Анатомия – 120 ом


Көмей: шеміршектері, қосылыстары, жалғамалары, көмейдің буындары. Көмей қуысы. Көмейге кіреберіс, бөлімдері



бет121/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   142
Байланысты:
Анатомия

154. Көмей: шеміршектері, қосылыстары, жалғамалары, көмейдің буындары. Көмей қуысы. Көмейге кіреберіс, бөлімдері.

Көмей шеміршектері:


Көмей шеміршектері сыртқы пішініне, атқаратын қызметіне қарай жұп және тақ гиалин немесе эластикалық шеміршектерден тұрады.
-Қалканша шеміршек, cartilago thyroidea, көмейдің басқа шеміршектерінің сыртын қалқантәрізді коршап орналасуына байланысты, қалқанша шеміршек деп аталуы сол себепті. Қалқанша шеміршегі төртбұрышты, жалпақ,
жұп табақшадан, laminae, тұрады .Бұл шеміршектің бұрыш құрап, түйісіп орналасқан алдыңғы жиегі бірігіп, ересек ер адамдарда айқын байқалатын көмей шодырын, prominentia laryngea, немесе "Адам алмасы" атты шығыңқыны кұрайды. Бұл екі табакшаның алдыңғы қапталында жоғарғы қалқанша тілігі, incisura thyroidea superior, және таяздау келген төменгі қалқанша тілігі, incisura thyroidea inferior, орналасқан. Қалканша шеміршегінің ішкі және сыртқы беттері, facies internus etexternus, ажыратылады. Сыртқы бетінде мойыннын төс-қалқанша бұлшықеттің, m. sternothyroideus, бекитін және калқанша-тіласты бұлшықеті басталатын, m. thyrohyoideus, қиғаш сызық, linea obligua, орналасқан. Бұл шеміршектің "s” әрпіне ұқсап орналаскан жоғарғы қыры, тегістеу келген төменгі жиегі және вертикалді орналасқан артқы жиегі ажыратылады. Артқы вертикалді жиегінің жоғарғы жиегімен түйіскен жерінде жоғарғы мүйізі, cornu
superior, төменде жүзіктәрізді шеміршекпен, cartilago cricoidea, буындасып буын құрайтын төменгі мүйізі, cornu inferius орналаскан.
- Жүзіктәрізді шеміршек, cartilago cricoidea, сыртқы пішіні жүзікке ұқсап орналасқан тақ гиалин шеміршектен тұрады.Бұл шеміршек алға қарап орналасқан доғасынан, arcus cartilaginis cricoideae, және артында
төртбұрыштәрізді орналаскан табақшадан, lamina cartilaginis cricoideae, тұрады. Табақшаның жогарғы бетінде ожаутәрізді шеміршекпен беттесіп буын құрайтын оң және сол жақ буын бетгері, төменде доғасының табакша- сымен косылған жерінде және бүйір қапталында, қалқанша шеміршектін төменгі мүйізімен беттесіп буын құрайтын буын беттері орналасқан.
-Ожаутәрізді шеміршек, cartilago агуtenoidea, сырткы пішіні үшжақты пирамидатәрізді келген жұп гиалин шеміршегінен тұрады .Бұл
шеміршектің жогарғы және медиалді орналасқан ұшы, apex cartilaginis arytenoideae, төменде негізі, basis cartilaginis arytenoideae, алдыңгы медиалді беті, facies medialis, ойыстау келген арткы беті, facies posterior, ажыратылады. Сонымен катар, ожаутәрізді шеміршек негізінін алдында, дауыс байламы бекитін дауыс өсіндісі, processus vocalis, бүйір қапталында бұлшықеттік өсіндісі, processus muscularis,орналаскан.
- Мүйізтәрізді шеміршек,cartilagocorniculata,сыртқы пішіні мүйіз тәрізденіп,
ожаутәрізді шеміршектің ұшында орналасқан жұп эластикалық шеміршектен тұрады.
- Сынатәрізді шеміршек,cartilago сипеі-formis,ожау-көмей кақпағы қатпарының, plica aryepiglottica, кабатында орналасып, сынатәрізді төмпешікті, tuberculum cuneiforme, кұраушы эластикалық шеміршек.
- Көмей қақпашығы (бөбешік)
Көмей қақпашығы, epiglottis көмей кірісінің үстінде орналасқан дара эластикалық шеміршек . Бұл шеміршектің жіңішкелеу келген,қалқанша ьшеміршектің жоғарғы тілігіне жақындап, бекіп орналасқан көмей қақпа-
шығының сабақшасы, petiolus epiglottidis, және тілге қарап орналасқан алдыңғы беті, көмей қуысына караған артқы беті ажыратылады.Көмей кақпашығының артқы бетінде шырышты бездердің шұнкырлары көптеп орналасқан. Көмей шеміршектерінің аралық буындары мен байламдары.
1. Жүзікқалқанша буыны, articulatio cricothyroidea, калқанша шеміршектің төменгі мүйізі, cornu inferius, мен жүзіктәрізді шеміршектің қалқаншалық буын бетінің арасындағы буын. Қалқанша шеміршек жоғарыда тіласты сүйегімен, алдында орталық қалқанша-тіласты байламымен, lig thyrohyoideum medianum, қалқанша шеміршегінің жоғарғы мүйізімен, cornu superior cartilago thyroideae,тіласты сүйегінің үлкен мүйізімен, латералді қалқанша-тіласты байламымен, қалқанша шеміршегінің бүйір қапталы қалқанша-тіласты жарғағымен, membrana thyroidea, байланысқан. Сонымен қатар, латералді қалқанша-тіласты байламының терең қабатында
көлемі бидайтәрізді шеміршек, cartilago triticea, орналасқан.
Бұл буынның буын беттері,буын қапшықтары және буын қапшықтарының
фиксациялык бірнеше байламдары ажыратылады.
Қызметі: жоғары-төмен, алға-артқа қарай қозғалған кезде, дауыс байламы
күрделі қозғалысқа келіп, тербелуіне ықпал етеді.
2. Жүзік-ожау буыны, articulatio сгісо-arytenoidea, ожаутәрізді шеміршектің ойыстау келген негізі мен basis cartilaginis arytenoideae, жүзіктәрізді шеміршектің дөңестеу келген ожау шеміршектік буын бетінің аралығын-
дағы буын. Көмей қуысы.
Көмей қуысы, cavum laryngis, көмей кірісі тесігінен, adit us laryngis, басталады. Көмей кірісінің алдыңғы қабырғасы: көмей қақпашығының жиегімен, артқы қабырғасы:ожау-тәрізді шеміршектің ұшы және ожауаралық қатпармен, plica interarytenoidea бүйір қабырғасы: ожаукөмей қақпашығы катпарымен, plica aryepiglottica, шектеледі. Қатпарлардың
аралығында алмұрттәрізді калта, recessus piriformis, орналасқан.Көмей
куысының сыртқы пішіні кұмсағатқа ұқсас, жоғарғы кіреберіс бөліктен, vestibulum laryngis, ортаңғы бөліктен, cavum laryngis intermedium
және дауысасты қуысынан, cavum infraglotticum, тұрады.
- Кеңдеу келген жоғарғы бөлігі көмей кіреберісі, vestibulum laryngis.
Ол көмей кірісінен көмей қуысының бүйірқкапталында орналасқан кіреберіс катпарына, plica vestibularis, дейінгі аралықта орналасқан. Қабырғалары: алдында көмей қақпашығының артқы беті, артында ожаутәрізді шеміршектін ұшы және ожауаралық қатпары, plica interarytenoidea,бүйір кабырғасы: талшшыкты-эластикалық жарғақтан, membrana fibroelastica laryngis, тұрады.
- Көмей қуысының ортаңғы тарлау келген бөлігінін кұрылысы күрделі. Себебі, мұнда меншікті дауыс аппараты, glottis, орналаскан.
Көмейдің бұл бөлігі көмейдің кіреберіс бөлігі,vestibulum laryngis мен төменгі бөлігінің, cavum infraglotticum, бүйір қапталында жұпталып орналаскан.Ол шырышты кабыкпен көмкерілген жоғарғы кіреберіс және төменгі дауыс қатпарлары аркылы шектелген:
а) кіреберіс қатпардың, plica vestibularis, бір-біріне қараған жиектері көмей кіреберіс саңылауын, rima vestibularis, қүрайды;
ә) дауыс катпары, plica vocalis, кіреберіс қатпардан төмен, көмей қуысына жакын орналаскан. Бұл катпардың терең кабаты дауыс бұлшықетінен,m. vocalis тұрады, жиегі дауыс байламын, lig vocale, кұрайды. Дауыс
байламының аралығы дауыс саңылауы, rima vocalis, деп аталады. Дауыс саңылауы топографиялық орналасуына карай, алдыңғы жарғақаралык бөлікке, pars intermembranacea, және артқы шеміршекаралық бөлікке, pars
intercartilaginea, бөлінеді. Кіреберіс және дауыс қатпарларының аралығындағы қуыс, көмей қарыншасы, ventriculus laryngis, деп аталады.
- Көмейдің төменгі кендеу келген бөлігі, cavum infraglotticum жінішкеріп, кеңірдекке жалғасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет