Анатомия – 120 ом


Үздіксіз сүйек қосылыстары. Сүйек қосылыстарының анатомиялық жіктелуі



бет36/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   142
34. Үздіксіз сүйек қосылыстары. Сүйек қосылыстарының анатомиялық жіктелуі.
Үздіксіз сүйек байланыстар, synartrosis, өте берік, серпімді, қозғалысы мардымсыз байланыс. Бұл байланыстардың сүйек аралық ткандардың түр ерекшеліктеріне қарай үш түрін ажыратады: фиброздық; шеміршектік; сүйектік байланыстар. Фиброздық байланыстар, articulations fibrosae, берік және тығыз орналасқан талшықты дәнекер ткандардан тұрады. Фиброзды байланыстардың үш түрі болады. Синдесмоздар, бір сүйектің тканы екінші сүйектің тканына терең ену қосылыстары және жіктер арқылы байланыстар жатады.
1. Синдесмоз, sindesmosis, деп сүйектердің дәнекер ткандар арқылы байланысын атаймыз. Сүйек аралық дәнекер тканды байланыстар,ткандардың беріктілігі мен созылмалы қасиеттеріне байланысты: созылмайтын берік коллагендік дәнекер ткандар мен созылмалы элластикалық дәнекер ткандарға бөлінеді. Созылмайтын берік коллагендік дәнекер ткандарға: байламдар,сүйек аралық жарғақ пен жіктер жатады.
а) Байламдар, ligamentum, деп, ipi талшықты, созылмайтын дәнекер ткандық шоғырларды немесе табақшаны атаймыз. Негізгі қызметі: бір сүйектен екінші сүйекке қарай өтіп, буында болатын қазғалыстарды тежеу және буын қапшығының беріктігін сақтау. Сонымен қатар, омыртқа доғаларының аралығында, созылмалы эластикалық дәнекер тканнан тұратын сары түсті байлам, ligamentum flava, кездеседі. Эластикалық ткандар, сары түсті болып келгендіктен сары түсті байлам деп аталады. Сары түсті байламның негізгі қызметі: иілгенде созылып, жазылғанда керісінше қысқарып, омыртқа бағанасының қозғалысын реттеу.
ә) Сүйек аралық жарғақ, membranae interosseae, созылмайтын берік ірі талшықты дәнекер ткандардан тұратын табақша. Олар, ұзын сүйектердің бойында орналасқан. Негізгі қызметі: сүйекаралық қашықтықтыбірдеңгейде ұстау мен қатар, бұлшықеттердің басталатын орны болып саналады.
б) Сүйек аралық жік, suturae, фиброздық дәнекер тканның бір түрі болып саналады. Ол бас сүйектің жиектерінің бойында орналасқан. Жіктердің түр ерекшеліктеріне қарай: қабыршақтық жікке, suturae squamosa, тісті жікке, sutura dentata, және сыртқы пішініне қарай: тәжді жікке, sutura coronalis, сагитальды жікке, suturasagitalis, және гректің ламбда әріпіне ұқсап орналасқан ламбда тәрізді жіктерге,sutura lam bdoidea, бөлінеді. Адамның жасы ұлғайған сайын бұлжіктер сүйектік тканға ұласады.
в) Tiс альвеолярлық байланыстар, articulationes dentoalveolaris, сыртқы беті периодонт тканымен көмкеріліп тістердің түбірлері мен жақ сүйектерінің альвеолярлық ұяшықтарының аралығындағы қосылыс. Мұнда, тістердің түбірлері тығыз дәнекер ткандар арқылы байланысқан. Қартайған шақта, бұл ткандар сүйектік тканға ұласуына байланысты тіс түбірінің орналасуына немесе босаңсуынаықпал етеді. Ол дәнекер тканды байланыстың ерекше бір түрі болып саналады.
2. Сүйектердің шеміршектік ткандар арқылы байланыстары, articulationes cartilagineae seu synchondroses, ол әсіресе балалар мен жас өспірімдердің қаңқаларында кең көлемде кездеседі. Мысалға: түтік тәрізді сүйектің денесі мен эпифиз аралығында, омыртқа денелері мен сегізкөз омыртқаларының аралығында, сүйектердің буын беттерінде т.б. жерлерде орналасқан. Сүйек аралық мұндай байланыстар өзінің беріктілігімен, аз қозғалғыиггығымен және терең қабатында орналасқан эластикалық ткандардың әсерінен серпімділігімен сипатталынады. Сонымен қатар, буында байқалатын қозғалыстың көлемі, буын аралығында орналасқан шеміршектік тканның тығыздығына және құрылымына байланысты.
Эмбрионалдық дамуына байланысты сүйекиаралық байланыстардың үш түрін ажыратады.
1. Үздіксіз байланыстар -synartrosis, сүйек аралық байланыстардың байырғы түрі болып саналады. Байланыстардың бұл түрінде сүйек аралық қуыс болмайды,олар өзара үздіксіз дәнекер ткандар немесе сүйектік ткандар арқылы байланысқан.
2. Үзілісті байланыстар, diarthosis, немесе синовиальды байланыс, junctura synovialis немесе буындар, articulatio, деп аталады. Бұл байланыстардың үздіксіз байланыстан айырмашылығы: аралығында сүйекаралық саңылау, ішкі беті синовиальды қабатпен көмкерілген, буын қапшығы мен буын беттерінен тұрады.
3. Жартылай үздікті байланыстар, hemiarhrosis, немесе симфизді, symphisis, байланыстар деп аталады. Байланыстың бұл түрінде үздіксіз және үздікті байланыстарға тән қасиеттерде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет