Аналитикалық химия іргелі ғылым ретінде. Аналитикалық химияның пәні мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет6/29
Дата25.11.2023
өлшемі37,66 Mb.
#126518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
13.
 
Аниондарды ерімейтін қосылыстардың түзілу қабілеті, тотығу 
қасиеттері бойынша жіктеу. 




14.
 
Аналитикалық 1 топтың аниондары. Топтық реагенттер. Осы 
топтың аниондарының тән реакциялары. 






15.
 
2-ші аналитикалық топтың аниондары. Топтық реагенттер. Осы 
топтың аниондарының тән реакциялары. 




16.
 
3-ші аналитикалық топтың аниондары. Топтық реагенттер. Осы 
топтың аниондарының тән реакциялары. 




17.
 
Катиондар қоспасын талдаудың бөлшек және жүйелі түрлері. 
4 және 5 сұрақтың жауаптарын оқу керек. 


18.
 
Аниондар қоспасын талдаудың бөлшек және жүйелі түрлері. 






19.
 
Күшті электролиттер теориясының негізгі ережелері. Иондардың 
жалпы және белсенді концентрациясы. Ерітіндінің иондық күші, 
ерітінділердегі иондардың белсенділік коэффициенті. 
1923 жылы Дебай мен Гюккель күшті электролиттер теориясын 
жасады. Бұл теорияның жасалуына И.А. Каблуков, Кистяков, А.Нояс т.б. 
ғалымдар қомақты үлес қосты. Бұл теория бойынша күшті электролит 
ерітінділерінде әр аттас иондардың арасында электростатикалық тартылу 
бірдей аттас иондардың арасында тебілу күштері әсер етеді. Әрбір ионның 
жанында қарсы таңбалы ионның атмосферасы, қоршауы болады.Осы 
әрекеттесулер нәтижесінде концентрациялы ерітінділерде і коэффициенті 
концентрация өскен сайын арту орнына кемейді. Себебі иондардың арасында 
өзара әрекеттесулер болады. Концентрация жоғары болған сайын иондық 
атмосфера тығыз бола түседі. Ион бір полюске жылжыса иондық атмосфера 
басқа полюске жылжиды. Сонымен бірге сольваттық қабықта иондарды 
тежейді. Иондық әрекеттесулер және солваттану олардың жылдадығын 
тежеп қана қоймай, сонымен бірге осмостық қысымын қаныққан бу 
қысымының төмендеуін кемітеді. Сондықтан күшті электролиттерге арнап, 
Льюс белсенділік шамасын енгізген. 
Күшті электролиттер теориясының қағидалары 


Ерітіндіде әрбір ионның айналасында әртүрлі зарядты иондардың 
электростатикалық тартылысынан иондық атмосфера пайда болады. Иондық 
атмосферада әртүрлі иондар болады, катионның айналасында аниондар 
көбірек болса және керісінше; 
Иондық атмосфераның тығыздығы орталық ионда max және жылулық 
қозғалысының есебінен онық құрамынан иондарды бөліп алғанда 
азаяды.Иондық атмосфера шекарасында әрбір таңбалы иондардың саны 
бірдей бола бастайды. 
Дебай –Хюкеель теориясының негізгі қағидалары 
электролит ерітіндіде толық диссоциацияланған, 
иондар арасында электростатикалық әрекеттесу болады, 
Ерітіндідегі иондардың таралуы иондық атмосфера моделімен 
жазылады, идеалдылықтан ерітіндідегі барлық ауытқулар иондардың иондық 
атмосферамен әрекетттесуіне негізделген; 
орталық ион айналасында зарядтың таралуы Пуассон теңдеуімен 
жазылады; 
иондардың ерітіндіде таралуы Больцман таралуымен жазылады. 
Белсенділік 
дегеніміз идеал ерітіндінің термодинамикалық қасиеті 
реал ерітіндінің қасиетіндей болғандағы оның концентрациясы. 
Концентрациясы идеал ерітіндінің концентрациясына тең реал 
ерітіндіден 1 моль компо-нентті алып қосқанда әрекеттесу күштерге қарсы 
жұмсалатын жұмыс белсенділік коэффициентінбереді 
Иондардың жалпы концентрациясы (с) ерітіндідегі электролиттің 
молдік концентрациясымен анықталады (моль/л). 
Ерітіндіде әр ион өзіне қарама-қарсы иондарды тартып, шоғырланып 
иондық атмосфера түзеді. Жалпы анықталатын концентрация шартты 
концентрацияға тең болмайды. Иондардың шартты концентрациясын –
активті концентрация не активтілік (а) деп атайды. Активті концентрация 
ерітіндінің қасиетін (рН, тотығу-тотықсыздану потенциалын, температура 
т.б.) сипаттайды. Активті концентрацияның өлшем бірлігі – моль/л. 
Жалпы концентрация мен активті концентрация арасында мына 
қатынас орын алады, яғни а = f×c 
f – активтік коэффициент. 
Активтік коэффициент реалдық ерітінділердің қасиетінің идеалдық 
ерітінділерден өзгешелігін көрсететін шама. Активтік коэффициентінің 
шамасы әдетте бірден кем. Өте сұйылтылған ерітінділерде активтік 
коэффициенті бірге жуық деп есептеуге болады. 
Иондардың 
электролит 
ерітінділерінде 
өзара 
әсерлесулерін 
сипаттайтын ұғым – ерітіндінің иондық күші (I). Ерітіндінің иондық күші 
электролиттің табиғатымен және концентрациясымен анықталады. 
Ерітіндінің иондық күші шартты түрде өлшемсіз шама деп есептеледі. 
Ерітіндінің иондық күші арқылы ерітіндідегі иондардың активтік 
коэффициенттерін есептеуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет