Ерітіндіде әрбір ионның айналасында әртүрлі зарядты иондардың
электростатикалық тартылысынан иондық атмосфера пайда болады. Иондық
атмосферада әртүрлі иондар болады, катионның айналасында аниондар
көбірек болса және керісінше;
Иондық атмосфераның тығыздығы орталық ионда max және жылулық
қозғалысының есебінен онық құрамынан иондарды бөліп алғанда
азаяды.Иондық атмосфера шекарасында әрбір таңбалы иондардың саны
бірдей бола бастайды.
Дебай –Хюкеель теориясының негізгі қағидалары
электролит ерітіндіде толық диссоциацияланған,
иондар арасында электростатикалық әрекеттесу болады,
Ерітіндідегі иондардың таралуы иондық атмосфера моделімен
жазылады, идеалдылықтан ерітіндідегі барлық ауытқулар иондардың иондық
атмосферамен әрекетттесуіне негізделген;
орталық ион айналасында зарядтың таралуы Пуассон теңдеуімен
жазылады;
иондардың ерітіндіде таралуы Больцман таралуымен жазылады.
Белсенділік
дегеніміз идеал ерітіндінің термодинамикалық қасиеті
реал ерітіндінің қасиетіндей болғандағы оның концентрациясы.
Концентрациясы идеал ерітіндінің концентрациясына тең реал
ерітіндіден 1 моль компо-нентті алып қосқанда әрекеттесу күштерге қарсы
жұмсалатын жұмыс белсенділік коэффициентінбереді
Иондардың жалпы концентрациясы (с) ерітіндідегі электролиттің
молдік концентрациясымен анықталады (моль/л).
Ерітіндіде әр ион өзіне қарама-қарсы иондарды тартып, шоғырланып
иондық атмосфера түзеді. Жалпы анықталатын концентрация шартты
концентрацияға тең болмайды. Иондардың шартты концентрациясын –
активті концентрация не активтілік (а) деп атайды. Активті концентрация
ерітіндінің қасиетін (рН, тотығу-тотықсыздану потенциалын, температура
т.б.) сипаттайды. Активті концентрацияның өлшем бірлігі – моль/л.
Жалпы концентрация мен активті концентрация арасында мына
қатынас орын алады, яғни а = f×c
f – активтік коэффициент.
Активтік коэффициент реалдық ерітінділердің қасиетінің идеалдық
ерітінділерден өзгешелігін көрсететін шама. Активтік коэффициентінің
шамасы әдетте бірден кем. Өте сұйылтылған ерітінділерде активтік
коэффициенті бірге жуық деп есептеуге болады.
Иондардың
электролит
ерітінділерінде
өзара
әсерлесулерін
сипаттайтын ұғым – ерітіндінің иондық күші (I). Ерітіндінің иондық күші
электролиттің табиғатымен және концентрациясымен анықталады.
Ерітіндінің иондық күші шартты түрде өлшемсіз шама деп есептеледі.
Ерітіндінің иондық күші арқылы ерітіндідегі иондардың активтік
коэффициенттерін есептеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: