Анатомия – 120 ом


Төс,жауырын, бұғана құрылысы



бет6/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142
Байланысты:
Анатомия

7.Төс,жауырын, бұғана құрылысы.


Төс сүйегі — sternum, өз алдына дара, сырт қы пішіні қанжарға үқсаған, жалпақ және ұзындау келген. Кеуде торының алдыңғы қа- бырғасын құрауға қатысады. Төс сүйегі үш бөліктен: тұтқасынан — manubrium sterni, дене- сінен — corpus sterni, және семсерлік үшынан — processus xiphoideus, түрады. Олар бір- бірімен өзара шеміршектік ткандар арқылы бай-ланысқан .
1. Төс сүйегінің тұтқасы —manubrium, төс сүйегі бөліктерінің ішіндегі көлемді бөлік. Жоғарғы бөлігі қалындау, төменгі бөлігі жұқалау, енсіз болып келген. Жоғарғы жиегінде саусақпен сипағанда айқын байқалатын мойындырық тілігі — incisura jugularis, бүйір қапталында бұғана сүйегінің төстік ұшымен беттесіп, буын құрайтын бұғаналық тілігі — incisura clavicularis, орналасқан. Бүйір қапталында I қабырғаның шеміршектік ткані арқылы байланысқан қабырғалық тілігі — incisura costalis, орналасқан. Одан төменірек II қабырғаның тілігі incisura costalis II, орналасқан.
2. Төс сүйегінің денесі — corpus sterni, ол бұл сүйекті тұтқасына қарағанда үш есе ұзындау және енсіз келген. Әйел адамдарға қарағанда ер адамдарда қысқалау болып келген. Төс сүйегінің денесі тұтқасы мен шеміршек ткандар арқылы байланысып, дөңес жағы алдына қараған төс сүйегінің бұрышын — angulus sterni, құрайды. Денесінің алдыңғы бетінде, эмбрионалдық даму кезінде, денесін құраушы сегменттердің дара шеміршектік ткандар арқылы, одан кейінгідаму кезеңдерде сүйектік ткандар арқылы бітісіп, көзге әлсін байқалатын көлденең сызық шалары — һпвае transversus, айқын байқалады.
Төс сүйегі денесінің бүйір қапталында, екінші қабырғадан жетінші қабырғаға дейінгі аралықта қабырғалардың шеміршектік ұшымен беттесіп, буын құрайтын 4 жұп толық, 2 жүп жартылай қабырғалық тіліктер — incisura costales, орналасқан. Жартылай тіліктің бірі 1- қабырғаның шеміршектік ұшымен беттесіп буын құраса, екінші жарты тілік VII қабырғның шеміршектік ұшымен беттесіп, буын құрау қызметін атқарады. Қалған 4 жұп толық тіліктер II- VI қабырғалардың шеміршектікұшымен беттесіп буын құрайды.
3. Төс сүйегінің семсерлік ұшы — processus xiphoideus, бұл сүйектің басқа бөліктеріне қарағанда қысқалау, сыртқы пішіні өзгермелі болып келген. Эмбрионалдық даму өзгермелі келеді. Кейбір кезеңде, N ұшы айырылып, ортасында тесігі, ұштары алға немесе артқа қарай ауытқып орналасуы байқалады. Бүйір қапталында VII қабырғаның шеміршектік ұшымен беттесіп, буын құрайтын тілігі орналасқан. Төс сүйегінің семсерлік ұшы 17-18 жасқа дейін шеміршектік тканнан, одан әрі сүйектік ткандар арқылы бітісіп, біртұтас төс сүйегін құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет