Анатомия – 120 ом


Несепқуық, топографиясы, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы



бет127/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   142
Байланысты:
Анатомия

160.Несепқуық, топографиясы, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы.
Несепуық, vesica urinaria seu cystis, дара куыс мүше яғни несептің жиналатын орны болып табылады. Несепқуык кіші жамбас қуысында, симфиздің артында орналаскан Несепқуықтың пішіні мен көлемі несептің жи- налуына байланысты өзгермелі. Несепкуық дөңгелек пішінді.Несепқуықтың ұшы алдыңғы жоғарғы бөлігі болып келсе ол алдыңғы іш қабырғасына бағытталған. Несепқуык ұшы кіндікке фиброзды жіпорталық кіндік байламы-Z/g. umbilicale medianum, ұрық несеп жолының калдығы тартылған. Қуыктың ұшы кеңейіп куық денесіне, corpus vesicae жалғасады. Қуық денесі артқа және төмен бағытталып, куық түбіне, fundus vesicae, жалғасады. Несепқуықтың төменгі бөлігі кұйғыштәрізді тарылған және ол несеп шығаратын өзекке жалғасады. Қуық мойны, cervix vesicae, деп аталады. Несепкуық мойнының төменгі бөлімінде несеп шығаратын өзектің тесігі, ostium urethrae internum, орналасқан. Несепқуыктың алдыңғы беті касаға симфизіне қараған. Ерлерде несепкуыктың арткы беті тік ішекпен, шәует қуықшаларымен және шәует шығаратын түтік ампуласымен, ал түбі қуык асты безбен шектеседі. Әйелдерде несепкуықтың арткы беті жатыр мойнының алдыңғы қабырғасымен және қынаппен, ал түбі болса несеп жыныс диафрагмасымен шектеседі. Несепқуық несеппен толған жағдайда ішастармен үш жағынан, мезоперитонеалді, ал бос кезінде ретроперитонеалді жабылған. Ішастар несепкуыкты жоғарыдан, бүйірінен және артынан жауып, ерлерде тік ішекке әйелдерде қуықжатыр ұңғылы өтеді. Несепқуык кіші жамбас астау кабырғасына бекиді, тұспалас мүшелермен фиброзды жіп арқылы байланысқан. Қуықтың қабырғалары: шырышты, шырышасты негізі, бұлшыкеттік, дәнекер тінді немесе жок. Шырышты қабығының ішкі беті қызыл сұрғылт түсті,шырышасты негізінің жақсы дамуына байланысты бос кезінде қатпарлар түзеді, толған кезде қатпарлар жазылады.Несепқуық түбінің алдыңғы бөлігінің шырышты қабығында несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі, несепқуық үшбұрышының артқы шекарасының жиегінде 2 несепағар тесіктері,ostium ureterus (dextrum et sinistrum) орналасқан.Шырышасты негізі,tela submucosa несепқуық қабырғасында жақсы дамыған.Соның нәтижесінде шырышты қабық қатпарларға жинала алады.Несепқуық үшбұрышында шырышасты негіз жоқ. Бұлшықеттік қабығы, tunica muscularis, бірыңғай салалы үш қабаттан тұрады. Сыртқы және ішкі қабаттары бойлық, ортаңғысы оте жақсы дамыған дөңгеленген қабат. Қуықтың сыртқы бетінде сірлі қабық жоқ жерде, Сырткы қабығы адвентиция.Несепқуықтың денесі мен ұшы кіндік артерияның тармақтары- жоғарғы қуык артериялары, аа. vesicates superiores, қуықтүбі мен бүйір қабырғасын ішкі мықын артерияның тармақтары-томенгі қуық артериясы, а. vesicalis inferior, қанмен қамтамасыз етеліп отырады. Жастық ерекшелігі;Несепқуық нәрестеде ұршық пішінді,бір жастағы балаларда алмұрт тәрізді,8-12 жұмыртқа тәрізді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет