«Аналитикалық химия» «6В01541-Химия-Биология» мамандығы Тобы: еп-20-16к Емтихан сұрақтары125 І – деңгей (10 балл)


Арнайы және талғамдық немесе селективті реагенттер және реакциялар



бет23/47
Дата05.12.2023
өлшемі0,79 Mb.
#134420
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47
Байланысты:
Аналитика хим ЭКЗАМЕН 2023 ориг

Арнайы және талғамдық немесе селективті реагенттер және реакциялар

Жаубын білмдім накты



  1. Гравиметрлік талдау әдістері

Гравиметрлік талдау әдісі анықталатын заттың немесе оның құрамындағы компонентті химиялық таза немесе лайықты қосылыс түрінде бөліп алынған массасын дәл өлшеуге негізделген сандық талдаудың түрі. Бұл әдіс келесі фундаментальді заңдарға негізделген:



  • құрам тұрақтылық заңына;

  • химиялық эквивалент заңына;

  • массалар сақталу заңына.

Гравиметрлік талдау әдісі үш үлкен топқа бөлінеді:



  • бөлу тәсілі; 2) тұндыру тәсілі; 3) айдау тәсілі.


Бөлу тәсілі. Анықталатын компонент талданатын қосылыстың құрамынан бос күйінде бөлініп алынады және оның массасы аналитикалық таразыда дәл өлшенеді (электролиз, электрогравиметрия). Мысалы, мысты электролизбен бос күйінде бөлу. Егер бір өлшеудің екінші өлшеуден айырмашылығы ±0,0002 г болса, массаны тұрақты деп есептейді.
Тұндыру тәсілі. Анықталатын компонент суда нашар еритін құрамы тұрақты қосылыс түрінде тұнбаға толық түсіріледі. Мысалы, Ba → BaSO4↓ (көбіне қолданылатын әдіс).
Айдау тәсілі. Анықталатын компонент газ немесе бу күйінде бөлініп алынады және содан кейін оның массасы немесе қалдықтың массасы өлшенеді. Мысалы, СаСО3 → СаО + СО2↑ Гравиметрлік әдіс ауыл шаруашылығында топырақты, өсімдік шикізатын, ағашты және басқа заттарды талдауға қолданылады.

2.3. Гравиметрлік талдаудың негізгі операциялары
Гравиметрлік әдіс орындауына байланысты үш үлкен топқа бөлуге болады: Тұндыру тәсілі Анықталатын компонент химиялық тәсілмен суда нашар еритін, құрамы тұрақты қосылыс күйінде тұндырылады. Түзілген тұнбаны жуады, кептіреді, қыздырады, өлшейді. Айдау тәсілі Анықталатын компонент ұшқыш қосылыс күйінде бөлінеді. Оны газ күйінде бөлу үшін қажетті реагентқосады, жоғары температурада қыздырады. Бөлу тәсілі Анықталатын компонент зерттелетін үлгіден бос күйінде бөлінеді де, аналитикалық таразыда өлшенеді. Анықталатын компонент Тұндырылған форма Гравиметрлік форма (өлшенетін)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет