Анатомия – 120 ом


Көзжас сүйегі, os lacrimale



бет32/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   142
Көзжас сүйегі, os lacrimale, көз шарасының медиальды қабырғасының алдыңғы қапталында орналасқан жұп сүйектерден тұрады. Сыртқы пішіні төрт қырлы болып келген. Бұлсүйектіңтөрт қыры және екі бетіажыратылады. Қырлары:
1) Жоғарғы қыры: маңдай сүйектің көз бөлігі мен маңдай-көзжастық жіктер, sutura frontolacrimalis, арқылы шектеседі.
2) Артқы қыры: тор сүйектіңлабиринтінің көз шарасына қараған табақшасы мен торсүйектік көзжас жігі, sutura ethmoidolacrimalis, арқылы шектелген. 3) Төменгі қыры: жоғарғы жақ сүйегінің кез шарасына қараган беті мен көзжас-жоғарғы жақтық жік, sutura lacrimomaxillaris, арқылы шектеседі.
4) Алдыңғы қыры: жоғарғы жақ сүйегінің маңдайлық өсіндісі мен көзжас-жоғарғы жақтық жігі, sutura lacrimomaxillaris, арқылы шектеседі.
Тіласты сүйегі, os hyoideum, сыртқы пішіні таға тәрізденіп, мойын аумағына төменгі жақпен көмекейдің аралығында орналасқан. Арық адамдарды сипап қарағанда, айқын байқалатын дара сүйек.Топографиялық орналасуына қарай: денесінен үлкен кіші мүйізшелерінен тұрады. 1. Тіласты сүйегі денесі, corpus h yoideum 2. Үлкен мүйізшесі, соти majus 3. Кіші мүйізі, cornu minus.
28.Төменгі мұрын қалқаны, желбезек.
Төменгі мұрын қалқаны concha nasalis inferior жұп сүйектердің қатарына жатады. Үш өсіндісі денесі,төрт қыры,үш қесіндісі арқылы ажыратылады.
Алдыңғы қыры. жоғары жақсүйектің мұрын қылқанының қырқасы crista conchalis пен байланысыды.
Артқы қыры: таңдай сүйектің перпендикулярлы табақшасының мұрын қуысына қараған бетіндегі мұрын қырқасымен байланысыды.
Төменгі қыры латералді бағытта бүктеліп орналақан.
Жоғары қырында :тор сүйектік,қөз жастық және жоғары жақсүйектік өсінділері орналасқан.
1.Көзжастық өсіндісі,processus lacrimalis көз жас сүйегімен өзара байланысқан
2.Жоғары жақсүйектік өсіндісі processus maxillaris төменгі кеуілжір сүйегінің қойнауындағы тесігін сәл жауып орналасқан
3.Торлысүйектік өсіндісі processus ethmoidalis тор сүйектің өзара ілмегін байланыстыру қызметін атқарады

Желбезек vomer мұрының сүйек қалқасының артқы-төменгі бөлігін құрайтын тақ сүйек. Желбезектің төрт қыры бар.
1.Жоғағы қыры : Сына –тәрізді сүйектің тұмсығын rostum sphenoidale және сына желбезек жік sutura sphenovomeris арқылы жалғасады.Желбезек жүлгесі sulcus vomeris оның жұп желбезек қанаттары alla vomeris құрайды.
2.Артқы жағы хоана тесігінің хоандық қырқасын сrista conchalis құрайды
3.Алдыңғы қыры тор сүйектің перпендикулярлық табақшасымен жалғасады
4.Төменгі қыры жоғары жақ сүйегі мен таңдай сүйектің мұрын қуысының қырқасымен жалғасады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет