Анатомия – 120 ом



бет11/143
Дата25.09.2024
өлшемі0,91 Mb.
#145656
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   143
Байланысты:
Анатомия – 120 ом-emirsaba.org

Бұршақтәрізді сүйек – os pisiforme – ең ұсақ сүйек, буындасуға қатыспайды.
Жарты ай тәрізді сүйек – os lunatum қайықша тәрізді сүйектің ішкі бетінде орналасады. Проксимальді буын беті жуындау, кәрі жіліктің төменгі бетіндегі беттерімен буындасады. Дистальді беті ойыстау болады. Латеральді бөлігінде басты сүйектің басымен буындасады.


Ілмек сүйек – os hamate –екінші қатардағы білезік сүйектірінің соңында тұрады.латеральді бетінде ілмек тәрізді өсінді орналасқандықтан, солай аталады. Проксимальді бөлігі жуандаған, жарты ай тәрізді сүйекпен буындасады. Латеральдық беті – басты сүйекпен, медиальді беті – үшжақты сүйекпен буындасады. Дистальді беті 4,5 сүйектермен екі буын құрады.

Алақан сүйектері – ossa metacarpalia –қысқарған, қатар тұрған I-V түтікті сүйектерден тұрады. Сүйектерінің әрқайсысының білезік сүйектеріне қараған жуан ұшы, денесі, домалақ дистальді ұшы бар. Жуан ұшы буын арқылы білезік сүйектермен, домалақ ұшы саусақ сүйектерімен тұтасады. Алақан сүйектердің дистальді ұштары шар тәрізді буын басынан – caput metacarpalis тұрады.
Денесінің – corpus metacarpalis 3 беті: артқы, бүйір кәрі жілік жағы мен шынтақ жілік жағындағы беттері бар. Медиальді бету латеральді бетінен қырқамен бөлінген. Қырқа бойында қоректік тесік – foramen nutriucium орналасқан. 2-5 алақан сүйектерінің денесінде дистальді бағытталған. І алақан сүйегінің проксимальді ұшы – basis metacarpalis үлкендеу болып келеді. ІІІ алақан сүйегінің негізінің сыртқы бетінде біз тәрізді өсінді – processus styloideusболады.


Саусақ бунақтары – ossa digitorum phalangis –сыртқы пішіні қысқа түтік тәрізді 5 сүйек. І саусақта проксимальді және дистальді қатарлары бар, ал ІІ-V саусақтарды 3 қатары бар. Проксимальді, аралық, дистальді. Алақан сүйектері сияқты денесінен - corpus, проксимальді және дистальді ұштарынан тұрады.
Проксимальді негізі – basis phalangis – жуандау болып келеді. Проксимальді саусақтардың негізі алақан сүйектермен буындасады. Аралық және дистальді саусақтардың негізі өзара буындасады. Буын құрайтын басы – caput phalangis. Дистальді ұштары болашақ тырнақтың бұдырын – tuberiositos phalangis distalisқұрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет