Анатомия – 120 ом


Ми сауыты негізінің ішкі беткейі, тесіктері, маңызы



бет27/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   142
23. Ми сауыты негізінің ішкі беткейі, тесіктері, маңызы.
Бассүйектің негізінің ішкі немесе ми сауытына қараған беті – basis cranii interna – ойыстау және бұдырлы болып келеді. Ми сауытының бұл беті мидың төменгі беті мен тікелей беттесіп орналасқандықтан, ол ми сауытының алдыңғы - fossa cranii anterior, ортаңғы - fossa cranii media және артқы шұңқырына - fossa cranii posterior бөлінеді.
Бас сүйек шұңқыры - fossa cranii. Бас сүйектің алдыңғы - fossa cranii anterior, артқы шұңқырын - fossa cranii posterior ажыратылады.
Бас сүйектің алдыңғы шұңқыры fossa cranii anterior. Бас сүйектің ортаңғы шұңғырқырымен - fossa cranii media, сына тәрізді сүйектің кіші қанатымен - alla minoris, ер тоқым төмпешігімен toberculum sellae шектелген.Тесіктелген табақшаның ортасында crista galli әтеш қырқасы орналасқан, оның алдында соқыр тесік foramen ceaccum және маңдайлық қырқа crista frontalis бар.
Бас сүйектің артқы шұңқыры - fossa cranii posterior. Ең терең шұңқыр. Шүйде сүйекте басым бөлігі орналасқан. Самай сүйектің емізік тәрізді өсіндісі os temporale processus mostoideus жіне пирамида артқы беті facies posterior partis petrosae, сына тәрізі сүйек денесінің артқы беті corpus ossis sphenoidalis posterior, төбе сүйектің емізіктік бұрышы os temporale mostoideum кіреді. Шұңқырлардың алдында үлкен тесік foramen magnum, оның алдында ылди clivus, шүйденің ішкі қырқасы eminentia cruciformis. Мойындырық тесіктен медиалды тіл асты жүйке өзегінің,canalis higoglassi тесігі орналасқан 12 жұп жүйке өтеді .
Бас сүйектің ортаңғы шұңқыры - fossa cranni media бас сүйектің артқы шұңқырынан самай сүйек пирамидасының жоғары жиегімен жіне түрік ер тоқымының арақашығымен бөлінген. Ортағы бөлігінде гипофиз шұңқыры fossa hypophisialis орналасқан. Сына тәрізді сүйек денесінде латералды бетінде ұйқы жүлгесі sulgus caroticus, жыртық тесік foramen lecrum, самай үсті пирамидасының үстінде орналасқан. Жыртық тесік арқылы ішкі ұйқы артериясы, үлкен және кіші тастық жүлгелер өтеді. Сына сүйектің үлкен және кіші қанаттарның арасында көз ұясының жоғары саңылауы fissure orbitalis superior орналасқан. Көз ұясының жоғары саңылауының артында жоғары жақ сүйек жүйкесі үшкіл жүйке тармағы өтетін дөңгелек тесік foramen rotundum және маңында сопақша тесік foramen ovale орналсқан. Сына тәрізді сүйектің үлкен қанатының артқы жиегінде қылғанды тесік foramen spinosum орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет