ІІІ. Жаңа білім негіздерін игерту
Жоспар:
Теориялық бөлім
Инструктаж
Жұмыс орындау
Есептеулер жүргізу, қорытынды жасау.
Теориялық бөлім
Жоспар
Комплексонометрлік титрлеу әдісінің негізі
ЭДТА-ның құрамы, тұрақтылығы және жұмысшы ерітіндісін дайындау
Комплексонометрлік титрлеу индикаторлары
Судың кермектігін анықтауда қолданылуы
Аз иондалатын кешенді иондардың (немесе молекулалардың) түзілуіне негізделген титриметриялық анықтауларды біріктіреді.
Катиондардың органикалық реактивтермен – комплексондармен әрекеттесуге негізделген талдау әдістерін комплексонометриялық деп атайды.
Комплексондар – бұл органикалық қоспалардың – аминополикакарбон қышқылдары туындыларының класы.
Комплексонометрлік титрлеу әдісінің сезімталдығы жоғары (10-3 моль/дм3), дәл қарапайым және тез орындалады.
Кең таралған комплексондар:
▪ Нитрилүшсірке қышқылы немесе комплексон I.
▪ Этилендиаминтетрасірке қышқылы немесе комплексон II.
▪ Этилендиаминтетрасірке қышқылының динатрийлі тұзы немесе комплексон III.
Трилон Б (ЭДТА).
Комплексон III көптеген К+ айтарлықтай төзімді және суда еритін кешенішілік тұздар түзеді.
Комплексон-III титрлеуде жиі қолданылады. Егер, оның қысқаша формуласы Na2H2Y деп белгілесек төмендегіше ионға диссоциацияланады:
Na 2 H2 Y= 2Na++ H2Y2-
Түзілген НY2- анионы, анықталуға тиісті металл иондары Ме2+,Mе3+ және Mе4+ мен төмендегідей әрекеттесіп хелаттар түзеді: Хелаттар дегеніміз – ішкі комплексті қосылыстар.
Ме2++Н2Ү2- +2Н2О → МеҮ2-+2Н3О+
Ме3++Н2Ү2- +2Н2О → МеҮ2-+2Н3О+
Ме4++Н2Ү2- +2Н2О → МеҮ2-+2Н3О+
Достарыңызбен бөлісу: |