Анатомия – 120 ом


Жіктелуі: Сүйектерді екі топқа бөлеміз: кеуде және бас сүйектері



бет2/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142
Байланысты:
Анатомия

Жіктелуі:
Сүйектерді екі топқа бөлеміз: кеуде және бас сүйектері. Кеуде сүйектері бөлінеді: түтік және кемік.Кемік сүйектер – тығыз заттың жұқа қабатымен жабылған кемік заттан тұрады.
Жілік сүйектер – кеуекті және тығыз заттан тұрады, майлы қуысы бар түтік сүйек. Тірек, қорғаныш, қлзғалыс функцияларын атқарады.
Ұзын сүйектерге – ossa longi – жатады: қар, білек, сан, балтыр сүйектері. Олардың іші қуыс болғандықтан «түтікше сүйектер» деп те атайды. Орталық бөлігі диафиз – diaphysis, қаңқаға жақын проксималды ұшы - epiphysis proximalis, қанқадан алыс дисталды эпифиз -epiphysis distalis. Диафиз бен эпифиз арасында метафиз – metaphysis болады.
Жалпақ сүйектер – ossa plana – сырты екі жағынан тығыз табақшаме – lamina externa жабылған. Жалпақ сүйектерге жатады: төс, жауырын, қабырға, бастың қақпақ сүйектері, жамбас сүйектері жатады.
Қысқа сүйектерге: білезік, омыртқа сүйектері жатады.
Аралас сүйектерге: бұғананы жатқызуға болады.
2.Мойын омыртқалары: құрылысы, айырмашылық ерекшеліктері.
Мойын омыртқасы – vertebrae servicalis – саны 7. Олардың көлемі салмақ түсуге байланысты жіңішкеден жуандай береді. Мойын омыртқалары: негізгі (С3-С7) және жалған (С1-С2)болып бөлінеді.
Құрылысы: 1 омыртқада – атлант – atlant – денесі жоқ. Алдыңғы және артқы доғадан – arcus anterior, posterior құралған. Алдыңғы доғада төмпешігі – tuberculum anterior орналасқан. Артқы омыртқа тесігіне қараған беті ойыстау, 2-ші омыртқаның тіс тәрізді өсіндісі беттесетін – буындық шұңқыршасы – fovea dentis орналасқан. Артқыдоғаның сыртқы бетінде артқы төмпешік – tuberculum posterior болады. Бүйір бөліктері – massa lateralis бар. Сонымен қатар жоғарғы буындық беті – facies articularis superior бар. Төменгі буын өсіндісі жоғарғы буын өсіндісіне қарағанда сақталған. Омыртқаның қабырғалық және көлденең өсіндісі бірігіп – көлденең өсіндінің тесігін – foramen processus transversus құрайды.
ІІ мойын омыртқасы, біліктік омыртқа – axis. Ол бірінші омыртқамен қосылып, бастың бұрылуына мүмкіндік жасайды. Ерекшеліктері: денесінің жоғарғы жағында тіс- dens орналасқан. Алдыңғы және артқы буындық беттері – facies articularis anterior et posterior ажыратамыз. Соныменбірге жоғарғы және төменгі буын өсінділері – processus articularis superior et posterior бар. Арқа өсіндісі – processus spinosus – ұзындау және ұшы екіге айырылған.
VII мойын омыртқасы, шығыңқы омыртқа– vertebrae prominens. Басымызды алға қарай иге кезде тері қатпарынан шығып көрініп тұрады.Денесі – corpus vertebrae –басқа мойын омыртқаларының денесіне қарағанда үлкенірек. Арқа өсіндісінің - processus spinosus – ұшы айырылмаған. Көлденең өсіндісі – processus transversus –ұзындау, оның тесігі - foramen processus transversus өте тар, кейде бітісіп орналасады. Практикалық маңызы зақымдалған омыртқа деңгейін анықтау үшін керек.
Қалған омыртқалар құрылысы бір-біріне ұқсас болып келеді.
Басқа омыртқалардан ерекшеліктері: көлемі кіші, көлденең өсіндісінде тесік болады, денесі басқалардан кішкене және сопақша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет