Анатомия – 120 ом


Көз шарасының маңындағы бұлшықеттер



бет48/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   142
Байланысты:
Анатомия

Көз шарасының маңындағы бұлшықеттер
1. Көздің дөңгелек бұлшықеті, m.orbicularis осuii. Сыртқы пішініжалпақтау келіп, көз шарасының маңында шеңбер бағытта орналасқан. Топографиялық орналасуына қарай үш бөліктен: көз қабақтық, көз шарасының және көзжас бұлшықеттеріне бөлінеді.
а) Көз қабақтық бөлігі, pars palpebralis, бұлшықет талшықтары жұқалау келіп, көздің қабағының медиалды байламынан және көз шарасының ішкі қапталынан басталып, жоғарғы қабақ пен төменгі қабақтың шеміршегінің сыртқы бетін жанай өтіп, коздің латералды бұрышына қарай бағыт алады. Көздің латералды бұрышында, бұлшықет талшықтары өзара айқасып, көздің латералды сіңірін құрап, көз шарасының латералды бұрышындағы сүйектік қабықшасына барып бекиді.
ә) Көз шарасының бөлігі, pars orbitalis, қабақтық бөлікке қарағанда едәуір жалпақтау болып келген. Ол маңдай сүйектің мұрындық болігінен және жоғарғы жақ сүйектің маңдайлық өсіндісінен және кездің қабағының медиалды байламынан басталып, латералды бағытта өтеді. Көздің латералды бұрышында бұлшықеттің талшықтары өзара айқасып, бұл бұлшықеттің жоғарғы бөлігі шүйде-маңдайлық бұлшықеттің маңдайлық қарыншасы, venter frontalis m.occipitofrontalis, мен қасты түюші бұлшықетке m.corrugator supercilii, ұласады.
б) Көзжас бөлігі, pars lacrimalis, ол кез жас сүйегінің латералды бетінен және бұл сүйектің артқы қырқасынан басталып, латералды бағытта өтіп, коз жас қапшығына бекісе, шамалы болігі қабақтық белігінің бұлшықетіне, pars palpebralis ұласады.
Қызметі: а) көздік бөлігі жиырылған кезде, көздің саңылауын жұмып қоймай, маңдайдың көлденең қатпарларын құрайды. Коздің шеңбер бағытта орналасқан бұлшықеті, m.orbicularis осuіі, көздің саңылауының сфинктрі болып саналады; ә) көздің қабағының бұлшықеті коздің саңылауын тарылтады; б) бұл бұлшық еттің кездің бөлігі, pars orbitalis, жиырылған кезде, коздің латералды бұрышының терісі желпуіш бағыттаорналасқан қатпарларды құрап, қасты томен тартып, ұрттың терісін жоғары көтереді; в) Бұл бұлшықеттің көз жас бәлігі жиырылған кезде, коз жас-мұрын озекшесінің өту жолы кеңейіп, жастың мұрын қуысына өтуіне ықпал етеді.
2. Қасты түю бұлшықеті, m.corrugator supercilii, Ол маңдай сүйектің мұрын болігінен және коз жас сүйегінен басталып, өрлеме бағытта өтіп, қастын, медиалды қапталының терісіне барып бекиді.
Қызметі: екі жақтық қасты бір-біріне түйістіріп, аралығында вертикаль бағытта орналасқан сызықшаны құрайды.
3. Тәкәппар бұлшықеті, m.procerus сыртқы пішіні ұзындау және жалпақтау келген бұлшықет.Ол мұрын сүйегінің қырынан немесе мұрын бұлшықетінің апоневрозынан басталып, өрлеме бағытта отіп, кеңсірік үстілік жазықтықтың, glabella маңындағы теріге барып бекиді.
Қызметі: екі жақты бөлігі бірдей жиырылған кезде, мұрын қырыныңтүбірі маңындағы теріде көлденең сызықша пайда болады.
Ауыздың маңындағыбұлшықеттер
Ауыз тесігінің маңындағы бұлшықеттер орналасуына қарай екі топ бұлшықеттерге; ауыздың дөңгелек бұлшықетінен, m.orbicularis oris, және ауыз тесігін кеңейтетін бұлшықеттерге бөлінеді.
1. Ауыздың дөңгелек бұлшықеті, m. orbicularis oris, ол еріндердің терең қабатында шеңбер бағытта орналасқан бұлшықеттер талшықтарынан тұрады. Бұл бұлшықеттердің талшықтары орналасуына қарай: жиектік және еріндік болып екі топқа болінеді.
Қызметі: ауыз тесігін қысып, ерінді сыртқа қарай ығыстырады.
2. Үлкен бетсүйектік бұлшықеті, m.zygomaticus major, ол бетсүйектің сыртқы бетінен басталады. Бұлшықеттің талшықтары төмен медиалды бағытта өтіп, ауыздың езуінің маңындағы теріге және ауыздың шеңбер бағытта орналасқан бұлшық еттің талшықтарын құрауға қатысады.
3. Кіші бетсүйектік бұлшық ет, m.zygomaticusminor, Ол бетсүйектің алдыңғы бетінен басталып, төмен және медиалды бағытта өтіп, ауыздың шеңбер бағытта орналасқан бұлшық етіне, m. orbicularis oris, ұласады.
4. Жоғарғы ерінді көтеретін бұлшықет, m.levator labii superioris. Ол көз шарасының төменгі жиегінен басталып, төмен бағытта өтіп, ауыздың шеңбер бағытта орналасқан бұлшықетіне ұласады.
5. Жоғарғы ерін мен мұрынның танауын көтеретін бұлшық ет, m m .leva to r labii superioris et alaegue nasi, Жоғарыда айтылып өткен бұлшықеттің жанында орналасқан. Ол жоғарғы жақсүйектің маңдайлық өсіндісінің негізінен басталып, төмен бағытта өтіп, төрт бұрышты табақшаны құрап, жоғарғы еріннің шеңбер бағытта орналасқан бұлшықетінің талшығына ұласса, екінші бөлігі мұрын танауының терісімен бітісе жалғасады.
Қызметі: жоғарғы ерінді көтерумен қатар мұрынның танауын керіп, жоғары қарай котереді.
6. Ауыздың езуін көтеретін бұлшықеті, m.levatorangulus oris, жоғарыда айтылып өткен бұлшықеттен тереңірек орналасқан. Ол көз шарасының төменгі жиегінен және оның тесігінен, foramen infraorbitalis, басталып, төмен бағытта өтіп, езудің терісі мен ауыздың шеңбер бағытта орналасқан булшықет талшықтарына барып ұласады.
Қызметі: ауыздың езуін жоғары көтеріп және латералды бағытга тарту.
7. Ұрт бұлшықеті, m.buccalis. Ол төменгі жақсүйегінің ұрттық қырқасынан, crista buccinatoria, және жоғарғы жақсүйегінің азу тістер маңыңдағы доға тәрізденген сызықшасынан және сына сүйектің қанат тәрізді өсіндісінің ілмегі мен төменгі жақсүйегі аралығындағы фиброздық тігістен, raphe pterygomandibularis басталып, одан әрі бұлшық ет талшықтары жинақталынып, ауыз қуысының шырышты қабықшасы мен жоғарғы ерін мен төменгі еріннің шеңбер бағытта орналасқан бұлшықеттеріне ұласады. Бұл бұлшықеттің сыртқы бетінде май түйіршігі, corpus adinosus buccae. орналасса, ішкі қапталында ауыз қуысының кіреберіс бөлігінің шырышты қабықшасымен беттесіп орналасқан. Сонымен бірге, ұрт бұлшықетінің, шайнау бұлшықетінің, шайнау бұлшықетінің алдыңғы қырымен жанасқан жерінде, шықшыт безінің ауыз қуысының кіреберіс бөлігіне өтетін түтікшесі айқын байқалады.
Қызметі: езуді сыртқа қарай тартып, еріндерді тістермен жанастырып, еріндерді кереді.
8. Күлкі бұлшықеті, m.risorius, тұрақсыз. Мойынның тері асты бұлшықетінің, m.platysma, тікелей жалғасы болып табылады. Бұл бұлшықет шайнау бұлшықетінің фасциялық қабықшасынан және мұрын мен еріннің арасындағы терілік қатпардан басталып, еріннің езуінің маңындағы теріге барып бекиді.
Қызметі: езуді көтеріп, сыртқа қарай тарту.
9. Езуді төмен түсіруші бұлшықет, m.depressor anguli oris, Ол төменгі жақ сүйегінің сыртқы бетінен, иектік тесіктен төменірек жерден басталып, өрлеме бағытта өтіп, ауыз езуінің маңындағы теріге бекісе, біраз бұлшықет талшықтары езуді көтеретін бұлшықеттердіңталшықтарына ұласады.
Қызметі: езуді төмен түсіріп, артқа қарай тарту.
10. Ерінді томен түсіруші бұлшықет, m.depressorlabiiinferioris. Ол төменгі жақ сүйегі денесінің сыртқы бетінен және иектік тесіктің алдыңғы қатарынан басталып, өрлеме бағытта өтіп, томенгі ерін мен иектің герісіне барып бекиді.
Қызметі.төмепті ерінді томен қарай тарту.
11. Иектік бұлшықет, m. mentalis. Ол төменгі жақ сүйегінің күрек тістерінің маңындағы альвеолярлық котеріңкілерінен басталып, томен бағытта өтіп, иектің терісіне барып бекиді.
Қызметі:төменгі ерінді сыртқа қарай айналдырып, иекті жоғары котеру.
12. Иектің колденең бұлшықеті, m.transversus menti, тұрақсыз шағын келген бұлшықет. Көлденең бағытта орналасып, езуді томен тартатын бұлшықеттің тікелей жалғасы болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет