ІІ– деңгей(14 балл)
Қышқыл-негіздік жіктелу бойынша аналитикалық топ катиондары
Қышқылдық-негіздік реакциялар аналитикалық химияда кең түрде қолданылады. Олардың көмегімен жеке катиондарды және аниондарды сапалық әдіспен анықтайды. Мысалы, NН4+ ионын тұздардың құрамында бар-жоғын сілтімен қосып қыздыратындығы кең қолданылатын сапалық реакция болып табылады. Реакцияның нәтижесінде аммиак бөлініп шығады Оны өзіне тән иісінен немесе индикаторлық қағаздардың түстерінің өзгеруінен біледі.
Қышқылдық-негіздік жіктеу жүйесі бойынша катиондар 6 аналитикалық топқа бөлінеді. 1) топ катиондары сульфидтік топтағы катиондар, яғни олардың топтық реагенті жоқ; 2) Ag+, Hg2+2, Pb2+, топтық реагенті НСІ, түзілген хлоридтер суда және қышқылдарда ерімейді. 3) Ba2+, Sr2+, Ca2+, топтық реагенті – күкірт қышқылы; 4) Al3+, Cr3+, Zn2+; топтық реагенті натрийдің гидроксиді, гидроксидтер амфотерлік қасиет көрсетеді. 5) Fe2+, Fe3+, Mn2+, Mg2+, Bi3+, Sb3+, Sb5+. Топтық реагенті натрийдің гидроксиді, гидроксидтер суда және қышқылдарда ерімейді. 6) Cu2+, Cd2+, Ni2+, Co2+, Hg2+; топтық реагенті аммиактың сулы ерітіндісі, гидроксидтер аммиакат түзе отырып аммиакта ериді.
Li+катионына сапалық реакциялар
Na+катионына сапалық реакциялар
K+катионына сапалық реакциялар
NH4+катионына сапалық реакциялар
Iаналитикалық топ катиондары қоспасының анализ жолы
Ag+, Hg2+2, Pb2+, топтық реагенті НСІ, түзілген хлоридтер суда және қышқылдарда ерімейді.
Достарыңызбен бөлісу: |