Физикалық –химиялық талдау әдістерінің жіктелуі
Талдаудың барлық физика-химиялық эдістерінде екі негізгі әдістемелік тәсілдер: тура өлшеу эдісі және титрлеу эдісі (жанама өлшеу әдісі) қолданылады.
Тура әдістер. Бұл әдістерде аналитикалық сигналдың зерттелетін табиғаты жэне оның концентрациясына тэуелділігі қолданылады.
Титрлеу әдісі. Бұл әдістерде титрлеу барысында аналитикалық сигналдың қарқындылығы I өлшеніп, I - V координаттарында титрлеу қисыгы тұрғызылады, мұндағы, V - қосылған титранттың көлемі, мл. Титрлеу қисықтарының түрлері эр алуан, себебі аналитикалық сигнал қарқындылығы анықталатын зат, титрант немесе реакция өнімдерінің концентрациясымен байланысты болуы мүмкін.
Электрохимиялық талдау әдістері
Электрохимиялық талдау әдістері, тағы да электроаналитикалық немесе элекрталдау деп аталатын, электродтар мен электродты кеңістік арасында болатын құбылыстарға негізделген.
Электрохмиялық әдістерде аналитикалық белгі ретінде, параметрлерді, анықталатын компоненттің концентрациясымен (белсенділігімен) байланысты көлемі қолданылады.Мысалы, электрод, тоқ күші, электр саны, электр өткізгіштік, ом кедергісі, сыйымдылығы әлеуетінің алуан түрлігі.
Электрохимиялық талдау әдісін мына жағдайдарда кеңінен қолданалады
■ органаникалық және органикалық емес заттарды алудың әртүрлі техологиялық үдерістерін аналитикалық бақылау үшін;
■ экологиялық және биологиялық нысандарды талдау кезінде;
■ физикалық-химиялық зерттеулерде, мысалы, органикаоық қосылыстардың құрылу реакицсяның кинетикасы, кешенді түзу үдерістері.
Потонциометрия
Потенциометрия деп құрамы белгілі ерітіндіге батырылған екі элоктродтың арасында пайда болатын потенциалдар айырымын өлшеуге негіздеоген әдістерді айтады. Потенциометрияда ерітіндідегі ионның концентрациясына тәуелді электродтың потенциалын өлшейді.
Талдауда қолданатын потенциометрлік әдістің басты артықшылығы - оның аса дәлдігі, сенімділігі, сезімталдығы, оңай қайталампаздығы, сұйытылған, боялған әрі лайлы ерітінділерге қолдану мүмкіндігі. Сондай-ақ, бұл әдіспен алдын ала жеке бөліп алмай-ақ, екі не одан да көп заттан тұратын құрамдас бөліктерді де анықтай береді
Достарыңызбен бөлісу: |