67.ИЫҚ БЕЛДЕУІНІҢ БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІ,ҚЫЗМЕТІ. Иық белдеуінің бұлшық еттері иықты қоршай орналасып,оны қимыл қозғалысқа келтіріп отырады.Оларға мына бұлшықеттер жатады.
1. қылқан үстілік бұлшықет
2. қылқан астылық бұлшықет
3. дельта тәрізді бұлшықет
4. жұмыр кіші бұлшықет
5. жұмыр үлкен бұлшықет
6. жауырынастылық бұлшықет.
1. m.supraspinatus-қылқан үстілік бұлшықет. Ол жауырынның қылқан үсті шұңқырынан → тоқпан жіліктің үлкен төмпешігіне дейін. Негізгі қызметі иықты әкетеді және тайып кетуден сақтайды.
2. m.infraspinatus-қылқан астылық бұлшықет. fossa infraspinata, басталып → тоқпан жіліктің үлкен төмпешігіне дейін. Негізгі қызметі иықты сыртқа қарай айналдыру.
3. m .deltoideus-дельта тәрізді ,иыққа пішін беріп тұратын бұлшықет.Ол жауырынның қырқасынан басталып, tuberositas deltoidea humeri ге барып бекиді. Иықты бүгу,жазу және әкету қызиетін атқарады.
4. m. teres minor-жұмыр кіші бұлшықет. Жауырынның латеральді қырынан басталады және тоқпан жіліктің үлкен төмпешігіне бекиді.Иықты сыртқа қарай айналдырады.
5. m .teres major-жұмыр үлкен бұлшықет. Жауырынның төменгі бұрышының артқы бетінен басталады да тоқпан жіліктің кіші төмпешігіне барып бекиді.Иықты артқа тартады,тұлғаға қарай жақындатады.
6. m.subscapularis- жауырын астылық бұлшықет.Ол жауырын астылық ойыстан басталып ьоқпан жіліктің кіші төмпешігіне бекиді.Иық буынын ішке қарата бұрады.
Осы иық белдеуінің бұлшықеттері иықты ғана қозғалтып қоймай,сонымен қатар қолды қимылдатуға да қатысады.
68.ИЫҚТЫҢ БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІ МЕН ФАСЦИЯЛАРЫ,ҚЫЗМЕТІ.
КӘРІЖІЛІК-НЕРВ ӨЗЕГІ,ШЕКАРАЛАРЫ,ҚҰРАМЫ. Иық белдеуінің бұлшық еттері иықты қоршай орналасып,оны қимыл қозғалысқа келтіріп отырады. Жалпы иықтың алдыңғы топ бүгуші және артқы топ жазушы бұлшық еттері ажыратылады. Алдыңғы бүгуші бүлшық еттерге:
1. Құстұмсық бұлшықет латынша m.coracobrachialis Басталуы жауырынның құстұмсық өсіндісі. Ал бекуі иықтың кіші төмпешігінің қырқасына дейін. Бұл бұлшықет жиырылғанда иық көтеруге қатысады.
2. иық бұлшықеті латынша атауы m.brachialis.Басталуы тоқпан жіліктің алдыңғы бетінен басталып,шынтақ сүйектің буындарына бекиді.Шынтақ буынын бүгеді.
3. иықтың екі басты бұлшықеті латынша m. biceps brachii болады. Аты айтып тұрғандай бұл бұлшықеттің екі басы болады қысқа және ұзын.Қысқасы жауырынның құстұмсық өсіндісінен,ал ұзыны жауырынның буын үстілік төмпешігінен басталып,екі басы бір-бірімен қосылады да шыбық сүйектің төмпешігіне бекиді.Негізгі қызметі иық пен шынтақ буынын бүгіп,ішке қарай айналдыру
Иықтың артқы топ жазушы бұлшықетіне иықтың үш басты және шынтақ бұлшықеттері жатады.
1. m. triceps brachii,иықтың үш басты бұлшықеті – атына сәйкес үш басы болғандықтан оның латералды, медиалды және ұзын бастары ажыратылады.Бұл бұлшықет жиырылғанда қолды иық және шынтақ буынын жазады.
2. m. аnconeus,шынтақ бұлшықеті- үшбұрышты бұлшықет. Ол тоқпан жіліктің латералды айдаршық үстілік өсіндісінен, epicondylus lateralis, басталып, шынтақ жіліктік өсіндінің артқы бетіне барып бекиді.Шынтақ буынын жазуға қатысады.