30. Қанат-таңдай шұңқыры, оның қабырғалары, тесіктері, қатынастары
Қанат-таңдай шұңқыры, fossa pterygopalatina, олсамайастылық шұңқырдың тікелей жалғасы болып саналады. Бұл шұңқырдың қабырғасы таңдай сүйектің перпендикулярлық табақшасы мен сына сүйектің қанат тәрізді өсіндісінен тұрагындықтан қанат-таңдай шұңқыры деп сол себепті аталады. Бұл шұңқырдың үш қабырғасы ажыратылады: а) алдыңғы қабырғасы: жоғарғы жақ сүйегініңбұдырынан; б) артқы қабырғасы: сынасүйектіңқанаттәрізді өсіндісінентұрады. Қанат-таңдай шұңқырының практикалық маңызы: а) біріншіден құрылысы да қызметі жағынан өте күрделі парасимпатикалық қанаттаңдай түйіні орналасса, ә) екіншіден парасимпатикалық түйіннен нервтендірілетін мүшелерге бағытталған түйіннен кейінгі нерв талшықгары арқылы бірнеше қуыс пен өзара жалғастығында. Қанат-таңдай шұңқырының озара қатынастары.
1. Ауыз қуысы мен — таңдай сүйегінің горизонталді табақшасының үлкен өзекшесі, canalis palatinus major, арқылы;
2. Көз шарасымен көз шарасының төменгі саңылауы, fissura infraorbitalis, арқылы;
3. Мұрын қуысы мен: сына-таңдайлық тесік- foramen sphenopalatinum, арқылы;
4. Ми сауытының ортаңғы шұңқырымен: дөңгелек тесік, foramen rotundum, арқылы;
5. Қанаттыөсіндісінің өзекшесі — canalispterygoideus, арқылы ми сауытының сыртқы негізімен байланысады.
Тесіктеріне келер болсақ мұрын қуысымен сына таңдай тесік foramen sphеnopalatinum, ми сауытының ортаңғы шұңқырымен дөңгелек тесік foramen rotundum . Қанатты өсіндісінің өзегі canalis pterygoideus ми сауытымен байланысады .Ауыз куысы мен таңдай сүйегінің горизонталды табақшасы үлкен өзегімен canalis palatis major мен көз ұясының төменгі саңылауы fissura inf.ororbitalis өзара қанат –таңдай шұңқырдың қатнастары болып табылады.
31. Мұрын қуысы,қабырғаларының құрылысы,тесіктері, олардың маңызы Мұрын қуысы — cavitas nasi, бет сүйектердің жоғарғы бөлігінің орталығында орналасқан құрылысы мен қызметі күрделі қуыстық. Мұрын қуысының қабырғалары, сүйектік және шеміршектік бөліктен тұрады. Бұл қуыстың кіретін сүйектік тесігін алмұрт тәрізді тесік, apertura piriform is, деп аталы нады . Артқы немесе жұтқыншақпен жалғасатын тесігін "хоан" –choanae деп аталады. Сонымен қатар, мұрын қуысының жоғарғы, төменгі, бүйір және аралык қабырғалары ажыратылады.
1. Жоғарғы қабырғасы: мұрын сүйегінен, тор сүйектің горизонталді табақшасынан және сына сүйегі мен шүйде сүйектің денесінің мұрын қуысына қараған бетінен тұрады.
2. Төменгі қабырғасы: сүйектік таңдайдан, palatum osseum тұрды.
3. Аралық қабырғасы: кеңсірік сүйек пен тор сүйектің перпендикулярлық табақш асынан тұрады.
4. Бүйір қабырғалары: жоғарғы ж ақ сүйекпен, тор сүйек лабиринтінің мұрын қуысына қараған бетінен және таңдай сүйектің перпендикулярлық табақш асы мен төменгі кеуілжір сүйегінің мұрын қуысына қараған беттерінен құралған. Мұрын қуысының бүйір қабырғасының мұрын қуысына қараған бетінде жоғарғы, аралық және төменгі кеуілжірдің аралығында, мұрың қуысының үш өту жолы айқын байқалады.
а) Мұрынның жоғарғы жолы, m eatus nasi superior, мен ортаңғы кеуілжірдің, concha nasalis medius, аралығында орналасқан. Мұрын қуысының бұл өту жолы, сына сүйектің қойнауы мен және тор сүйектің артқы ұяшығымен өзара жалғасады.
ә) Мұрынның ортаңғы жолы, m eatus nasi medius, ол аралық кеуілжір мен төменгі кеуілжірдің аралығында орналасқан. Бұл өту жол: маңдай, жоғарғы жақ сүйегінің қойнауы мен және тор сүйектің лабиринтінің алдыңғы, аралық ұяшығымен жалғасады.
б) Мұрынның төменгі өту жолы, meatus nasi inferior, төменгі кеуілжір мен таңдайдың аралығында орналасқан. Бұлөту жол: көзшарасы мен мұрын-көзжас өзегі — canalis nasolacrimalis, арқылы, мұрын қуысы мен; ауыз қуысы мен күректістік өзекше — canalis incisivus, арқылы жалғасады