихандарды табысты
тапсырғаннан кейін бітірушілерге жоғары оқу орнына түсу үшін әрбір пән
бойынша дүние жүзінде танылған сертификаттар беріледі [41].
«Мирас» мектебі Халықаралық бакалавриаттың барлық үш бағдарламасы
бойынша авторизацияланған (дәріс беру құқығы) және халықаралық
аккредиттеуге ( CIS – мектептердің халықаралық кеңесі және Жаңа Англия
колледждері мен мектептерінің қауымдастығы – NEASC) ие Қазақстандағы
жалғыз мектеп. Мұндай мәртебе мектеп бітірушілерге шет елдің колледждері
мен жоғары оқу орындарына түсу кезінде артықшылықтар береді, ал ІВ
Дипломдық бағдарламасының бітірушілері – әлемнің озық университеттеріне
емтихансыз қабылдана алады. Сонымен бірге, «Мирас» мектебін бітірушілер
мемлекеттік үлгідегі құжаттарды алады.
Мектептің білім беру үлгісі ҚР білім беру стандарттары мен
Бакалавриаттың Халықаралық бағдарламаларының кіріктірілуінен құрылған,
бұл оқушыны дамытуға көңіл бөліп оқу үдерісін ұйымдастыруға, тек қана
74
жалпы оқу дағдылары мен икемділігін ғана қалыптастырып қана қоймай,
оқушының құндылық-тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін
оқу мен тәрбиеде әртүрлі әдістер мен құралдарды таңдауға мүмкіндік береді.
Мектептің бағдарламасы қазіргі білім берудің үш басымды тұжырымды
ережелеріне негізделген: тұтас оқу, коммуникативтің құзіреттілікті және
мәдениетаралық хабардарлыққа негізделген. Бағдарламаның айрықша
ерекшелігі студенттердің зерттеу және пәнаралық жобалау қызметтерін
ұйымдастыру болып табылады. 17-кестеде Астана қаласындағы «Мирас»
халықаралық мектебіндегі таңдауы бойынша курстар ұсынылған.
17-кесте – Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебіндегі таңдауы
бойынша курстар
Оқушы
компоненті
есебінен
жүргізілетін таңдау пәндерінің атауы
Сыныптар
Курсты
жүргізетін
пән
мұғалімі
TOEFL/IELTS дайындық
9
Ағылшын тілі мұғалімі
Бейнелеу өнері
Бейнелеу өнерінің мұғалімі
Информатика
Информатика мұғалімі
Математика IGCSE
Математика мұғалімі
TOEFL/IELTS дайындық
11
Ағылшын тілі мұғалімі
Елтану
География мұғалімі
Орта мектепте ұлттық білім беру стандарттарының мазмұндық
компонентін, философияны және МЮ оқу бағдарламаларына қойылатын
талаптарды кіріктіру арқылы жаңа педагогикалық технологиялар мен оқыту
әдістері енгізіледі.
10-сыныптан кейін студенттер 11-сыныпқа түсе алады – бұл Қазақстандық
бағдарлама немесе 11IB сыныпқа – Дипломдық бағдарлама.
11-сыныптарға арналған «Мирас» Халықаралық мектебінің Қазақстандық
бағдарламасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандарттары мен оқыту
талаптарына негізделген. Ол 16 жастан бастап 18 жасқа дейінгі оқушыларға
арналған, интернационалды ойлау, дербес зерттеу дағдыларын және оқуға
деген жағымды көзқарасты дамытады, оқушалар білімге деген құштарлығын
дамытады.
Оқушының бейінінде баланың жан-жақты дамығаны ерекше көрсетіледі –
физикалық, интеллектуалды, эмоционалды, этикалық.
Оқу бағдарламасы үш өзара байланысты бөліктерден тұрады: жазбаша
(Written curriculum); практикалық (сыныптағы қызмет) (Taught curriculum);
бағалау (баға беру) (Assessed curriculum).
Қазақстандық бағдарламаның MYP бағдарламасы және 11-сынып
оқушылары арасындағы сатылай жоспарлау мен байланысқа негізгі назар
бөлінетін, теңдестірілген және логикалық жүйелі білім беру үшін, 11-сыныпта 6
пәндік топтармен байланысқан, 15 пәнді оқу қарастырылған. Осы пәндердің 5-
уі бойынша оқу жылының соңында міндетті емтихан тапсырады, бұл Ұлттық
бірыңғай тестілеу немесе мектепішілік емтихандар.
75
Сонымен бірге 11-12-сынып студенттеріне дипломдық жұмыс бойынша 6
пәндік топтан 6 пәнді таңдау құқығы ұсынылады. Ол бірқатар пәндердер
тұрады: география, тарих, бейнелеу өнері, әлем қауымдастығындағы, бизнес
және менеджмент, экономика, биология, химия, физика, математика (3 деңгей),
тілдер бойынша пәндер (ағылшын, орыс, француз, қытай). Осы оқыту
бағдарламасы бойынша білім беру ағылшын тілінде өткізіледі.
IB MYP орта мектебіне арналған негізгі орта мектеп бағдарламасы 6-10-
сынып оқушыларына арналған. MYP бағдарламасында маңызды рөлді үш
фундаменталды қағида алады: білім берудің толықтығы, мәдениетаралық
түсінік және дамыған коммуникативтік дағдылар.
Пәндік салалар:
тіл және әдебиет (мектепте білім беретін тіл немесе оқушылардың ана
тілі) – ағылшын, орыс немесе қазақ тілі;
В тілі (шет тілі – мектепте оқытылатын қосымша тіл) – ағылшын, орыс,
қазақ, француз;
жаратылыстану ғылымдары – жалпы пән ретінде 6-8-сыныптарда
оқытылады, және 9-10-сыныптарда үш жеке пән ретінде;
математика;
дизайн;
гуманитарлық ғылымдар;
дене шынықтыру;
өнер – бейнелеу өнері, музыка және театр өнері.
MYP бағдарламасындағы оқу пәндерінің мазмұны, жаһандық мәнмәтін деп
аталатын, арнайы тақырыптарда ұйымдастырылған. Оқу үдерісі бойы
студенттер барлық алты жаһандық мәнмәтінді зерттеулері тиіс: Сәйкестік және
өзара қарым-қатынас, Кеңістікте және уақыттағы бағдар, Тұлғалық және
мәдени тұрғыдан өз ойын білдіру, Ғылыми және техникалық инновациялар,
Жаһандану және тұрақты даму, Әділдік және даму.
Оқушылар үш тілде білім алады: қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде,
сонымен қатар француз, қытай және өзге тілдерді дамытуды ұстанады [42].
Қазақстандық және әлемдік білім беру жүйелерінің үздік дәстүрлері
көрініс табатын мектептегі білім беру инновациялық жобаны қалыптастыру
қазіргі білім берудің объективті қажеттілігі болып есептеледі. Осы жобаны
әзірлеу білім, оқыту әдістемелерінің, оқу жетістіктерін бағалау принциптерін,
мектептің қалыптасқан құрылымын, өзара қарым-қатынас жүйесі мазмұнын
өзгертуді талап етеді.
76
Қорытынды
Кейбір шетелдік мемлекеттерде білім алушыларды таңдау курстарында
оқыту тенденциясы бойынша педагогикалық ғылым мен практиканың негізгі
ізденісі адамның дамушы қабілеттеріне, оның құбылмалы әлемдегі әлеуметтену
және бейімделу табыстылығына, оқушыларды әртүрлі іс-әрекет түрлерінің кең
аумағына енгізуге бағытталғандығын көрсетеді.
Қазақстан Республикасында оқытудың жүйелі-іс-әрекеттік нәтижелері
білім алушылардың тек пәндік олимпиадалардағы жетістіктерімен және
шығармашылық оқу жобаларының, зертеушілік іс-әрекеттерінің орындалуымен
ғана емес, сонымен қатар, таңдау курстарын оқып-үйренудегі жетістіктері
арқылы да анықталады [43].
Облыс аймақтары бойынша таңдау курстарын талдау:
әзірленген курс тақырыптарының кең диапазонын;
таңдау компоненттері бойынша біріңғай амалдардың жоқ екендігін;
курстардың оқу жоспары бойынша пәндік білімді тереңдетуге
бағытталғандығын;
білім алушыларды ерте кәсібилендірудің әлсіз көрінісін;
ұсынылған мазмұнның дәстүрлілігін, халықаралық салыстырмалы
зерттеу нәтижелері есебінің жеткіліксіздігін;
іргеліліктің, заманауи ғылыми зерттеу нәтижелердің жоқ екендігін
көрсетеді.
Мониторингтік
зерттеулердің
нәтижелері
көрсеткендей,
таңдау
курстарының көптігі пәндік білімді тереңдетуге, жалпы білім беретін
мектептерде білім алушылардың білік пен дағды шеңберін ұлғайтуға, оны таза
оқу аясынан тыс жағдайларда қолдануына, танымдық қызығушылығының,
функционалдық сауаттылығының, жобалық және зерттеушілік іс-әрекетінің
дамуына ылғи да әкеп соқтырмайды.
Тұтастай алғанда, таңдау курстары заманауи білім аймақтарының өзекті
аспектілерін оқып-үйретеді. Олар типтік оқу бағдарламаларында кездесетін
олқылықтардың орнын толтырады. Мысалы, қазақстандық мектептердегі білім
беру мазмұнынын міндетті минимумы халықаралық салыстырмалы
зерттеулерде қолданылатын жеке тақырыптық сұрақтарды бейнелемейді. Айтар
болсақ, математика саласы бойынша бастауыш мектептің қазақстандық оқу
бағдарламасына халықаралық тест тапсырмаларының 33%-ы, сегізінші
сыныптың – 3%-ы, жаратылыстанудың – сәйкесінше 24 және 3%-ы сәйкес
келмейді. Жаратылыстану бойынша 4-сынып тапсырмаларының жалпы саны
172 екендігін көрсетті, оның 23%-ы бастауыш мектептің оқу бағдарламасына
сәйкес келмейді. Жаратылыстану бағыты бойынша 8-сынып оқушыларына
ұсынылған 217 тапсырманың 3%-ы Қазақстанның негізгі мектептерінің оқу
бағдарламаларына сәйкес келмейді.
Таңдау курстары білімді практикаға енгізуге және қолдануға қолайлы және
білім алушыларға қажетті дағдыларды мақсатты түрде дамытуға мүмкіндік
береді. Талдау көрсеткендей, функционалдық сауаттылықты дамытуға
77
байланысты проблемалардың күрделілігі мұғалімдерден белсенді және
шығармашыл жұмыстарды қажет етеді. Заманауи білім беру технологияларын,
оның ішінде инновациялық әдістемелерді тиімді әрі сауатты қолдану арқылы
керекті нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Білім беру мазмұнының модернизациясы, оның өзгеруші және дамушы
мақсаттарға сәйкестігін қамтамасыз ету таңдау курстарының мазмұнында да
көрінуі тиіс. Курстардың құрылымын және мазмұнын жақсарту үшін
төмендегілерді ұсынамыз:
– курстың оқу материалының мазмұны жаңашылдық пен өзектіліктің
қағидаларына жауап беруі тиіс;
– ұлттық және аймақтық компоентттердің ерекшеліктері ескерілуі тиіс;
– курстың бағдарламасы білім алушылардың дамушы және уәжді
қызығушылығын оятуы тиіс;
– оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін қалыптастыруы тиіс;
– функционалдық білім мен дағдыларын қалыптастыруы қажет;
– оқушылардың бейіналды және кәсіптік бағдарының қажеттілігін ескеру
қажет.
Осыған байланысты, таңдау курстарының оқыту сапасын және тиімділігін
арттыру үшін пәнаралық интеграцияны, орта білім беру деңгейінің үздіксіздігі
мен сабақтастығын қамтамасыз ететін курс мазмұнын жобалаудың біріңғай
концептуалды әдіс-амалдары қажет.
|