заттардың химиялық, физикалық құрамын, бізді қоршаған заттар және материалдарды, зерттелетін үлгінің құрамына кіретін молекулалардың құрылымдық және кеңістіктік құрылысын анықтайтын әдістер туралы ғалым
Аналитикалық химия мақсаты: аналитикалық әдістердің теориялық негіздерін жан жақты кеңінен зерттеу, әртүрлі ортада элементтер мен олардың қосылыстарының болу формасын, агрегаттық күйін зерттеу, координациялық қосылыстардың тұрақтылығын және құрылысын, құрамын анықтау, заттардың термиялық, оптикалық, электрохимиялық, магниттік және т.б. сипаттамаларын зерттеу.
Аналитикалық химия міндеттері:
Зат табиғатын анықтау (органикалық және бейорганикалық).
Зат құрамын анықтау (иондар, молекулалар, атомдар) және элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау.
Негізгі компоненттің құрамын анықтау және құрамындағы қоспаларын анықтау.
Алғашқы масс-спектрлерді Ұлыбританияда 1910 ж. (Томсон) және 1919 ж. (Астон) алды.Масс-спектрометрия (МС)
МС әдісі – заттарды зерттеу мен талдау әдісі
Масс-спектроскопия - затты оның құрамына кіретін атомдар мен молекулалардың массаларын және бұлардың санын анықтау жолымен зерттеу әдісі. Массалар мәндерінің жиынтығы және бұлардың салыстырмалы құрамы масс-спектр деп аталады.
Масс- спектрометрия арқылы шешілетін физикалық және химиялық міндеттер
Элементтердің изотоптық құрамын және жаңа элементтердің массалық сандарын анықтау
Изотоптарды бөлу
Изотоптардың жартылай ыдырау периодын анықтау және геологиялық жасын анықтау
Заттың құрамын анықтау - сапалық және сандық талдау. Молекулалық құрылымын және энергетикалық сипаттамаларын анықтау.