Лекция №11 Тұндыру әдістерінің титрлеу қисықтары. Аргентометрия



бет1/2
Дата04.05.2023
өлшемі39,96 Kb.
#89714
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
Лекция 11 АХ2


Лекция № 11
Тұндыру әдістерінің титрлеу қисықтары
1. Тұндыру әдістерінің титрлеу қисықтары.
2. Аргентометрия.
1. Тұндыру әдістерінің титрлеу қисықтары. Титрлеу әдiстерiнiңанализ жүргiзуге жарамдылығы мен индикаторын таңдау титрлеу қисықтарының көмегiмен жүргiзiледi. Координаттар өсiне түсiрiлген титрлеу қисықтары титрлеу қоспасындағы анықталатын зат (немесе титрант) концентрациясының қосылып отырған титрант көлемiне бағыныштылығын көрсетедi. Концентрацияны рН (көрсеткiш) функциясы арқылы көрсету тиiмдi.
р А=-lgCA, pH=-lgН+  тәрiздi.
Екi әрекеттесiп тҮрған заттыңА+В=АВ көрсеткiштерi р А+рВ=
=рЕКАВ
Мысалға, натрий хлоридiн күмiс нитратымен титрлеу алынады. Хлор иондары бар ерiтiндiнi АgNO3-ның стандартталған ерiтiндiсiмен титрлеу барысында АgCl тұнбасы түзiледi.
АgCl тҮнбаныңерiгiштiк көбейтiндiсiн ( ˜10-10 ), титрлейтiн ион (Сl-) мен титрант ерiтiндiсiнiң(Аg+) концентрацияларын бiле отырып, титрлеудiң кез-келген моментiнде Аg+, Сl- өзгеруiн есептеуге болады.
Титрлеуге алынған ерiтiндiлер
С(NаСl) =0,1моль/л
V(NаСl) =100,00 см3
С(АgNO3)=0,1моль/л
1-нүкте: Титрлеуге дейiн ерiтiндiдегi хлор иондарының концентрациясы есептеледi.
Сl-=СNaCI ,себебi NаСl күштi электролит болғандықтан, иондарға толық диссоцияланады рСl=-Ig NаСl =-Ig-1=1.
2-нүкте: Титрлеу барысында, NaCl ерiтiндiсiне 50 мл АgNO3 қосылады. Тұнбаға түспей, ерiтiндiде 50 мл NаСl қалады, бұл кезде ерiтiндiдегi Сlиондарының концентрацияcы 2 есе азаяды.
Сl-= 10-2 г-ион/л

рСl=2Ig10-Ig5=1,3; рСl + рАg= 10 болғандықтан, рАg мәнi есептеледi: рАg = 10 – рСl = 8,7


3-нүкте: Ерiтiндiге 90 мл АgNO3 ерiтiндiсi қосылады. Ерiтiндiде реакцияға түспей, 10 мл NаСl қалады.

Сl-= -2 г-ион/л


рСl=-lg10-2=2; рАg = 8


4-нүкте: Ерiтiндiге 99 мл АgNO3 ерiтiндiсi қосылады.
Сl-= -2 г-ион/л
рСl=-lg10-3=3; рАg = 7
5 нүкте: Ерiтiндiге 99,9 мл АgNO3 ерiтiндiсi қосылады.
Сl-= - г-ион/л
рСl=-lg10-4=4; рАg = 6


6- нүкте: Ерiтiндiге 100 мл АgNO3 ерiтiндiсi қосылады, эквивалент нүктесiнде Сl- -иондарының концентрациясы ЕКAgCI мәнiнен алынады.

ЕКAgCI= Аg+ Сl-=10-10


Сl-=Аg+=
pCl=- ; рСl = рАg = 5


7-нүкте: Эквивалент нүктесiнен кейiн титрлеу барысында СIиондарының концентрациясы аз болып, Аg+-иондарының концентрациясы жоғарылайды, сондықтан титрлеу қоспасындағы Аg+ анықталады., ал Сl- мөлшерi рАg+pCl=10 теңдiгiнен есептелiп отырады. Ерiтiндiге 100,1 мл АgNO3 қосылады, реакцияға түспей 0,1 мл АgNO3 артық қалады, жалпы ерiтiндiдегi Аg+-иондарының концентрациясы есептеледi.
Аg+ = г-ион/л
рАg=-lg10-4=4 рСl=6
8-нүкте: Ерiтiндiге 101 мл АgNO3 қосылады.
Аg+ = г-ион/л
рАg=-lg10-3=3; рСl=7


9-нүкте: Ерiтiндiге 110 мл АgNO3 қосылады. Реакциядан кейiн 10 мл АgNO3 артық қалады.
Аg+ = г-ион/л
рАg=2; рСl=8
10-нүкте: Ерiтiндiге 150 мл АgNO3 қосылады. Реакциядан кейiн 50 мл АgNO3 артық қалады.
Онда есептеу бойынша, рАg=1,3; рСl=8,7.
11-нүкте: Ерiтiндiге 200 мл АgNO3 қосылады. Реакциядан кейiн 100 мл АgNO3 артық қалады.
Онда есептеу бойынша, рАg=1; рСl=9.
Есептелген рСl, рАg мәндерiн пайдаланып, титрлеу қисықтары тұрғызылады.
Абсцисса осiне қосылған титрант көлемi, ордината осiне, қосылған көлемге сәйкес рСl (рАg) мәндерiн түсiрiледi.
NaCl-тi АgNO3-пен титрлеу барысында тұрғызылған титрлеу қисығын талдау: а)Титрлеу қисығында рСl = 4- 6 аралығында түзу сызықты күрт секiрме болады. Осы мәндер аралығында түсiн өзгертетiн химиялық индикаторлар қолданады. Бұл қисық титрлеу процесi барысында титрлеудiң кез-келген моментiнде рСI және рАg өзгеруiн қадағалауға мүмкiндiк бередi.
Титрлеудiң алғашқы кезiнде рСl мәнi ақырындап, ал э/н –iне жақын маңда жылдам өзгередi. Яғни титрлеудiңбас кезiнде АgNO3-тiң титрленген ерiтiндiсiн мл-леп қосқанда ерiтiндiдегi рСl-мәнiн аз өзгередi, ал э/н жақын маңда рСl мәнi жылдам өзгередi, сондықтан титрант тамшылап қосылады. Ерiтiндiдегi рСl мәнiнiң өзгеруi рСl /С қатынасы мен титрант көлемi арқылы тұрғызылған титрлеу қисығынан айқын байқалады. МҮнда, рСl-титрлеудiңберiлген кесiндiсiндегi хлор иондарының көрсеткiшiнiң өсуi.
б) Титрлеу секiрмесiне титрленетiн галогенидтердiң концентрациясы әсер етедi. Концентрацияны 0,001 моль/л дейiн азайтқанда секiрме мүлде жойылады, ал 1,0 моль/л дейiн жоғарылатқанда секiрме мәнi өседi. ( СґЖ: титрлеуге С(АgNO3)=0,01 моль/л, С(NaCl)=0,01 моль/л және С(АgNO3)=1,0 моль/л С(NaCl)= 1,0 моль/л ерiтiндiлерiн алып титрлеу қисықтарын тҮрғызу).
Бiрақ концентрлi ерiтiндiлермен жұмыс жасағанда титрлеу қателiктерi жоғарылайды. Сондықтан титрлеу 0,1 моль/л ерiтiндiлерiмен жүргiзiледi.
в) Тұндырылған тұнбаның ерiгiштiгiне титрлеу қисығына әсерi.
Тұндыру титрлеу әдiсiнде түзiлетiн қосылыс аз еритiн қосылысқа жатады. Ол қосылыстың ерiгiштiгiне байланысты қателiктер анализ нәтижесiне әсер етуi мүмкiн.
Тұндырылатын қосылатын ерiгiштiгi аз болған сайын, титрлеу секiрмесi үлкен болады.
Мыс, титрлеуде ЕК-нiңмәнi, секiрме мәнi
NaCl 1,710-10 2 бiрлiк
NaBr 3,310-13 4 бiрлiк
NaI 8,510-17 8 бiрлiк

Секiрме мәнi үлкен болған сайын, титрлеу дәлдiгi жоғары болады.


г)Тұндыру титрлеу қисықтары э/н мен салыстырғанда
КtAn қосылыстары үшiн – симметриялы, ал Кt2An – симметриялы емес болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет