Анатомия – 120 ом


Тістер: сүт, тұрақты тістер, дамуы, олардың құрылысы, формуласы



бет100/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   142
Байланысты:
Анатомия

126.Тістер: сүт, тұрақты тістер, дамуы, олардың құрылысы, формуласы.

Тіс (dentes) ауыз қуысындағы үстіңгі және астынғы жақсүйектердің иектеріндегі тіс ұяларында орналасады. Тіс эмбрионының дамуы кезінде 7- аптадан бастап ауыз қуысының эпителий және дәнекер ұлпаларынан пайда болады. Тістің химиялық құрамы мен физикалық қасиеті сүйекке жақын. Тістің сүйектен айырмашылығы: тіс тозған сайын бірнеше рет ауысады, тіс сүйек тәрізді бұлшық етке жалғаспайды, тіс ұясына қазықша қадалып, қимылсыз орналасады.
Тістің негізгі қызметі: тістеп үзіп алу, қырқу, жырты, шайнау, езу, үгу, кеміру, сондай- ақ сөз сөйлеуге де қатынасады.
Сүт тістердің-dentes decidui, тұрақты тістерден айырмашылығы: жалпы саны-20, кіреукенің түсі көгілдір келген. Сырткы пішіні мен құрылысы жағынан тұрақты тістерден айырмашылығы жок. Көлемі тұрақты тістерге қарағанда екі есе кішілеу. Tie сауыты тіс түбіріне қарағанда үлкендеу, тіс түбірлері қысқалау келіп алшақтау орналасқан. Сүт тістердің шығу мерзімі жас нәрестелерде 5-7 ай шамасында шығып, 2-2,5 жас аралығында 20- тіске дейін толық шығып бітеді. Қалыпты жағдайда сүт тістердің шығу кезеңі жас нәрестелерде 6-7 ай мерзім кезінен басталып, 3 жас аралығында аяқталынады. Сүт тістердің шығу кезеңі: алдымен күрек тістер, одан әрі алдыңғы үлкен азу тістер, ит тістер, ең соңында екінші үлкен азу тістер шығады. Үш жастан бастап жеті жасқа дейінгі аралықта сүт тістер кездеседі. Бұл кезең «тыныштык кезеңі» деп аталынады. Сүт тістердің жалпы формуласы: Сүт тістерде: кіші азу тістер мен үлкен үшінші азу тістер болмайды. Сүт тістердің тұрақты тістерге алмасуы 7-8 жастан басталып, 17-21 'жаста аяқталынады. Үшінші үлкен азу тіс немесе ақыл тіс 17-26 жас аралығында қалыптасады. Тістер сыртқы пішіні мен түбірінің санына және атқаратын қызметіне карай бірнеше топ тістерге бөлінеді. 2012 2102 2012 2102.
Жоғарғы жаксүйек пен төменгі жақсүйектін тұрақты тістері тістердің ұяшыктық шүнкырларында екі катар симметриялық орналаскан 16-тістен тұрады. Тістердің әрбір қатары симметриялық орналаскан 2 күрек, 1 ит, 2 кіші азу тіс, 3 үлкен азу тістерден тұрады. Тістердің біржағындағы бөлігін санмен белгілейтін болсак: 2,1,2,3 деп белгілінеді, әрбір сан тістердің санын көрсетеді. Тістердің сан түрінде белгіленген түрі тістердің формуласы деп аталады. Ересек адамдардьщ тұрақты тістерінің жалпы формуласы былай белгіленеді: 3212, 2123, 3212, 2123. Тістердің бұл формуласында горизонталді сызыктың жоғарғы бөлігінде жоғарғы жақсүйектің тістері белгіленсе, төменде төменгі жақсүйектің тістері, оң және сол жақ болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет