Қанат Жүнісов Алғашқы махаббат (комедия) Кейіпкерлер


Қанат: тамағым ауырып тұр, О, ангинам! Гүлзат



бет16/24
Дата14.10.2023
өлшемі56,75 Kb.
#114624
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Байланысты:
Алғашқы махаббат

Қанат: тамағым ауырып тұр, О, ангинам!
Гүлзат: Дұрыстап қарайықшы, мүмкін ештеңе жоқ шығар.
Қанат: Қозғалсақ, тіпті жаман болар. Осылай тұра берейік, сонда ешкім тиіспейді.
Гүлзат: Қане, жіберші, мен қайтадан қарайын.
Қанат. Қарамаңыз, жүрегіңіз жарылады.
Гүлзат: Қатты қысып жібердің, босатшы.
Қанат. Босата алмаймын.Қолым қарысып қалды.
Гүлзат: О,Құдайым өзің сақтай гөр.
Қанат: Мен де сізді сақтай аламын.
(сол кезде есік ашылып Қайыржан кіреді)
Гүлзат: Есік ашылған секілді.
Қанат: Кім ей бұл?
Қайыржан: Қайыржанмын.
Қанат: Болсаң қайтейін.
Гүлзат: Қабыланбеков! Құтқар бізді.
Қайыржан: Мә, не істеп тұрсыздар?
Гүлзат: Қанаттың қолы қарысып қалды. Дәлізден ештеңе көрмедің бе?
Қайыржан: Жоқ, ештеңе көрмедім.
Қанат: Үй, соқыр, жаңа жүрген.
(Гүлзатты босатып алады).
Гүлзат. Бізге көрінген нәрсе саған көрінбеді ме?
Қанат. Оның атасы молда болған, бәлкім мұны көріп, қашып кеткен шығар.
Гүлзат: Тзірек кетейікші, қатты шошып қалдым. Пысымылла, пысымылла. Қабыланбеков, сен болмағанда,.. Сен өзі кештетіп мұнда не қылып жүрсің?
Қайыржан: Сығалап. Жоқ! Қанаттың үйіне барып едім, әлі сабақтан келмедй деді. Содан кейін іздеп келдім.
Гүлзат: Келгенің жақсы болды. Мен өзі қорқақпын, мына Қанат мене де өткен қорқақ екен. Құдай сақтасын.
: (Гүлзатқа естіртпей)мақұлық, неге кілдің? Енді ғана бетінен сүйгелі жатыр едім. Шашынан ғана иіскеп қалдым.
Қайыржан: апайды аядым, қайтадан кетіп қалаайын ба?
Қанат: Енді болмайды! Әттең екі секунд ерте келіп қойдың. Енді ғана....
Қайыржан: Қалай өзі, бірдеңе айттың ба?
Қанат: Астарлап айтып едім, түсінбейді. Мұғалімдер де түк ұқпайды екен ғой.
Қайыржан: Мен сығалап тұр едім апай есікті ашып қалды, тұра қаштым. Мен одан шошып жүрсем, ол да менен шошиды екен.
Гүлзат: Әй, болыңдар. Мені үйге жеткізіп тастамасаңдар қорқамын. Екеуің екі жағымнан ұстап жүріңдерші.
(Келесі көрініс. Гүлзат пен Қайыржанның үйі қабырғалас салынған,
ауласы бір.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет