Анатомия – 120 ом


Ұйқы безі – инкреторлы бөлігі



бет78/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   142
Байланысты:
Анатомия

96.Ұйқы безі – инкреторлы бөлігі
Ұйқыбез, pancreas, асқазанның артында ұзындау келіп, көлденең бағытта орналаскан паренхиматозды мүше. Ересек адамдарда ұзындығы 14— 18 см, көлденең ені 3 — 9 см, қалындығы 2—3 см, салмағы 80 г, түсі бозғылт кызыл түсті. Ішастармен экстраперитонеалді жағдайда жауып орналаскан. Топографиялық орналасуына қарай: басы, денесі және құйрығы ажыратылады. -Ұйқыбездің басы, caput pancreatis, алдынан артына карай калындау орналаскан. Сонымен бірге басының алдыңғы, төменгі бетінде ілмектәрізді осінді, processus uncinatus, жэне басы мен денесінің шектескен жерінде тілігі incisura, орналаскан. Ұйқы бездің басында қосымша ұйқыбез түтіктері, ductus pancreaticus accessorius, қалыптасып, он екі елі ішектің кіші бүртігіне ашылады. -Денесі, corpus pancreatis, үшкырлы призматәрізді, ұйкыбездің алдыңғы беті, facies anterior, артқы беті, facies posterior, төменгі беті, facies inferior, ажыратылады. Сонымен бірге үш жиегі: жоғарғы жиегі, margo superior, алдыңғы жиегі, margo anterior, және төменгі жиегі, margo inferior, ажыратылады. -Кұйрығы, cauda pancreatis, басына караганда жоғары карай бағыт алып, көкбауырдың төменгі қапталында орналаскан. Ұйқыбездін құйрығы тұсынан ұйқыбездің негізгі түтігі, ductus pancreaticus, басталып, мүшенің денесі мен басына солдан онға карай өтіп, он екі елі ішектің үлкен бүртігіне жалпы от түтігімен қосылып, ашылады
Ұйқыбездің топографиясы: Ұйқыбез іш қуысының жоғарғы бөлігінде, ішастардың артында және кіндік пен сол кабырғаастылык аймаққа тұспалас орналаскан. Скелетопиясы: ұйқыбездің басы омыртка бағанасынын оң қапталында, I—III бел омырт-каларының аралығында орналаскан. Денесі I—бел омыртқаның тұсында, кұйрығы ХІ-ХІІ кеуде омырткаларынын түсында орналаскан. Синтопиясы: артқы беті төменгі қуыс венамен, v. cava inferior, және көкетпен шектескен; төменгі беті жоғарғы шажырқайлық артериямен, a. mesenterica superior, шектеседі.
Ұйқыбездің кұрылысы. Үйкыбез кұрылысы жағынан күрделі түгікті— ұяшыкты бездерге және ішкі секреция бездеріне жатады. Бойынан бөлініп шығатын сұйықтығының аткаратын қызметіне карай аралас бездерге жатады. Ұйқы бездің негізгі массасын ұйкыбездің бөлшегі кұрап, ол сыртқы секреторлық кызмет атқарады. (№69 сурет) Бөлшектерінің аралығындаұйкы бездің ішкі секреторлык, инкреторлық немесе эндокринді бөлігі «Лангерганс атты» ұйқыбездін «аралшық аппараты» орналасады. Аппараттың кұрамында төрт жасушаны ажыратады, олар кан мен лимфаға гормон бөледі.
Ұйкыбезі эндокринді және экзокринді бөліктерден тұрады. Ұйкыбезінін эндокринді бөлігі, pars endocrina pancreatis, панкреаттық аралшықтарды, insulae pancreaticae (Лангерганс аралшықтары) түзетін эпителиалді жасушалардың топтарынан түзілген, олар калған экзокринді бөліктен жұка дәнекер тінді қабықпен бөлінген. Панкреаттық аралшыктар ұйқы‘безінің барлык бөлімдерінде кездеседі, әсіресе, ұйқы безінің кұйрығы аймағында көп шоғырланған. Аралшықтардың көлемі 0,1-0,3мм, ал жалпы салмағы ұйқы безі салмағының1/100 бөлігін кұрайды. Панкреаттык аралшыктар ұйқы безінін экзокринді бөлігі сияқты алғашкы ішектің эпителиалді ұрығынан дамиды. а және (3-жасушалардан тұратын панкреаттык аралшыктар олардың айналасындағы кан тамырлар капиллярларымен қанмен қамтамасыз етіледі. Панкреаттык аралшыктар жасушаларынан бөлінетін гормондар: инсулин және глюкагон канға түсіп,көмірсулардың алмасуын реттеуге қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет