ІІ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП АНИОНДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
ІІ топқа Cl-, Br-, I-, S2- аниондары жатады. Олардың тұздарының көпшілігі суда ериді. Бірақ күміс, сынап және қорғасын тұздарынан басқалары. ІІ топтың аниондары үшін топтық реагент - 2М HNO3 қатысында AgNO3, ол ІІ топ аниондарымен күміс тұздарының тұнбаларын түзеді, бұл тұнбалар І топ аниондарының күміс тұздарына қарағанда сұйытылған азот қышқылында ерімейді. Бұл аниондардың барий тұздары суда ериді. Бұл аниондар тотықсыздандырғыш қасиетке ие, сульфид ионында тотықсыздандырғыш қасиет ең көп байқалады. Сl–, Вr–, I– аниондары күшті бір негізді қыщқылдар түзеді және сулы ерітіндіде гидролизге ұшырамайды. Осы аниондар үшін комплекс түзу реакциялары да тән. ІІ топтың барлық аниондары түссіз.
ІІ топ аниондарының реакциялары
Реагент
|
Аниондар
|
Cl-
|
Вr-
|
I-
|
S2-
|
AgNO3
НNО3 қатысында
|
AgCl
ақ тұнба
|
AgВr ашық сары тұнба
|
AgІ
- сары тұнба
|
Ag2S
қара тұнба
|
Күміс тұзының
НNО3 –ке қатынасы
|
Ериді [Аg(NН3)2]Сl
түзеді
|
Ериді
|
Ерімейді
|
Ерімейді
|
Күшті тотықтырғыштар (K2Cr2О7, КМnО4, МnО2)
|
Сl2↑
|
Br2↑
|
I2↓
|
S↓
|
Хлорлы су (бензол қатысында)
|
-
|
Br2
қоңыр түсті
|
I2 -
күлгін түсті
|
-
|
NaNО2 немесе KNО2
|
-
|
-
|
I2↓
|
-
|
Рb(СН3СОО)2
|
-
|
-
|
РbI2↓ - сары
|
-
|
K4[Fе(СN)6]
+НNО3+АgNО3
|
Аg3[Fе(СN)3]
қоңыр тұнба
|
-
|
-
|
-
|
СdСО3
|
-
|
-
|
-
|
CdS↓ сары
|
Фуксинкүкіртті қышқыл
|
-
|
Көк күлгін
|
-
|
-
|
Na2[Fe(CN)5NO]
|
-
|
-
|
-
|
Na4[Fe(CN)5NO]
|
H2SО4 немесе HCl
|
-
|
-
|
-
|
H2S↑
|
Қоспадағы аниондарды бөлшектік әдіспен, ерітіндінің жеке бөліктерінде және ерікті ретпен жүргізуге болады.
SО42- ионын анықтау. Зерттелетін ерітіндінің бірнеше тамшысын 2М НСl ерітіндісімен (қышқыл реакцияға дейін) қышқылдайды және ВаСl2 ерітіндісін қосады. Сульфат-иондар болса, минералды қышқылдарда ерімейтін ВаЅО4 ақ тұнбасы түзіледі.
S2О32- ионын анықтау. Зерттелетін ерітіндінің бірнеше тамшысын 2М НСl ерітіндісімен қышқылдандырады және қыздырады. S2О32- қатысуымен ақ немесе сарғыш (күкірт) тұнба пайда болады. Тиосульфат-иондарды АgNО3 реакциясы арқылы анықтауға болады.
SО32- ионын S2О32- ионының қатысында анықтау. Зерттелетін ерітіндінің рН мәнін йод суын қосқанға дейін және одан кейін анықтайды. SО32- ионы тотығуы нәтижесінде ерітіндінің рН-ы төмендейді:
SО32- + І2 + Н2О = SО4 2- + 2І- + 2Н+
Ал І2 S2О32- иондарымен әркеттессе, ерітінді рН-ы өзгермейді:
2S2О32- + І2 = S4О62- + 2І-
СО32- ионын анықтау. Егер ерітіндіде SО32-- және S2О32—иондары болса, онда зерттелетін ерітіндіні алдымен КМnО4 артық мөлшерімен қызғылт түске дейін өңдейді, сонан соң ізбес суы бар пробиркаға құйып, 1М Н2SО4 ерітіндісін қосады.
РО43- ионын анықтау. Аммоний молибдатымен реакция жүргізеді.
№18 зертханалық жұмыс
ІІ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП АНИОНДАРЫНЫҢ
САПАЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРЫ
Cl-, Br-, I-, S2-
Сульфид S2– иондарды анықтау реакциялары
1. Күміс нитратының әсері
AgNO3 S2– ионымен қара Ag2S тұнба түзеді:
S2– + 2Ag+ → Ag2S↓
Тұнба NH3, Na2S2O3, KCN ерімейді, бірақ 2М НNO3 қосып қыздырса ериді:
3Ag2S↓ + 8НNO3 → 6AgNO3 + 3S↓ + 2NO↑ + 4Н2О
2. Күшті қышқылдар әсері
Күшті қышқылдар H2SО4 немесе HCl сульфидтерді ыдыратып, күкіртсутек түзеді:
Na2S + 2HCl = 2NaCl + H2S↑
Күкіртсутекті иісі бойынша немесе қорғасын ацетатының ерітіндісімен фильтр қағазының жолағын пробирка аузына әкелгенде, қағаздың қараюы бойынша анықтайды:
H2S↑ + Pb(CH3COO)2 = PbS↓ + 2CH3COOH
Хлорид Cl– иондарды анықтау реакциялары
1. Күміс нитратының әсері
AgNO3 Cl– ионымен AgCl ақ тұнба түзеді, НNO3 ерімейді, бірақ NH3, (NH4)2СО3, Na2S2O3 және KCN ерітінділерінде ериді.
Cl– + Ag+ → AgCl↓ (жарықта қараяды)
Аналитикалық маңызды қасиеті AgBr, AgI, AgSCN қарағанда - AgCl тұнбасы 12% аммоний карбонатында ериді:
AgCl + 2(NH4)2СО3 → [Ag(NH3)2]Cl + 2NH4HСО3
Реакцияны орындау: 1-2 тамшы NaCl ерітіндісіне сондай көлемде AgNO3 ерітіндісін қосады. Алынған тұнбаны AgCl центрифугалап, шайып және NH3 немесе (NH4)2СО3 ерітіндісмен өңдейді. Тұнба еріп, ерітіндіге комплекс түрінде - [Ag(NH3)2]Cl ауысады. Ерітінідіні НNO3 қышқылымен әрекеттестірсе, қайтадан AgCl тұнбасы түзіледі:
NaCl + AgNO3→ AgCl↓ + 2NaNО3
[Ag(NH3)2]Cl + 2 НNO3→ AgCl↓ +2NH4NО3
2. Күшті тотықтырғыштар әсері
Күшті тотықтырғыштар (K2Cr2О7, КМnО4, МnО2) Cl– иондарын Cl2 шейін тотықтырады:
2Cl– + МnО2 + 4Н+ = Cl2 + Mn2+ + 2H2O
Түзілген Cl2 иісі бойынша анықтайды немесе КІ ерітіндісімен және крахмал клейстерімен шыланған фильтр қағазының жолағын пробирка аузына әкелгенде, қағаз көгереді:
Cl2 + 2I- = 2Cl- + I2
Бромид Br– иондарды анықтау реакциялары
1. Күміс нитратының әсері
AgNO3 Br– ионымен AgBr сары түсті тұнба түзеді, НNO3 ерімейді, NH3 аз ериді, Na2S2O3 пен KCN жақсы ериді.
NaBr + AgNO3→ AgBr↓ + 2NaNО3
Br– + Ag+ → AgBr↓
Реакцияны орындау: 2-3 тамшы NaBr ерітіндісіне сондай көлемде AgNO3 ерітіндісін қосады. Түзілген тұнбаны AgCl-мен салыстырады. Алынған тұнба AgBr 2М НNO3 және NH3 ериді.
2. Хлорлы судың әсері
Хлорлы су бромид-ионды бос бромға дейін тотықтырады:
2NaBr + Cl2 = 2NaCl + Br2
Реакцияны орындау: 2-3 тамшы NaBr ерітіндісіне сондай көлемде H2SО4 ерітіндісін, хлорлы су және бензол қосады. Бөлінген бром органикалық қабатты сары-қызыл түске бояйды.
Йодид I– иондарды анықтау реакциялары
1. Күміс нитратының әсері
AgNO3 I– иондарымен сары AgI тұнбасын түзеді, тұнба НNO3, NH3, (NH4)2СО3 ерімейді, Na2S2O3 пен KCN жақсы ериді:
KI + AgNO3→ AgI↓ + KNO3
I– + Ag+ → AgI↓
Реакцияны орындау: 2-3 тамшы KI ерітіндісіне сондай көлемде AgNO3 ерітіндісін қосады. Түзілген тұнбаны AgCl-мен салыстырады. Алынған тұнбаның AgI 2М НNO3 және NH3 ерітінділеріндегі ерігіштігін байқайды.
2. Хлорлы судың әсері
Хлорлы су йодид-ионды бос йодқа дейін тотықтырады:
2KI + Cl2 = 2NaCl + І2
Реакцияны орындау: 2-3 тамшы KI ерітіндісіне сондай көлемде H2SО4 ерітіндісін, хлорлы су және бензол қосады. Бөлінген йод органикалық қабатты күлгін түске бояйды:
Қорғасын (ІІ) ионының әсері
Pb2+ тұздары йодид-ионмен алтын-сары түсті PbI2 тұнбасын түзеді:
Pb2+ + 2I– = PbI2↓
Реакцияның орындалуы: калий йодиді ерітіндісінің 2-3 тамшысына сонша Pb2+ тұзының ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау. Осы пробиркаға 8-10 тамшы дистильденген ыстық су қосып, түнбаның ерігенін байқау. Пробирканы суытып қайта ине тәрізді алтын-сары түсті кристалдардың түзілгенін көру.
ІІІ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП АНИОНДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
ІІІ аналитикалық топқа NO3-, NO2-, CH3COO- аниондары жатады. Олардың тұздары, соның ішінде барий және күміс тұздары, суда оңай ериді. Сондықтан осы топ аниондары үшін топтық реагент жоқ. Нитраттар мен нитрит иондарының табу үшін тұнбаға түзу реакциялары қолданылмай, тотығу- тотықсыздану реакциялары қолданылады, оларда бұл аниондар белсенді тотықтырғыш ретінде әрекет етеді.
ІІІ топ аниондарының реакциялары
Реагент
|
Аниондар
|
NO3-
|
NO2-
|
CH3COO-
|
FeSО4 қышқыл ортада
|
[Fe(NO)SО4] қоңыр сақина
|
[Fe(NO)SО4]
қоңыр сақина
|
-
|
Дифениламин
|
көк ерітінді
|
көк ерітінді
|
-
|
Антипирин
|
Нитроантипирин
қызыл ерітінді
|
Нитрозоантипирин жасыл ерітінді
|
-
|
Сu + H2SО4
|
NО2 ↑ қоңыр газ
|
-
|
-
|
H2SО4, HCl сұйытылған
|
-
|
NО2↑ қоңыр газ
|
-
|
KІ + H2SО4
|
-
|
I2
|
-
|
КМnО4 + H2SО4
|
-
|
Түссіздену
|
-
|
Грисс ерітіндісі
|
-
|
Қызыл түске боялу
|
-
|
H2SО4 концентрлі
|
-
|
-
|
CH3COOН
иісі бойынша
|
FeCl3
|
-
|
-
|
Fe(CH3COO)3
қызыл-қоңыр ерітінді
|
Амил спирті
|
-
|
-
|
CH3COO C5H11
Алмұрт эссенциясының иісі
|
№19 зертханалық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |