Анатомия – 120 ом


Көкірекаралық. Базель жіктемесі бойынша бөлімдері, көкірекаралықтың ағзалары, олардың топографиясы



бет120/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   142
152.Көкірекаралық. Базель жіктемесі бойынша бөлімдері, көкірекаралықтың ағзалары, олардың топографиясы.

Клиникалық практикада Базель анатомиялык номенклатура бойынша көкірекаралық алдыңғы көкірекаралыққа, mediastinum anterior, және артқы көкірекаралыққа, mediastinum posterior, бөлінеді. Алдыңғы көкірекаралық пен артқы көкірекаралықтың межелік шекарасы фронталді жазықтықтың


бойында орналасқан өкпе түбірі, radix pulmonis, болып саналады.
- Алдыңғы көкірекаралықта, mediastinum anterior, жүрек және жүрекқабы, pericardium, жүрекке кіретін және жүректен шығатын ірі артерия мен вена қантамырлары, айырша без, thymus, орналасқан. Сонымен бірге алдыңғы көкірекаралықта, көкет нерві, п.phrenicus, көкет-жүрекқап қантамырлары
және жоғарғы көкеттік, көкірекаралық лимфа түйіндері орналасқан.
- Артқы көкірекаралықта, өңеш, кеуде қолқасы, кеуде түгігі, ductus thoracicus (truncus lymphaticus), сыңар және жартылай сыңар веналар, vvazygos et hemiazygos, кезбе нерв п. vagus, он жэне сол симпатикалық сабау, trunci sympathici dexter et sinister, және артқы көкірекаралық, алдыңғы омыртқалық лимфа түйіндері орналасқан.
153.Сыртқы мұрынның құрылысы, мұрын қуысы (иіс сезу және демалатын аймақтар). Мұрын маңы қойнаулары , олардың практикалық маңызы.

Мұрын аймағы, regio nasalis, топографиялык орналасуына карай:мұрынның сырткы бөлігінен немесе сыртқы мұрыннан жэне мұрын куысынан тұрады


Сырткы мұрын, nasus extemus (грекше-rhis, rhinos) мұрын түбірінен, қырынан, ұшынан және танауынан тұрады Мұрын түбірі, radix nasi, ол беттің жоғарғы бөлігінде орналаскан, мандай сүйегінен мұрын-маңдай
шұңкыры аркылы шектелген.Бүйір кабырғасыорталық бөлігінде бірігіп, мұрын кырын, dorsum nasi, төменгі латералді бөлігі мұрын
қанатын, alae nasi, құрайды, демді мұрын қуысына өткізуші танаумен, nares, және танауларды бір-бірінен бөліп тұратын мұрын қалқасынан тұрады.Сыртқы мұрынның кабырғалары сүйектік және шеміршектік боліктен тұрады. Сүйектік бөлігі: мұрын сүйегінен, os nasale, және жоғарғы жаксүйектің мандайлык өсіндісінен, processus frontalis maxillae, тұрады. Шеміршектік бөлігі дәнекер тіндер аркылы өзара
байланысқан бірнеше шеміршектерден тұрады.
- Мұрынныңлатералді шеміршегі, cartilago nasi lateralis, сыртқы пішіні үшбүрыштәрізді, мұрын сүйегінен төмен орналасып, мұрынның бүйір қабырғасын қүраушы жұп шеміршектен тұрады. Шеміршектің алдынғы қыры
өзара бірігіп, мұрынның қырын кұрап, төменгі қыры қанаттың үлкен шеміршегімен байланысқан.
- Қанаттыңүлкен шеміршегі, cartilago alaris major, мүрыннын латералді шеміршегінің бүйір қапталында орналасып, қанаттың қабырғасын кұрап, мұрынның сыртқы тесігі танауды, nares, құрауға қатысады.
- Қанаттың кіші шеміршегі, cartilago alaris minor, ол қанаттың үлкен шеміршегінің артқы қапталының екі жағында 2-3 ұсақ шеміршектен тұрады.
- Кейбір кезде мұрынның латераиді шеміршегі мен канаттың үлкен шеміршектерінің аралығында, мүрын қуысына жақын орналасқан сыртқы пішіні өзгермелі бірнеше ұсақ қосалқы шеміршектері, cartilagines nasales
accessoriae, кездеседі.
-Мұрын қуысының аралық шеміршегі, cartilago septi nasi, сыртқы пішіні төртбұрыштәрізді дара шеміршектен түрады. Шеміршектің жоғарғы және арткы қапталы торлы сүйектің перпендикулярлы табақшасы-мен, lamina perpendicularis, төменгі артқы қабырғасы желбезекпен, vomer, шектелген.
Мұрын қуысы.
Мұрын куысы, cavum nasi, сыртқы мұрын мен бет сүйектерімен шектелген.
Мұрын қуысы кіреберіс бөлігіне, vestibulum nasi, және меншікті мұрын қуысына, cavum nasi proprium, бөлінеді. Мұрын қуысы кіреберісі, vestibulum nasi, меншікті мұрын қуысынан мұрын куысының босағасы, limen nasi, аркылы шектелген. Мұрын қуысы кіреберісінін терісінде май бездері мен тері бездері жэне шаштар немесе вибристеркөптеп орналаскан. Меншікті мұрын куысының, cavum nasi proprium, кдбырғалары сыртқы мұрын мен бет сүйектерінен тұрады.
Мұрын қуысының: жоғарғы, төменгі, латералді және аралық қабырғалары ажыратылады.
- Жоғарғы кабырғасы: сыртқы мұрынның латералді шеміршегінен, cartilago nasi lateralis, мұрын сүйегінен, os nasale, торлы сүйектің торлы табағьінан, lamina cribrosa, және сынатәрізді сүйекденесінен, corpus ossis sphenoi-
dalis, тұрады;
- Төменгі қабырғасы: катты тандай, palatum durum, мен жұмсақ таңдайдан, palatum molle, тұрады.
- Бүйір қабырғасы: сыртқы мұрынның латералді шеміршегінен, жоғарғы жақсүйектің мұрын бетінен, facies nasalis maxillae, тандай сүйектің перпендикулярлы табағының мұрын бетінен, lamina perpendicularis, торлы
лабиринттің мұрын бетінен, facies nasalis labyrinthi ethmoidalis, көзжас сүйегінен, os lacrimale, және төменгі мүрын қалқанынан, concha nasalis inferior, тұрады.Мұрын қуысының бүйір қабырғасындағы үш мұрын қалканының аралығында: жоғарғы, ортаңғы және төменгі мұрын жолдары
және мұрын жанындағы қойнаулардың мұрын қуысымен жалғасатын тесіктері орналасқан.
1. Жоғарғы мүрын жолы, meatus nasi superior, жоғарғы және ортаңғы мұрын қалқандарының аралығында орналасқан. Бұл мұрын жолы сынатәрізді сүйектің қойнауымен, sinus sphenoidalis, және артқы торлы
ұяшықпен, cellulae ethmoidalis posterior, байланыскан.
2. Ортанғы мүрын жолы, meatus nasi medius, ортаңғы және төменгі мұрын калқандарының аралығында орналасқан. Бұл мұрын жолы маңдай койнауымен, sinus frontalis, жоғарғы жақсүйек койнауымен, sinus maxillaris және алдыңғы, ортаңғы торлы ұяшықтармен, cellulae ethmoidales anterior et medius, байланысқан.
3. Төменгі мұрын жолы, meatus nasi inferior, ол төменгі мұрын қалқаны мен тандайдың аралығында орналасқан. Бұл мұрын жолына мұрын-көзжас өзегі, canalis nasolacrimalis, ашылады, және күрек тіс өзегі, canalis incisivus, арқылы ауыз куысымен байланысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет