Қанат жойқынбектегі жазушы Бірінші қатар



Pdf көрінісі
Дата30.12.2016
өлшемі0,53 Mb.
#753

Қанат ЖОЙҚЫНБЕКТЕГІ 

жазушы 

Бірінші  қатар: (солдан оңға  қарай) Сапарғали Ләмбеков, Еркеш Ебекенов, Тұманбай Молдағалиев, Евней Букетов, Жайық Бектұров, 

Әмен Әзиев. Екінші  қатар:  Құлмағанбет Еспаев, Өтен Ахмет,  Қанат Жойқынбектегі, Кәрім Сауғабай, Раушан Бәстемиева, Тілеуғазы 

Бейсембек, Светлана Омарова, Сүйіндік Жанысбай. 1978 жыл. Фото автор архивінен.  Қарағанды. 

БАСТАУ 

Ақын Еркеш Ибраһим (Ебеке-

нов) елу алты жасында дүниеден 

өтті.  А қ ы н д ы қ ойы толысып, 

ақылы ірілеген шағы еді бұл. Ер-

кеш Алматыдағы  Қазақтың С.М. 

Киров  а т ы н д а ғ ы мемлекеттік 

университетінің журналистика 

бөлімін бітіргеннен кейін 1955 

ж ы л ы  А р қ а ғ а  қ а й т а  о р а л д ы . 

Әуелі Көкшетаудың облыстық 

газетінде, кейін "Социалистік 

Қазақстан - Егеменді  Қазақстан-

ның" Көкшетау, кейін  Қарағанды 

облыстарындағы меншікті тілшісі 

болып істеді. Еркеш  қ а ж ы р л ы 

еңбегімен сый-құрметке бөленді. 

КСРО Жазушылар Одағына өтті. 

КСРОЖурналистер сыйлығының 

лауреаты болды, бірнеше орден, 

медальдармен марапатталды. 

Еркеш сөз туа  қалғанда айта-

тын, менің бұл тіршілігімдегі бас-

ты шаруам ақындығым дейтін. 

Бұл жолда да ол көш соңында 

қалған жоқ, ақындардың думанды 

орталығы Алматыдан шалғайда 

жүрсе де ақындық күшімен, олар-

дың ортасынан өз орнын жеңіп 

алды. Соның дәлелі, ақынның елу 

жылдығыңда  Қазақстан Жазушы-

лар Одағының  қаулысымен екі 

томдық таңдамалы шығармалар 

жинағын "Жазушы" баспасы шы-

ғарды. 

Өзі айтатын, менің ақындық 



өмірім енді басталды, алпысқа кел-

ген соң басқаның бәрін  қойып, 

зейнеткерлікке шығып, тек өлең 

жазуға берілемін дейтін. Еркеш 

б ұ л а й ойлағанмен,  Ж а р а т у ш ы 

басқаша белгілеген болып шықты. 

Сол алпысқа жете алмай ол дүни-

еге аттанып кетті. 

Ақын, жазушылардың басқа-

лардан бір артықшылығы бар, 

олар өлсе де,  қалдырған дүниелері 

х а л қ ы м е н бірге  ж а с а й д ы . Рух 

дүниесіне айналады. Артында он-

нан астам өлеңдер жинағын  қал-

дырған Еркеш халқының жан бай-

лығына айналып отыр. 

Ешбір адам бұл өмірге іштен 

бәрін біліп тумайды. Әрбір кісінің 

өзінде  құдай берген ерекшелігі бо-

лады, оны талант дейді. Жарату-

шы да оны осындай  қасиеттен 

кенде  қалдырмапты. Еркеш ақын-



Естелік-эссе 

дық талантын жүзеге асыра білді. 

Сонау мектеп табалдырығында 

жүрген кезде-ақ өлеңге бой  ұрып 

жаза бастаған. Ол кездегі жастар-

дың да жыры айрықша еді. Соғыс 

салған жараның әсерімен туындап 

жатты. Кейін сол  к ү н д е р д і ң 

көрінісі есебінде мынадай шумақ-

тар туындаған еді: 

Айырылып әкемізден, 

ағамыздан, 

Осылай алды майдан 

жағамыздан 

Біз кеттік плуг  ұстап 

жер жыртуға, 

Қалыспай жеңгемізден, 

ағамыздан. 

Өмір  а у ы р т п а л ы ғ ы н мол 

көргендіктен бе, балалық шағы со-

ғыспен тайталасып  қоса өскен Ер-

кеш тәрізді ақындардың жырлары-

на уақыт айрықша леп, тазалық 

бергендей. Еркештің  а қ ы н д ы қ 

өмірі дұрыс, жақсы басталды. Ат-

басар 

қ а з а қ орт а мектебі н 



бітіргеннен кейін білім алу үшін 

Алматыға барды. Бұл кезде бұнда 

соғыстан да, ауылдан да топтасып 

өлең  қуған жастар келіп жатыр 

еді. Ақындардың топ бастаушысы 

болып соғыстан  Қасым Аманжо-

ловтың оралған беті еді. Оның ма-

ңайына өнерлі жастар үйіріле ба-

стады. Ақтөбеден Ізтай Мәмбетов, 

Керекуден Кәбдікәрім Ыдырысов, 

Нарынқолдан Мұқағали Мақата-

ев, соғыстан оралған Тоқаш Бер-

дяров, бұлардың ізін  қуып, кейін 

қазақ поэзиясының көш бастау-

шылары атанған Тұманбай Мол-

дағалиев, Сағи Жиенбаев,  Қадыр 

М ы р з а л и е в келді.  А л м а т ы д а 

Еркештің нағыз ақындығы осын-

дай ортада басталған еді. Еркеш 

а қ ы н д ы ғ ы н а  б ұ л а р ,  о л а р ғ а 

Еркештің әсері болғаны сөзсіз. Ер-

кеш өзінің бір естелігінде Ізтай 

Мәмбетовты жиі еске ала береді. 

Оның венгер классигі Шандор 

Петефидің өлеңдер аудармасын 

қ ызығ а о қ ығаны н еске алады . 

Осылай екеуінің арасында достық 

қатынас  қалыптасқанын айрықша 

бір леппен жазады. Студенттер 

арасында Ізтайдың ерте 

ержеткенін танытқандай күй бар 

еді, сондықтан да ол басқаларына 

қарағанда Жазушыла р одағына 

кірікті болғанын жазады. Соның 

бір белгісі, университетте оқып 

жүріп-ақ "Әдебиет және искусст-

во" журналында  қызмет атқарға-

нын айтады. Біз алғашқы кезде 

үлкендерге көп жуымай, соны көз 

тұтып журнал редакциясына бара 

беретінбіз дейді. "Алғашқы, 

Ізтаймен білісе  қоймаған кезіміз, 

ол менен бір курс жоғары оқиды. 

Қағаздарымды  құшақтап журнал 

редакциясына жетіп бардым. Есік 

алдында тұрып  қалғанмын. Ізтай 

бірінші тіл  қатып: 

- Иә,  қандай бұйымтайың бар,-

деді. 

Мен өлеңімді көрсеттім. Ізтай 



көз жүгіртіп оқып шықты да, "ба-

самыз" деп менің көңілімді бір 

ауыз сөзбен көтеріп жібергендей 

болды. Бұл уақиға шабытымды 

тасытып, өлең жазуды жиілеттім. 

Келесі жолы барғанда "Перронда", 

"Қол шана" деген  қысқалау екі 

өлеңімді алып бардым. Осылай ма-

ған қазақтың маңдайына басқан 

жалғыз әдеби журналында жол 

ашылып, көп кешікпей олар да 

жарық көрді. Өлеңдерімнің жа-

рық көріп, газеттерде басылуына, 

денем де, көңілім де үйренді. 

Біртіндеп осылай балалық  қуаныш 

сезімі басылды. Жазушылар Ода-

ғының үйі өз үйімізге айналып 

кеткен еді. Бір күні Жазушылар 

Одағына келсем бір топ жақсылар 

мен  ж а й с а ң д а р басы  қосылып 

қалыпты. Араларында өзім  қадір 

тұтатын  С е й т ж а н аға, Сырбай 

аға, Жаппар аға бар екен. Ізтай 

мені көріп басқалардан бұрын тіл 

қатып: Еркеш, сүйінші, сүйінші 

деді. Ол айтып үлгермеді, мына 

жақтан оны Сырбай Мәуленов 

тоқтатып; сүйіншіні оған берме, 

маған бер, Ілиястан келген хатты 

алдымен оқыған менмін. Әлі де 

түк түсінбей тұрған маған Мәске-

уде жоғарғы партия мектебінде 

оқып  ж ү р г е н белгілі  қоғам 

қайраткері, әдебиеттің жанашыры 

Ілияс Омаровтың хат жазғанын 

бәрі түсіндірді". 

Қазақтың өнеріне, әдебиетіне 

шаруашылықтың  қай саласында 

жүрмесін бұл кісінің жоғарыда 

отырған интеллигенттер ішінде 

қ ам қ орлығ ы айрықша болатын. 

Еркештің  қаптап жатқан ақындар-

дың ішінен өлеңге  ж а ң а ғана 

қадам жасап жүрген мен жайын-

да, өзіме арнап өлеңдерім туралы 

хат  ж а з а д ы деп үш  ұ й ы қ т а с а 

түсіне кірмеген еді. "Есім шығып 

кеткендей болды,- дейді Еркеш. -

Былай шығып хатты  ж ү з рет 

оқыған шығармын. Оқыған сайын 

ж а з ғ а н д а р ы н а н бір  ж а ң а сыр 

ашылып жатқандай болды. Хатта 

көзім; үлкен ағаның жаңалығы, 

менің келешегімнен үлкен үміт 

күтетінін жазыпты. Тіпті, ол менің 

өлеңдеріме менен де әрмен  қуанып 

тұрғандай көрінді". Еркештің сон-

дағы өлеңі "Қолшана" деп атала-

тын. "Әдебиет және искусство" 

ж у р н а л ы н д а  ж а р и я л а ғ а н  б ұ л 

өлеңде мынандай жолдар бар еді: 

Көз алдымда, 

құйындатып келемін, 

Көңіл тасып, 

рахаттанып күлемін. 

Кенет шанам, 

асау тайдай бұлт етіп, 

Төрт-бес аунап кеткенімді 

білемін. 

Содан бері мен сырғанак, 

теппедім, 

Шанамды да іле қуып жетпедім. 

Балдан тәтті балалықтың 

базары 

Білмей  қаппын, 

сол шанада кеткенін. 

Бар болғаны төрт шумақ өлең-

нен данышпан аға жаңа ғана бой 

көтерген жастың келешегін көрген 

шығар. Әйтеуір, осы хат Еркештің 

поэзияға бір жола бет бұруына 

жағдай жасаған сияқты. 

Содан бері Еркештің өлеңге де-

ген іңкәрлігі бір төмен түскен жоқ. 

Газеттің  қиын жұмысында өлең 

ж а з у д ы бірінші орынға  қойып 

жүрді. Ол кезде мен "Орталық 

Қазақстанның" өндіріс бөлімінде 

істейтінмін. Еркеш астында об-

комның машинасы бар, екеуіміз 

Теміртауға жиі-жиі барып жүрдік. 

Бұл күндері  Қарағанды металлур-

гия комбинатында  қауырт жұмыс 

болып жатқан. Келісім бойынша 

мен Еркеш үйіне телефон соқтым. 

Ол бара  а л м а й м ы н деді мен 

бірдеме болып  қалған екен деп, не 

болғанын сұрадым. - Өлең жазып 

жатырмын. - Ереке өлеңді  қоя 

тұрмайсыз ба, ертең редакцияңыз 

талап етеді, бұл жаңалықтан; оны 

кейін  қоя тұрмайсыз ба? 

- Жұмыстан шығарып жіберсе 

де бармаймын, бір үлкен өлеңге 

шабытым келіп отыр.  Қазір ор-

нымнан тұрсам айырылып  қала-

мын, - деген еді. 

Еркештің поэзияға  құмарлығы 

осындай болған. Бірақ екі  қолына 

қаламды бірдей  ұстағандай болса 

да ол мойыған  ж о қ . Редакция 



тапсырмасын да орындап, өлеңін 

де  қиналмай жазып жүрді. 

Еңбек жолын Көкшетау же-

рінде бастаған Еркеш сол аймақ-

та  ж ү р і п  б і р н е ш е  ө л е ң 

к і т а п т а р ы н  ш ы ғ а р д ы .  Б ұ л 

д ү н и е л е р і  т а б и ғ а т әдемілігіне 

тұнып тұрғандай-тұғын. Содан 

ба, композиторлар білектес бо-

луға шақырды. Еркешті Ш.Қал-

даяқов, Е.Хасанғалиев, Ә.Есбай-

ұлы, М.Бексейіто в тағ ы бас қ а 

композиторлар оның сөзіне сан 

әндер жазды. 

Қ айты с  б о л а р ы н а н бірнеш е 

жыл бұрын Шәмші Алматыдан 

Еркешке хат жазып Көкшетау, 

Бурабай жайында бірнеше өлең 

ж а з а т ы н ы н  а й т ы п т ы .  Ә р и н е , 

Көкшетау жайында сан ақындар-

дың ішінен Еркешті таңдап алу-

ында бір сыр бар. Оның поэзия-

сының әнге лайық, басқалардан 

көп жоғары жатқанын  ұғынған 

болуы керек. Келісіп алып екеуі 

Көкшетауда кездеседі. Ол кезде 

К ө к ш е т а у  о б к о м ы н ы ң бірінші 

хатшысы Е.Әуелбеков еді. Бұлар 

сәлем беріп сол кісіге кірген. Ол 

кісі ән жазады екенсіңдер, бар-

л ы қ  к ү н д е р і ң д і  Б у р а б а й д а 

өткізіңдер деп екеуіне таңдаулы 

санаторийден орын алып береді. 

С о н д а  ж а т қ а н д а "Кел  Б у р а -

байға", "Билеген ақ  қайыңдар", 

"Шынарым" әні  т у ы н д а ғ а н ы н 

қазір көпшілік біле бермес. 

Қайтар жолда Шәмші Еркеш-

пен бірге  қайтып  Қарағандыда 

тоқтады. Ол редакция  қызмет-

керлерімен кездесу өткізген еді. 

С о н д а  а й т қ а н сөзі  ж а д ы м д а 

мықтап сақталып  қалыпты. 

-  Ә у е л б е к о в  а ғ а м ы з Еркеш 

екеуімізге жақсы жұмыс істесін 

деп санаторийден әрқайсымызға 

ж е к е бөлме алып беріп, біздің 

ішетін тамағымыздың жағдайын 

арнайы кісі жіберіп біліп отырды. 

Қарағандыға келген соң, басқа-

сын былай  қойғанда  қонақ үйден 

жеке бөлме де ала алмай  қой-

дым. Еркеш намыстанып обкомға 

сан телефон соғып еді, бөлім ба-

стығы мойын бұрмайды.  Ж е к е 

бөлме жоқ болса  қайтемін, ком-

п о з и т о р л а р ғ а өз алдына  ж е к е 

бөлме бер деген заң жоқ,-дейді. 

Кейін бір реті келгенде Шәмшінің 

а й т қ а н ы рас па деп Еркештен 

с ұ р а д ы м . Рас деді. Бөлім 

меңгерушісі облыстық комитеттің 



АҚЫЛ ТУРАЛЫ 

сөз 

Ерекең Ақыл туралы сөзін бы-

лай бастады: 

- Университет бітіргеннен кейін 

жолдамамен "Көкшетау правда-

сына"  қызметке келдім. Жиырма-

дан әлдеқашан асып кеткен кезім. 

Алайда үйлену ойымда жоқ бола-

тын. Ақын болсам да нағыз 

кедейдің өзі едім. Осы жағдай 

мені  т а р т ы н ш а қ т а т а берді. 

Өйткені, үйлену тойы басқалар-

дікінен төмен болып жатса несі 

жақсы. Талай таныс  қыздарым 

болса да, осы жоқшылықтың әсері 

ме, әлде сүйіспеншілік жетіспей 

жатыр ма әйел алуға бел шешіп 

бара алмадым. 

Бір күні көз таныс Мұқатов де-

ген кісінің үйіне барсам,  қарсы ал-

дымнан  е р к е к ш е киінген бір 

жасөспірім шықты.  Қыз, яки бала 

екенін аңғармай  қалдым. Ол үнде-

мей  қасымнан өте берді. Айналып 

қарасам, ол да  қарап тұр екен. 

Әлгінде байқамаппын, бет әлпеті 

қызға  ұқсайды. Үйге кірген соң үй 

иесі әйелден сұрадым. 

-  Ж е ң г е й , әлгінде ғана осы 

үйден шыққан жасөспірім кім,  ұл 

ма,  қыз ба, аңғармай  қалдым. 

- Ол бала емес, бізге ағайындас 

осы облыста тұратын бір  қожаның 

қызы. Осында оқу оқиды. 

Сол үйде шай ішіп біраз отырып 

қалдым. Бір уақытта әлгі көрген 

қызым келді. Екеуіміз де бұл жолы 

бас изесіп амандастық. Үй ішінде, 

анықтап көрдім. Еркекше киінген 

қыз маған бір пәктіктің, тазалықтың 

бейнесіндей болып көрінді. Бұдан 

кейін де сан рет жүздестік. Бірақ 

ашылып айтылған сөз болған жоқ. 

Бірақ Ақыл менің шабытыма бір та-

сқын бергендей болды. Сол жолы 

үйге келе сала шабытпен мынандай 

жыр жаздым. Көз алдымда Ақыл-

дың бейнесі тұрды: 



- Жанары - бейне толқын 

көл тұрғандай, 

Сезіндім, көл  қойнында 

алқынғандай. 

Көтерген осыншама сұлулықты, 

Япырай, балтыр  қандай, 

балтыр  қандай! 

Кідірші, жетер жерге таяп 

қалмай, 

Дедім мен - тілдесейік, ау, 

ақ маңдай. 

Қара көз төңкеріліп  қарап еді, 

Аузымда  қалды сөзім аяқтал-

бірінші  х а т ш ы с ы орыс екенін 

арқа тұтып сөйледі. Ол сол ара-

да күштілік көрсетті. Бізде амал 

қ а л м а д ы ғой. А қ ы н  ж а н ы сәл 

мұңайып  қалған... 

Қызметіміз  ұқсас болғандық-

тан Еркешпен сан сапарға бірге 

шығып жүрдік. Ол жолай маши-

на ішінде ыңылдап өлең айтуды 

жақсы көретін. Сондай сәтте өзі 

сөзін жазған, Шәмші шығарған 

"Шынарым" деген әнді ыңылдап 

айтқанын талай рет естігенім бар. 

- Әлде сен - жырмысың, өкпе-

леп жүрмісің, 

Әнбісің жүректі кернеген... 

Бір күні машина ішінде келе 

ж а т қ а н ы м ы з д а "Волганың" ра-

диоқабылдағышы "Шынарымды" 

сайратып  қоя берді. Әлгінде ғана 

осы әнді ыңылдап айтып отырғ-

ан Еркештің есі шығып кеткендей 

болды. Дауысы көтеріліп  қосыла 

жөнелген. 

- Бұл әнді жазып отырғанда 

не ойлап отырдыңыз,- дедім мен, 

- Көкшетаудың, яки Алматының 

ш ы н а р л а р ы н көз  а л д ы ң ы з ғ а 

келтірген боларсыз. 

-  Ж о қ екеуі де емес, мен ма-

хаббат жайында өлең жазғанда 

көз алдымда тек  қана Ақыл тұра-

ды - деген еді,- менің басқа да 

сүйіспеншілік туралы дүниелерім 

Ақылды елестетуден туған. Со-

дан кейін Еркеш Ақылмен  қалай 

танысып, үйленгендіктері туралы 

сөз бастап кетті, әлгі радиоқа-

б ы л д а ғ ы ш т а н  б е р і л г е н әннің 

әсерімен. 

Ақын жары Ақыл апай 


май,- Менің Ақылмен таныстығым 

осылай өлеңмен басталған. 

Мен әзіл жарастығы үшін айт-

тым: 


- Ереке, сіз ылғи жеңгейдің бал-

тырына  қарай береді екенсіз. 



- Еркек әйелдің  қай жері әдемі 

болса сол жеріне  қарайды. Содан 

бері көп өтіп, кәрілік ауылына 

кірсе де Ақылдың балтырының 

сұлулығы әлі де сақталған. Бір 

реті келгенде  қарашы. 

- Ереке менің жеңгейлердің бал-

тырына  қарайтын әдетім жоқ. 

- Онда  т ұ р ғ а н ештеңе  ж о қ . 

Менің сезімімнің  қ а н ш а л ы қ т ы 

дәлелді екеніне сонда көзің жетеді, 

түсінесің. 

Еркеш пен Ақылдың түсіністігі 

мықты һәм берік-тұғын. Еркеш 

кейде ашуға беріліп,  қ ы з ы п 

кететіні де бар болатын. Ондайда 

Ақыл жеңгейдің "қой" деген бір 

ауыз сөзінің күші ғажап болушы 

еді-ау. Еркеш  қолма-қол басыла 

қалатын. Ешқашан Ақылдан аттап 

кетпейтін. 

Сол жолы Еркеш Ақылдың ер-

кек киімін шешкізіп, әйел киімін 

қалай кигізгенін үлкен әңгіме ет-

кен-ді. Бұл өзі  қызықты, бір әдемі 

әңгіме-тұғын. 

"Бірде екеуіміз киімге байланы-

сты жанжалдасып та  қалдық. 

- Еркек киіміңді шешіп, әйел 

киімін ки, - дедім. 

-  Ж о қ , шешпеймін, әкемнің 

ұлықсатынсыз шешпеймін. Ол кісі 

еркек баласы жоқ болғандықтан 

ер бала орнында  ұстады. 

- Сен ер  ж е т т і ң енді, әкең 

ренжімейді. Тұрмысқа шығатын 

уақытың болды. Мен сені аламын,-

дедім. Менің тым тез айтылған 

сөзім Ақылға тым арзан сияқты 

естілген болуы керек, ашуланып 

қ а л д ы . Со л  ж о л ы сол күйі н 

сездіріп үндемей кеткен еді. 

Біраз күн көріспей  ж ү р д і к . 

Ақыры арада үш-төрт күн өткен-

нен кейін, жолыққанда айттым: 

- Олай болса, мен  ә к е ң н е н 

ұлықсат алып шешкізейін. 

- Ол үшін әуелі менен келісім 

болуы керек... 

Сен менің  а й т қ а н ы м а 

көнесің,- сеніммен сөйледім. Бұл 

сөзім де Ақылға  ұнамай  қалғанын 

түсіндім. Осы екі арада Ақыл 

үйіне  қайтты. Бір күні пәтеріне 

барсам келген жоқ екен. Жатқан 

төсегіне "Хат" деген өлең жазып 

тастап кеттім. Ол мынандай өлең 

еді: 


Жолдадым сәлем өзіңе, 

Өлеңмен жазып хатымды. 

Елестет, сәулем, көзіңе 

Өзіңді сүйген ақынды. 

"Атымды жырға бөлеуің, 

Ерсілеу"- деме алайда. 

Тоғжанға тәтті өлеңін 

Толғанған жоқ па Абай да. 

Абайдан асқар мен емес, 

Кешір сен кейде сүрінсем. 

Менде тек одан кем емес 

Махаббат барын  ұғын сен. 

Біздің көңілдерімізге жол тапты-

рған менің осы өлеңім. Әке-

Еркештің  құдасы 

Баймағамбет Досов 

шешесімен ақылдасқан болуы ке-

рек, үйіне барып келген соң еркек 

киімін әйелдікіне ауыстырып келді. 

Бұл жағдайда ата-анасы әсер етті 

ме, әлде өзі барды ма, осы уақытқа 

дейін сұраған емеспін". 

Артынша  қосылған көрінеді. 

Еркеш пен Ақыл үлкен отбасы 

болды. Өмірге екі  ұл, бір  қыз 

келді. Балалары өсе бастағанда 

Еркеш балаларының оқу жағдай-

ын ойлады да, Көкшетаудан  Қара-

ғандыға  қызмет орнын ауыстыр-

ды. "Социалистік  Қ а з а қ с т а н " 

газетінің  Қарағандыдағы тілшісі 

ол, күн  құрғатпай жергілікті газет 

редакциясына келіп жүрді. Жаңа 

ортадан жаңа таныстар, жаңа ту-

ыстар тапты. "Орталық  Қазақ-

стан" газеті  қызметкерлері біздер, 

бұрын Еркештің өлеңімен ғана та-

ныс болсақ, енді өзімен таныстық. 

Редакцияның көп адамдарымен 

аралас-құралас болып кетті. Ер-

кеш пен Ақыл біздің, біз олардың 

дастарханында  құрметті мейман 

ретінде араластық. 

Балаларының алды институтқа 

түсіп, Еркеш елу жылдығын той-

лап, ақын өмірінің жаңа бір асу-

ына бет алғандай еді, бірақ ойла-

маған жерден Ақыл  қайтыс бол-

ды... 


Еркеш үшін  ұйып  т ұ р ғ а н 

тіршілік шайқалып, ақыр заман ор-

нағандай әсер етті. Сонау балалық 

күнінен белгі беріп  ж ү р е т і н 

бүйрегінің ауруы  қозып, ауруха-

наға жатып  қалатынды шығарды. 

Бір күні  а у р у х а н а ғ а барсам, 

төсегінен аяғын  с а л б ы р а т ы п 

жіберген, мұңайып  қана отыр 

екен. Аузыма сөз түспей  қасын-

дағы орындыққа үнсіз отырып  қал-

дым. Ойыма әдеттегі жаттанды 

сөз, "Халыңыз  қалай" да түспеді. 

Терең бір күрсініп  қойып, сөзді 

Еркештің өзі бастады: 

- Менің бұрын өліп, Ақылдың 

қалғаны балаларға дұрыс бола-

тын еді... Осы арада есіме оның өзі 

жазған  " Ж а л ғ ы з  қайық" өлеңі 

түсе кеткені.  Қазіргі сәтте маған 

ақын сол жағадағы жалғыз  қай-

ықтай болып көрініп кетті. 



Қараңғы түнде мұңайып, 

Толқынға малып тұмсығын, 

Жағада жалғыз тұр  қайық 

Маңайда меңіреу тылсым түн. 

Менің де жарым сағынып, 

Ойлардан не бір айықпай, 

Отыр ма екен жабығып, 

Осынау жалғыз  қайықтай,-

Осы сәтте ақынға ешқандай сөздің 

қажет еместігін сезініп, көп отыр-

май кетіп  қалдым. 



СОҢҒЫ КҮНДЕР 

Өлгеннің артынан өлмек жоқ 

дейді  қазақ. Еркеш те, партактив 

ауруханасында біраз жатып, ден-

саулығы ретке келген соң өзінің 

үйреншікті жұмысына кірісіп кет-

кен-ді. Өзі өлеңінде жазғандай 

"Қарағандыға көмір  қазып, болат 

балқытуға келгенмін" дегендей, 

күнделікті редакция тапсырмасын 

атқарып  ж ү р е берді. Ақыл мен 

екеуінің армандай мақсаттары бар 

еді, соны жүзеге асыруға кірісті. 

Әйелінің өліміне байланысты бүгін-

ертең келін түсіреміз деген шаруа-

ларын  қайтадан  қолға алып, Орал 

деген баласын аяқтандырып, үйіне 

келін түсірді.  Қазақ айтады: "күйеу 

жүз жылдық,  құда мың жылдық". 

Қ арағанд ы 

қ аласындағ ы кен-

шілердің денсаулығын бақылайтын 

ғылыми-зерттеу институтының бас 

дәрігері Баймағанбет Досовпен мың 



жылдық  құда болды. Осылай 

Еркештің туыстық өрісі кеңейе түсті. 

Өмірге тұңғыш немересі келді. Еркеш 

жаратылысында балажан адам еді. 

Кездесе  қалғанда жаялықтан шық-

паған немересі жайында айтып мәз 

болатын. 

Осылай бір  қуаныш бір  қайғыны 

басқандай, Еркеш өзін жақсы жай-

да, жақсы күйде сезініп жүрді. Ол 

өлең жазуға  қайыра шабыттана 

кірісті. Бірде үйіне  қасымда  Қойәлі 

Аяпбергенов деген профессор бар 

Ерекең үйіне бара  қалдық.  Қойәлі 

айтты, Еркештің жақсы көңіл-күйін 

көріп: 


- Ереке, сіз кәрілікті мойындайтын 

жасқа келген жоқсыз, жеңгейдің ор-

нын басатын бір адам тауып алыңыз. 

- Сендер осы ақылдасып алған-

сыңдар ма, осындағы біреулер де 

маған әйел ал дейді. Алайын, сол 

әйел Ақылдай бола ала ма? Мен енді 

қалған тіршілігімде әйел алмаймын. 

- Ереке, жалғыздық деген  қиын 

болады,- деді тағы да тыныш отыр-

май  Қойәлі. 

- Мен неге жалғыз боламын, ба-

лаларым бар, немерем келді өмірге. 

- Олардың орны бөлек, еркектің 

әйелсіз күні жоқ. 

Дос-жарандарының сөзі әсер етті 

ме, кейін Еркеш үйленген. Газет де-

ген мазасыз жұмыс, күн сайын рес-

публиканың үлкен облысы  Қараған-

дыдан жаңа дүниелер - очерк, сурет-

теме, мақала, хабар талап етіп жата-

ды редакция. 

Күз туа Еркеш  қайтадан ауруха-

наға жатып  қалды. Содан тұрмады. 

Бұл жолы бүйрек ауруы  қатты 

қозып, ол дүниенің есігіне жақындап 

қалғанын Еркештің өзі де сезгендей 

еді. Соңғы бір жүздескенде  қоштас-

қ анда й рай танытты . Еркешпен 

соңғы тілдескендер арасында Жазу-

шылар Одағының  Қарағандыдағы 

төрағасы, марқұм Жайық Бектұров 

та бар болатын. Бұл екеуі - ата-

қоныстары жақын Көкшетау мен 

Ақмола облыстарының шекарасында 

туған, сырт көзге онша жақындықта-

ры байқалмаса да, бірін-бірі іш тар-

тып жүретіні сезілетін."  Ж ә к е ң 

үлкендік сөзден бастап, кассада қан-

ша ақшасы жатқанына дейін сұра-

ды. Сөз аяғында: 

- Еркеш маған айтар  қандай 

өтініш-тілегің бар? 

- Мен өліп кетсем, Ақылдың жа-

нына, Көкшетауға апарамын деп 

әуре болмаңдар. Осында балалары-

ма жақын жерде жатамын. Анау та-

яуда  қайтыс болған Орынбай 

Аймағанбетовтің  қасына  қойыңдар. 

Ол тірі кезінде маған жақсы дос, 

сырлас болып жүретін. 

Осыдан кейін көп кешікпей 

қазанның он сегізінде Еркеш Ебеке-

нов  қайтыс болды. Өзінің айтқан 

жері Орынбай  қасында жайғасты. 

Ерекең Орынбай трагедиясын жақсы 

білетін. Соны жиі-жиі еске түсіріп 

айта беретін. Жазамын-жазамын деп 



Еркеш ақынның баласы Орал 

бірақ  ж а з а алмады... Кеңес 

үкіметінің заңынан  қорықты... 

Бір айналдырғанды шыр айнал-

дырады дегендей, Еркеш өлгеннен 

кейін қос қанатындай екі баласы Бо-

лат пен Оралда қайтыс болды. Бізге 

айналдырған жеті-сегіз жыл ішінде 

Еркеш үйінің оты өшіп  қалғандай 

әсер етті. Артында жалғыз  қызы 

Марал мен немересі Марат  қалды. 

Еркеш Ибраһим  қайтыс болғалы 

табаны күректей он алты жыл бо-

лыпты. Әдетте өлінің де, тірінің де 

болсын дөңгелек даталары аталып 

жатады. Еркештің алпыс, жетпіс 

жылдығында да бір баспа орны бір 

ауыз сөз айтқан жоқ.  Қазір Еркеш-

пен дәмдес, оның қадірін білуге тиісті 

сан адамдар тірі жүр. Сырбай айт-

пақшы: өлгенді еске алмасақ, 

тіршіліктен достым не пайда - деген-

дей, өлінің алдында тірінің парызы 

бар. Еркеш достары соны  ұмытып 

кеткендей. Еркеш тірі кезінде "редак-

ция менің өз үйім" деп "Орталық 

Қазақстанның" есігін жиі ашатын. 

Кезінде "Орталық  Қазақстан" 

жігіттерін марапаттап "Социалистік 

Қазақстан" газетіне мақала да жаз-

ды. Осы газетте жұмыс істеп отыр-

ған інілерінің бірде біреуі жылы сөз 

айтып, Еркешті еске түсіруге жара-

мады. 


Менде бұрынғы күй,  қарқын жоқ, 

қолдың кеміп  қалуына байланысты 

бір бет мақала жазудың өзі  қиынға 

түседі. Дегенмен, жазар едім, бірақ 

басқаларға сеніп  қалдым.  Қазір со-

ған өкінгендей болып отырмын. 

Осы еске түсіру эссенің мүлдем 

жазылмай  қалуы мүмкін бе еді, 

қалай. Жуықта, Еркештің  құдаша-

сы  Қанат Баймағамбетқызы келіп, 

былай өкпе айтты: о дүниелік болып 

кеткендердің жақсысын да, жама-

нын да жазып жатырсыздар, 

Еркешті еске түсіріп, жетпіс жылды-

ғында бір ауыз сөз айтпадыңдар, 

қазір ол кісінің соңынан  қуынар 

еңбегін жазар естияр жақыны да 

қалмауда. Орынды сөзге қалай қар-

сы дау айтып, қандай сылтауды 

көлденең тартасың. Иә, Еркеш жай-

ында жазу азаматтық міндетіміз де-

уден басқа не уәж болмақ бізде. Ол 

басқа ауылдың адамы емес, журна-

листер, жазушылар, ақындар қоста-

рын  қатар тіккендердің мекенінен. 

Осы дүниені жазып отырып ойға 

қалдым, егер, Еркештің артында бір 

мықты туысқаны жайлы креслода 

отырса, талайлар жарысып жазар 

еді. Тірілер арасында тірегі жоқ 

өлген адам шын өлеме деп  қорқа-

мын. 


Ақын немересі Марат Ебекенов 

Бірақ Жаратушы Еркеш бойына 

дарын беріп, оны біржола өлуге 

жазбаған шығар. Түбінде Еркеш 

артынан да  қуып, іздеушілер табы-

лар. Бұл өмірдің жазылмаған заңы. 

Еркеш үйінің оты, немересі Марат 

тірі тұрса сөнбек емес.  Құдасы Бай-

мағамбет Досов ол баланы  қамқор-

лыққа алып, тәрбиелеп өсіріп отыр. 

Түрік лицейіне берген. Тектінің 

қаны тексіз болмас деген рас-ау. 

Бұл бала "Сорос"  ұйымдастырған 

облыстық  ж а р ы с қ а  қатысып, 

жүлделі орынды жеңіп алды, енді 

республикалық бәйгеге түспек. 

Ақыннан  қ а л ғ а н сол тұяғына 

(немересіне) бақытты өмір тілеймін. 

Жаратушы не берсе де  ұзағынан 

сүйіндіріп, келешекте атасы тәрізді 

ел көңілінен шыққан айтулы аза-

мат боп ержетсін.  Қазір шаң басып 

жатқан Еркеш ақынның  қолжазба-

сын тірілтетін сол болары ақиқат. 

Арты бар - жоғалмайды дейді 

қазақ. Олай болса, Еркештің өлмес 

мұрасын болашаққа жалғайтын 

сол жалғыз тұяғына Жаратқан Ие 

жар боп,  ұзақ ғұмыр берсін! 

Азия Транзит. - 2002 . - №4. - 10-14 б. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет