Іске асыру құралы:Оқушыларды шығармашылық қызметіне ойын әдістері арқылы қызықтыру.
Мектепке дейінгі және мектептен тыс оқу мекемелерінде ойын – оқыту әдісі ретінде халық педагогикасында кеңінен қолданады.
Қазіргі мектептерде ойын – қызмет ретінде төмендегі жағдайларда қолданылады.
Жеке технология ретінде ;
Оқу пәнінің бөлімін ,тақырыбын ұғып меңгеру үшін;
Кең көлемді технология бөлігі ретінде ;
Сабақ ретінде ,не болмаса оның кезеңдері / кіріспе ,түсіндіру ,бекіту, жаттығу орындау,бақылау/;
Сыныптан тыс жұмыстар технологиясы.
Ойын түрлері оқу кезінде сабақтарда ойын тәсілдері мен жағдайлар туғызу арқылы құрылып, оқушылардың оқуға деген қызметін ынталандырып талаптануына тәсіл ретінде қолданылады.
Ойын тәсілдері мен жағдайларын сабақ кезінде өткізу мына негізігі бағыттарда жүргізіледі:
Дидактикалық мақсат оқушыларға ойын түрінде беріледі;
Оқу қызметі ойын ережелеріне бағынады;
Оқу материалы оның құралдары ретінде қолданылады, құыту қызметіне жарыс ретінде кіргізіп, дидактикалық міндеттерді ойынға айналдырады;
Дидактикалық тапсырмаларды орындау ойын қорытындысымен байланыстырылады.
Ойындарды дене ( қозғалыс ),ой-өрісі (ақыл-ой),еңбек ,әлеуметтік және психологиялық қызметтер түрлеріне бөлу керек.
Ойындар ерекшеліктеріне қарай мына топтпрға бөлінеді:
а/ оқыту,жаттығу,бақылау және қорытындылау;
б/ таным,тәрбие,даму:
в/ еске алу,өнімділік,шығармашылық;
г/ коммуникативтік,таным әдісі,кәсіпке бағдарлау және т.б.
Ойын әдістемесі пән бойынша сюжеттік ,рөлдк, іскерлік,еліктеушілік және драмалық ойындар.
Пәндер бойынша ойындар барлық оқу пәндері саласына бөлінеді.Ойын ортасы ойындартехнологиясының ерекшелігін анықтайды:затпен және затсыз ойындар үстел үстінде ,көшеде ,бөлмеде ,компьютерде ,оқу техникалық құралдармен және түрлі жүру техникасымен.
Дамыту ойындар технологиясы ( Б.П. Никитин).
Ойындар қызметінің бағдарламасы түрлі дамыту ойындарынан тұрады.Олар ортақ ойлардан шығады және сипаттамалық ерекшеліктерін игереді.
Әр ойын көптеген мақсаттардан тұрады,олады балалар кубтар,квадраттар,ою-өрнектер ,бұйым бөлшектер арқылы шешеді.
Пәндер бойынша дамыту ойындарына құрылыс ,еңбек және техникалық ойындар жатады.
Тапсырмалар әр түрлі түрлерде беріледі:үлгілер түрінде ,изометриядағы жайпақ сурет,сызба ,жазбаша немесе ауызша нұсқаулар және т.б.,сонымен оларды түрлі мәлімет беру әдістерімен таныстырады.
Тапсырмалардың қиындығы өте көлемді олар төменгі сынып оқушыларына лайықтыдан жоғарғы сынып оқушыларының шамасынан жоғары болып келеді. Сондықтан ойындар оқушының тұрақты қызығушылығын туғызады Ойындардағы тапсырмалардың бірте-бірте өсу қиындығы балалардың алға ұмтылуына көмектеседі ,сол арқылы шығармашылық қабілетін дамытады.
Оқушыларға тапсырмаларды шешу дерексіз түрдегі жауап сияқты емес,олар сурет ,геометриялық денелер бұйым бөлшектері көрінетін және сезінетін заттар түрінде беріледі.
Дамыту ойындарының негізгі ерекшелігі мынада:жеңілден ауырға деген ең бір негізгі көзқараспен қабілетіне қарай өз бетінше шығармашылықпен қызмет жасау көзқарасы біріктірілген ,сонда ғана бала өз мүмкіндігін пайдалана алады.
Бұл ойын кезінде бірнеше мәселелерді ,шығармашылық қабілеттерін дамытуға байланысты шешуді қамтамасыз етеді:
Жас кезден бастап дамыту ойындары шығармашылық қабілеттерін дамытуға маңызы зор;
Ойынның барлық кезеңдерінде баланың қабілеттерін дамытудың алдын алуға жағдай жасайды;
Өз деңгейіне өзінше көтеріле отырып,бала одан ары нәтижелі дамиды;
Мазмұнына қарай дамыту ойындары әртүрлі ,олар мәжбүрлікті көтермейді ,бостандықтық және қуаныштықтық шығармашылыққа жағдай туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |