Қанат Жүнісов Алғашқы махаббат (комедия) Кейіпкерлер


Қайыржан: Қаңқ-қаңқ... қаңқ-қаңқ... Батыр



бет23/24
Дата14.10.2023
өлшемі56,75 Kb.
#114624
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Алғашқы махаббат

Қайыржан: Қаңқ-қаңқ... қаңқ-қаңқ...
Батыр: Ауылдарыңның иттеріде бір түрлі екен. Қандай и өзі? Жақындап көрейінші.
(Батыр жақындай бергенде ауладағы шуды естіп Гүлзат шығады.)
Батыр: Гүлзат!
Гүлзат: Батыр!
Батыр: Гүлзат!
Гүлзат: Батыр қашан келдің?
Батыр: Гүлзат, жаным менің.
Қанат: (естіртпей кекетіп) «қашан келдің», «Жаным менің».
Гүлзат: Батыр сенің келіп тұрғаныңды жүрегім сезді. Сағындым сені.
Батыр: Менде сені сағындым.
Гүлзат: Батыр, қасында біреу бар ма? Ол кім?
Батыр: Бауырым.
Гүлзат: Мәссаған, бұл өзіміздің Қанат қой.
Қанат: (іштей) Иә өзіңнің Қанатың.
Гүлзат: Бауырың екенін неге ертерек айтпадың?
Батыр: Е, оны кім ойлапты. Мұндағы туыстармен хабарласпағалы көп болған.
Гүлзат: Батыр, оқушымнан ыңғайсыз, жүр үйге кірейік. Ағам үйде жоқ, жеңгем ғана бар. Қысылма, жеңгемнен бауырларыммен таныстырамын. Оларға сен келеді деп айтып қойғанмын.
Батыр: Далада тұра тұрайықшы, бір сөз бар еді.
Қанат: Шіркінімай –ә, кірсеңші мүмкін төсегің салулы тұрған шығар. Туысқан іздеп келді екен десем.
Гүлзат: Уақыт бар ғой, асықпай сөйлесеміз. Үйдегілер күтіп қалар. Жүр, жүр.(кетеді)
Қайыржан: (үйшіктің ішінен басын шығарып) Мойнақты атам жайлауға ертіп кетіпті.
Қанат: Өй атаңды Мойнағымен қосып. Қылқимай кір ұяңа.
Қайыржан: Ренжіп қалдың ба?
Қанат: Кет дедім ғой саған. Ешкімді көргім келмейді.
Қайыржан: Жарайды ашулан ба. Мен үсті-басымды тазалып келейін.
Қанат: Әй Мойнақ, Мойнақ. Дос емес ит екенсің. Әкетті әне Катяны, әкетті! Айырылып қалдым. Әттең, қолымда аттестат болғанда бұлай болмас еді. Қош бол менің баянсыз махаббатым.
Қош бол менің сүйіктім,
Қош бол менің арманым.
Сезбедің сен бір жанның,
Жараланып қалғанын.
Қош бол, Қош!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет