150.Оң және сол жақ өкпе түбінің анатомиясы және топографиясы.
Өкпенің топографиясы.
Өкпенің ұшы, apex pulmonis, алдынан қарағанда бұғана сүйегінен 2 см, бірінші қабырғадан 2-3 см жоғары орналасса, артқы жағы VII- мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне тұспалас орналасқан.
Оң өкпенің скелотопиясы:
Оң өкпенің алдынғы жиегі, margo anterior, оң өкпенің кабырғалық беті мен көкірекаралық бетінің бір-біріне ұласкан жерінде өткірлеу болып орналаскан. Ол оң өкпенің ұшынан төс-бұғана буынның, art. Sterno-clavicularis, артқы бетіне карай қиғаш өтіп, одан әрі вертикал бағытта орталык сызықтың, linea mediana, бойымен томен бағытта, оң VI-қабырға шеміршегінің тұсында оңөкпенің төменгі жиегіне жалғасады.
Оң өкпенің төменгі жиегі, margo inferior, оң өкпенің қабырғалық беті мен көкеттік бетінің өзара бір-бірімен беттескен жерінде өткірлеу келіп, жартылай шеңберлі горизонталді бағытта орналаскан.Ол,оң өкпенің алдыңғы жиегінің тікелей жалғасы, орталық сызықтың бойында, VI-қабырғаның шеміршектік бөлігімен қиылысқан жерінен басталып, төмен және латералді өтіп,алдыңғы колтықсызығында, linea axillaris anterior,VII- қабырғаны, ортаңғы қолтық сызығында,linea axillaris media,VIII-қабырғаны,артқы қолтық сызығында, linea axillaris posterior, IX- қабырғаны, жауырын сызығында, linea scapularis, X - қабырғаны кесіп өтіп, омыртқа жанындағы сызықта, linea paravertebralis, XI-қабырғанын тұсында оң өкпенін артқы жиегіне жалғасады.
Оң өкпенің арткы жиегі, margo posterior, оң өкпенің кабырғалық беті мен көкірекаралық бетінің түйіскен жерінде, оң ІІ-қабырға басының тұсынан ХІ-қабырғаның мойңына дейінгі аралықта вертикал бағытта орналасқан. Сол өкпенің скелетопиясы.
Сол өкпе жиегінің орналасу скелетотопиясы оң өкпенің скелетотопиясына ұқсас орналасқан.
Сол өкпенің алдыңғы жиегі,margo anterior,сол өкпе ұшынан төмен және медиалді төс-бұғана буынның, art.Sterno-clavicularis,артқы бетіне қарай өтеді.Одан әрі оң өкпенің алдыңғы жиегімен төмен параллель IV-қабырғаның шеміршектік бөлігіне дейін өтеді.Сол өкпенің алдыңғы жиегі IV-кабырғаның
тұсында,шұғыл сол жаққа қарай бұрылып,сол қабырғаның шеміршектік бөлігінің төменгі жиегін жанай горизонталді өтіп, сол төс жанындағы сызықта, linea parasternalis, төмен иіліп, жүректіктілікті, incisura cardiaca
құрап, VI-қабырғаның тұсында, сол өкпенің төменгі жиегіне жалғасады.
Сол өкпенің төменгі жиегі, margo inferior, оң өкпенің төменгі жиегінен айырмашылығы,бір қабырға төмен орналасқан.Омыртка жанындағы сызықта, linea paravertebralis, сол өкпенің артқы жиегіне жалғасады.
Екі өкпенің ұшы мен артқы беттері бір-біріне сәйкес орналасқан, алдыңғы жәнетөменгі бетгерінің сәйкес келмеуі оң мен сол өкпе көлемінің өзгешеліктеріне тікелей байланысты.