Аналитикалық химия. Сандық анализ әдісі. Жіктелуі. Анализ нәтижесiнің дәлдігі және оны өңдеу



бет28/33
Дата17.04.2023
өлшемі209,33 Kb.
#83397
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Д ріс та ырыбы ж не тезистер Са ат к лемі

5. реакциясы бойынша түзілетін комплекстің тұрақтылық константасының теңдеуін көрсетіңіз:
A)
B)
C)
D)
E)
*****
6. ионы комплексонатының формуласын көрсетіңіз:
A)
B)
C)
D)
E)
*****
7. Комплексонометрлік титрлеу қисығы қандай кординаттарда салынады:
A) pМе – pH;
B) pМе - , мл;
C) lg β – pH;
D) lg β - , мл;
E) lg β – pМе;
*****
8. "Хелаттар" дегеніміз не?
A) Донорлы-ацепторлы байланысы бар метал-лиганд комплекстері;
B) Орталық атомдары циклды құрылымға кіретін комплекстер;
C) Түзілгенде иондары бөлініп шығатын комплекстер;
D) Органикалық реагенттермен түзілетін қосылыстар;
E) Дұрыс жауап жоқ;
*****
9. Төменде келтірілген индикаторлардың қайсысы металл-хромады индикаторларға (металл-индикаторларға) жатады?
A) Дифениламин;
B) Метилді-қызыл;
C) Фенолфталеин;
D) Эриохром қара Т;
E) Лакмус;
*****
10. ионы комплексонатының формуласын көрсетіңіз
A) [MeY];
B) ;
C) ;
D) ;
E) ;
*****

1

№ 13
дәріс

Комплексонометриялық титрлеу әдісі әдісі.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Комплексонометрия әдісінде эквивалентті нүктені анықтау.
2. Комплексонометрия әдісінің индикаторлары.
3.Комплексонометрия әдісімен судық кермектілігін анықтау.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Комплексонометрияда эквиваленттік нүктені бірнеше жолмен анықтауға болады:

  1. Анықталатын катионның комплексонмен әрекеттесуі кезінде катионға эквиваленттік мөлшерде Н+ катион бөлінетіндіктен, онда сутек иондарының Н+ ерітіндідегі концентрациясын алкалиметриялық анықтау арқылы анықталатын катион мөлшері есептелінеді.

  2. Комплексонометриялық титрлеудің эквиваленттік нүктесін физика-химиялық әдістерімен (спектрофотометрия, амперометрия, потенциометрия) анықтауға болады.

  3. Титрлеудің соңғы нүктесін металл-индикатор деп аталатын индикаторлардың көмегімен анықталатын катионның ерітіндіден шығаруы арқылы жүргізіледі. Бұлар катиондармен түсті комплексті қосылыс түзетін органикалық бояғыштар. Бұл түсті комплекстер сол катиондардың трилон Б –мен салыстырғанда әлдеқайда тұрақсыз комплекстер түзетіндіктен, сөйтіп трилон Б –мен титрлегенде металдардың иондары комплексонмен байланысып, ин,дикатор бос күйінде бөлінеді де, оның түсі индикатордың металмен түсінен (қызыл) өзгеше түс (көк) береді.

Комплексонометриялық титрлеу кезінде эквивалент нүктесін көбінесе органикалық бояғыш индикаторлар көмегімен анықтайды.Олар металдармен түрлі-түсті комплекс қосылыстар түзеді. Мәселен кальций, магний катиондары осындай индикаторлармен қызыл түсті комплекс береді. Титрлеу кезінде металл иондары индикатордан комплексон ІІІ-ке өтеді де көк түсті бос индикатор бөлінеді. Сонымен, эквивалент нүктеде ерітіндінің қызыл түсі көк түске айналады.
Қазір негізінде арнайы екі индикатор қолданады: қара хромоген ЕТ- ОО (С20Н13О7N3S) және мурексид (С8Н6N6О6).
Хромогеннің анион түрі Нind2- сілтілік ортада көк, металмен қосылысы қызыл түсті болады:
Ме2+ + НІnd2- = H+ + MeInd-
көк қызыл
Комплексон ІІІ - пен (трилон Б-мен) титрлегенде металл-индикатор комплексі (МеInd-) ыдырайды, себебі металл иондары трилон Б-мен тұрақты комплекс түзеді де, индикатор анионы ерітіндіде артық мөлшерде жинақталып оның түсін көк түске бояйды:
МеInd- + [H2 Tr]2- = [MeTr]2- + HІnd2- + H+
қызыл түссіз түссіз көк
Түс өзгерісі рН – 8-10 аралығында анық байқалады. Титрлеу кезінде металл ионы трилон –Б-дан сутегі ионын ығыстырады. Ол ерітінді ортасын өзгертуі мүмкін. Ерітінді ортасын бірқалыпты (рН= 8-10 ұстап тұру үшін хромоген қолданғанда ерітіндіге аммоний буфер қоспасын (NH4OH+NH4CI) қосады. Ол бөлінген Н+ иондарын байланыстырып ерітінді ортасын бірқалыпты сақтап тұрады, қышқылдық болудан қорғайды.
Мурексид (С8Н6N6О6) – пурпур (қызыл) қышқылының аммоний тұзы. Бұл индикатордың анионы Іnd- сілтілік ортада кейбір металдардың екі зарядты катиондарымен әрекеттесіп, ерітіндіні көк түске бояйды:
Ме2+ + Іnd- = MeInd+
көк қызыл
Бұл комплекстерде трилон Б комплекстерінен беріктігі төмен, сондықтан титрлеу кезінде метал ионы комплексон ІІІ-ке (трибон Б) байланысып, индикатор бос түрде бөлініп, ерітіндіні көк түске бояйды:
MeInd+ + [H2 Tr]2-= [MeTr]2- + Іnd- + 2H+
қызыл түссіз түссіз көк
Яғни титрлеудің соңын ерітіндінің түсі көк түске боялғанынан білеміз.
Мурексидті комплексонометриялық әдіспен кальций, мыс, никель иондарын анықтауда жиі қолданады. Реакцияны күшті сілтілік ортада рН=12 жүргізу керек.
Комплексонометриялық титрлеуде сонымен қатар басқа индикаторларды да қолданады; күлгін пирокатехин (ПФ), хром көгі (К), сульфосалицил қышқылы және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет