106.Ми сыңарының жоғарғы-латералді бетінің жүлгелері және қатпарлары. Маңдай үлесінде- lobus frontalis.
1) жүлгелер:
Sulcus precentralis superior - жоғары орталықалды жүлге.
Sulcus precentralis inferior -төменгі орталықалды жүлге .
Sulcus frontalis superior – маңдайдың жоғары жүлгесі
Sulcus frontalis inferior- маңдайдың төменгі жүлгесі
2) Қатпарлар:
Gyrus precentralis- қозғалыс орталығы.
Gyrus frontalis superior- мінез құлықтық реакцияларға жауапты;
Gyrus frontalis medius- Белгілерді жазуға жауапты орталық;
Gyrus frontalis inferior – түсінікті және дұрыс сөйлеуге жауапты орталық.
Төбе жүлгелері - lobus parietalis
1)жүлгелері:
Sulcus postcentralis -орталықартқы жүлге
Sulcus intraparietalis – төбеішішілік жүлге
2) қатпарлары:
Gyrus postcentralis – жалпы сезімді қабылдайтын орталық. (ауырсыну, температура және т.б.)
Lobulus parietalis superior – sulcus intraparietalis- тен жоғары орналасқан; сипап сезу орталығы.
Lobulus parietalis inferior – sulcus intaparietalis- тен төмен орналасқан; екі қосымша қатпары бар:
А) Gyrus supramarginalis- sulcus lateralis- тің артқы шетін көмкеріп жатады. Қимыл- қозғалыстарды жиі қайталау нәтижесінен пайда болатын үйреншікті қимыл-қозғалыс орталығы.
Б) Gyrus angularis- sulcus temporalis superior- тің артқы шетін көмкереді; әріп тану мен оқу орталығы.
Самай үлесі lobus temporalis.
1) жүлгелер
Sulcus temporalis superior
Sulcus temporalis inferior
2) қатпарлар
Gyrus temporalis superior – есту қыртысының орталығы.
Gyrus temporalis medius – вестибулярлық қызмет.
Gyrus temporalis inferior – вестибулярлық қызмет.
Шүйде үлесі lobus occipitalis.
1)жүлгелер
Sulci occipitales superiors
Sulci occipitales lateralis
2)қатпарлар
Gyri occipitales superiors et lateralis , sulcus calcarinus -ты шектейтін қыртысында көру анализаторының орталығы орналасқан.
Аралшық insula немесе Relii аралшықтары:
Аралшық латериальды жүлгенің түбінде тығылып орналасқан. Оны көру үшін sulcus laterialis- ті кесіп алып тастау қажет немесе қайыру жеткілікті.