4) Шекті сұйылту - Vlim (мл/г).Құрамында 1 г еріген зат бар концентрациясы шекті ерітіндінің көлемі. Шекті сұйылту шекті концентрацияға кері шама:
Vlim -------- 106 мкг Vmin ------- m, мкг (ашу шегі)
Күшті электролиттер теориясының негізгі түсініктері: активтілік, активтілік коэффициенті, ертіндінің иондық күші.
Ерітінділерді электорлиттер деп те атайды. Электролиттер деп еріткіш молекулаларының әсерінен иондарға ыдырап, ерітінділері не балқымалары электр тогын өткізетін заттарды айтады
• күшті ɑ>30% HCl, HNO3, Н2SO4, NaOH, Ca(OH)2 • әлсіз ɑ<30% СН3СООН, Н2S, HNO2, HCN, NH4OH, Mg(OH)2
Күшті электролит ерітіндісінде иондардыңэлектростатикалық күш арқылы өзара әсерлесуін иондық күш сипаттайды.
Күшті электролиттер суда толық ионданады. Электролит ерітіндісінде әрбір ион өзіне қарама-қарсы иондарды тарту арқылы шоғырланып, иондық атмосфера түзеді. Иондық атмосфера иондардың еркін қозғалысын тежейді, ерітіндідегі иондардың әрекеттескен концентрациясы олардың ерітіндідегі нағыз концентрациясынан кем болады. Сондықтан иондық атмосфера әсерін көрсету үшін активті концентрация-ұғымы енгізіледі. а- активті концентрация, өлшем бірлігі моль/л. a = f * c; f –активтік коэффициент. Активтілік коэффициентпен ерітіндінің иондық күші арасындағы байланысты
Дебай-Хюккель теңдеуімен көрсетеді:
lgfi = A*Zi2 √I