Аналитикалық химия іргелі ғылым ретінде. Аналитикалық химияның пәні мен міндеттері


Комплекстонаттардың құрамы мен қасиеттері. Таппадым



Pdf көрінісі
бет24/29
Дата25.11.2023
өлшемі37,66 Mb.
#126518
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
АНХ сессия

Комплекстонаттардың құрамы мен қасиеттері. Таппадым 
81. Металлохромды индикаторлар (Қара т эриохромы, мурексид, 
ксиленді қызғылт сары және т.б.) олардың әрекет ету қағидаттары
индикаторларға қойылатын талаптар. 


82. Титрлеу қисықтары. Титранттар, оларды дайындау және стандарттау. 
Кешенді метрикалық титрлеуді қолдану шарттары. 


Титриметриялық анализдің маңызды сипаттамаларының бірі - титрлеу 
қисықтары. Титрлеу қисығын салғанда абсцисса осінде титрант көлемі Vт 
немесе титрлеу дәрежесі f салынады, f = VT/ V0. Ордината осінде заттың 
концентрациясы, 
концентрация 
логарифмі 
немесе 
концентрацияға 
пропорционал шама салынады. Осыған байланысты титрлеу қисықтары 
сызықтық және логарифмдік болып бөлінеді. 
Титриметриялық анализде тек теориялық қисықтар салынады. Оларды 
индикатор таңдау үшін салады. Ол үшін анықталатын зат пен титрант 


концентрациясын бірдей қылып алады, титрлеу барысындағы көлем өзгерісін 
ескермейді. Титрлеу кезіндегі концентрацияны есептеу үшін тепе-теңдік 
константалар мәнін пайдаланады. Индикаторды таңдағанда түс өзгерту 
интервалы (немесе рТ шамасы) титрлеу секірмесіне енуі тиіс. 
Титрленген ерітінділердің 2 түрі болады: стандартты (дайындалған) 
және стандартталған (анықталған).Стандартты ерітінділерді дайындау үшін 
заттың дәл өлшемесін көлемі белгілі өлшегіш колбада ерітіп, сосын титрін 
есептейді. Мұндай ерітінділерді тек стандартты заттардан дайындайды. 
Стандартты заттар шектеулі, оларға келесі талаптар қойылады:
· өте таза болуы керек;
· құрамы химиялық формуласына дәл сәйкес болуы керек;
· ауада сақтағанда құрамы өзгермеуі керек. 
Стандартты заттарға мына заттар жатады: Na2B4O7•10H2O‚ K2Cr2O7‚ 
H2C2O4•2H2O, NaCl. 
Кейде стандартты ерітіндіні фиксаналдан жасайды. Фиксанал (немесе 
стандарт-титр) деп ішінде құрғақ зат немесе ерітіндінің дәл мөлшері бар 
заводта дайындалып, аузы бекітілген шыны ампула. Фиксаналдың ішінде 
стандартты емес те зат болуы мүмкін.Стандартталған ерітіндіні 
концентрациясын жуықтап дайындайды, сонан соң оны стандартты 
ерітіндімен титрлеп, концентрациясын дәл есептейді. Мұндай анықтауды 
стандарттау деп атайды. 
Қазіргі кезде стандартты және стандартталған ерітінділерді сәйкесінше 
біріншілік және екіншілік стандарт деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет